Ақпараттық қауіпсіздік

22 сәуір 2016 - Маржангүл Өкей
Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қазір Қазақстандағы қазақ тілді БАҚ қолданыстағы БАҚ жалпы санының тек 19 пайызын құрайды екен. Ал елдегі қазақтардың қазіргі салыстырмасы 70 пайызға жуықтайды. Бұл деген сөз Қазақ елінде отырып қазақ тіліндегі ақпаратпен тыныстамаған елдің рухы мен ойы осы елді жаулап отырған ақпарат беруші басқа пиғылдағы топтардың жетегінде кетеді деген сөз. Осыған қарап-ақ, ақпараттық қауіпсіздіктің Қазақстанда қандай өреде екенін білуге болады.

      Арақашықтық, шекара деген бөгеттерді білмейтін, көпшіліктің қолдануына өте ыңғайлы дүиежүзілік ғаламтор? Интернет — әлемдік мәселелерді шешуде БАҚ-тың рөлін бұрынғыдан да көтеріп жіберді. Мұндай жағдайда, кез-келген мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті өзінің шекарасының қауіпсіздігінен кем көрмеуі қажет.

       Ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің егемендігінің аса маңызды элементінің бірі болып саналады.

 

Міне осыдан кейін барып ақпараттық қауіпсіздік деген не?

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бар ма? деген сұрақтар туындап отыр.

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) — саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік.

Тұтастық — ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.

Жасырындылық — заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған.

Заңмен қорғалатын құпиялар:

— Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы;

— Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;
— Бала асырап алу құпиясы;
— Медициналық құпия;
— Коммерциялық және қызметтік құпия;
— Банктік құпия;
— Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік ақпарат;
— Тергеу және алдын ала тергеудің құпиялары;
— Адвокаттық және нотариаттық құпия;

Мемлекеттік құпиялар:

— Әскери саладағы кейбір мәліметтер;
— Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;
— Сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық саладағы кейбір мәліметтер;
— Жедел іздестіру және қарауыл қызметі саласындағы кейбір мәліметтер;

Мұрағаттық ақпарат

— Ашық пайдаланатын, мемелекеттік мұражайда болатын, мұрағаттық ақпарат
— Белгіленген категориядағы жеке және заңды тұлғалар үшін анықталған құжаттарды пайдаланудың шектелуі
— Меншік құқығы сақталатын және тек меншік иесінің келісімімен ғана анықталатын мұрағаттық ақпаратты пайдалану

Адамзат адамдардың, қоғамның және мемлекеттің өміріне ықпал ететін, басты факторлардың біріне айналған ақпараттық саланың тез дамуын сипаттайтын түбегейлі әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да өзгерістер кезеңіне қадам басты.
         Әлемнің жетекші мемлекеттері жаңа технологияларға, жаңа әдістер мен жаңа ұстанымдарға негізделген ақпараттық қоғамның дәуіріне енді немесе оны құру процесінде тұр. Сайып келгенде оларды пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, мемлекеттілікті нығайтудың жаңа болмысына ықпал етуі тиіс.

          Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру процестерінің жедел дамуы, оның ішінде «электрондық үкіметті» озық дамыту нәтижесінде Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құру үшін басты алғышарттар қалыптасты. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылғы электрондық үкімет технологияларын пайдалануға елдердің дайындығы рейтингінің деректеріне сәйкес Қазақстан 192 елдің ішінде 46-орынды (2008 жылы 81-орын) иеленді.
          Сонымен бірге, жоғарыда аталған процестердің дамуы елдің ақпараттық қауіпсіздігінің қазіргі проблемалары мен қатерлерінің күшеюіне және жаңаларының туындауына әкеледі.
Мемлекетаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық бәсекелестіктің пәрменді тетігі ретінде пайдалану үрдісі қарқын алып келеді. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық өктемдіктің түрлі құралдарын пайдалану ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси қақтығыстарды шешудің ажырамас құралына айналды.

Әлемнің жетекші елдері өз қарулы күштері құрамында ақпараттық әскерлер құрды және оларды белсенді пайдалану ниеттерін жасырмайды       Ақпараттық қылмыстың (киберқылмыстың), оның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтар қызметінің таралуы айтарлықтай проблеманы құрайды.

Киберқылмыстардың ерекшелігі олардың аса жасырын болуы.

Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) — ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі.

      Ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашық болуына және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде телевизияның және интернет-ресурстардың (пошта қызметтері, әлеуметтік желілер, блогтар мен бейнепорталдар) танымалдығына байланысты халықтың қоғамдық санасына ақпараттық әсер етудің нақты қаупі пайда болып отыр.

      Қоғамдық сана — қоғамдық тұрмысты бейнелейтін және оған әсер ететін сезімдер, көңіл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмірі.  Жалпы құқықтық және ақпараттық мәдениеттің, оның ішінде қазақстандық қоғамда киберкеңістікті қауіпсіз пайдалану дағдыларының салыстырмалы түрде төмен деңгейі белгілі бір қатер тудырады.
      «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздік ұзақ мерзімдік басымдық болып белгіленген, ал ақпараттық қауіпсіздік? оның құрамдас бір бөлшегі. Осы құжатқа сәйкес, бұқаралық ақпарат және насихат құралдарындағы «қоғамдық сананы қалыптастыру жүйесі» (өмірге түсінігі, саяси көзқарасы, рухани құндылығы және басқалар) мемлекет алдына тұрған қатерлердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы қоғам мен мемлекеттiң ақпараттық саладағы мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында 2011 жылы 14 қыркүйекте әзірленді.
Тұжырымдама «Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының негiзгi ережелерiне сай келедi, мұнда ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiндегi ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ұзақ мерзiмдi негiзгi басымдықтардың бiрi болып айқындалған.
       Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қазiргi халықаралық тәжiрибе, атап айтқанда АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Ресейдің, Үндiстанның, Эстонияның тәжiрибесi есекерiлдi.

       Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығындағы көшбасшылық ететiн талдау компанияларының бiрi IDC компаниясының деректерiне сәйкес АТ-мамандар саны 2010 жылы Қазақстанда 100 мың тұрғынға 113 адамды құрады, бұл Малайзияға қарағанда 12 есе және АҚШ-пен салыстырғанда 29 есе төмен.
Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесi бойынша мыналарға қол жеткiзiлетiн болады:
1) ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды дамыту;
2) санкцияланбаған қол жеткiзуге, ақпаратты жоғалтуға немесе бұрмалауға әкелетiн оқиғаларға жол бермеу қамтамасыз етiлетiн болады;
3) ақпараттық қауiпсiздiк талаптары бойынша мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi жыл сайын 100% аттестаттау қамтамасыз етiлетiн болады;
4) тұтынушылардың отандық ақпараттық өнiмге деген сұраныс деңгейi 2012 жылы — 35%, 2013 жылы — 40%, 2014 жылы — 45%, 2015 жылы — 50%, 2016 жылы — 55% құрайды;
5) БАҚ-тағы отандық контент үлесiн 50% деңгейде ұстап тұратын болады;
6) Интернет желiсiне қолжетiмдiлiгi бар азаматтардың үлесi ұлғаяды, ол 2012 жылы — 34,6%, 2013 жылы — 35,2%, 2014 жылы — 35,8%, 2015 жылы — 36%, 2016 жылы — 36,6% құрайды;
7) ақпараттық қауiпсiздiк проблемасынан ақпараттық жүйелердегi iркiлiстi жоюды қамтамасыз ету деңгейi 2016 жылға қарай 20 минутқа дейiн қысқартылады;
8) отандық компьютерлiк жабдықтардың, жинақтаушы, оқшау (перифериялық) құрылғылардың және бағдарламалық өнiмдердiң өндiрiсi қамтамасыз етiледi;
9) өнеркәсiп орындарының инновациялық белсендiлiк деңгейi жоғарылайды;
10) ақпараттық саланы, оның iшiнде халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде реттейтiн нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрiледi;
11) ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласында кадрмен қамтамасыз ету жүйесi жетiлдiрiледi.
        Жаһандық ақпараттық инфрақұрылымды пайдалану, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды террористiк және басқа да қылмыстар мақсатында пайдаланудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және салдарын жою саласындағы Қазақстан Республикасының және шет елдердiң құқық қорғау органдарының арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдiру саласында мемлекетаралық қатынастарды реттейтiн халықаралық құқықтық нормаларды әзiрлеу осы саладағы стандарттар мен сертификаттаудың ұлттық жүйесiн халықаралық жүйемен үндестiру талап етiледi.

Қорытынды:

      ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы – ақпарат. Ал ақпарат таратуда теледидар, газет-журналмен қатар ғаламтордың үлес салмағы артып келеді. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен өзгерісіне тигізер әсері мол. Осы тұста азаматтардың ақпараттық сауатты болуы маңызды және де  кез-келген мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті өзінің шекарасының қауіпсіздігінен кем көрмеуі қажет. Ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің егемендігінің аса маңызды элементінің бірі болып саналатының әр азамат әрдайым есте сақтаған жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

         1. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Ақпараттық қауіпсіздік.

         2. «Қазақ үні» газеті, 6 сәуір 2011 жыл. Ғаламторға қамалған жастар.

         3. Интернет беттеріне шолу

4. «Дала мен қала»  08.11.2008 ж

6. Азаттық радиосы

7.Фабрика новостей   қараша 2010 жылы

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115519

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 23 сәуір 2016 в 09:29 0
Ақпараттық қауіпсіздік туралы бірталай нәрседен хабардар болдым. Баяндамаңыз үшін рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар