Циклдік алгоритмдер

1 маусым 2015 - Жанат Қуатбаева

Сабақтың тақырыбы : Циклдік алгоритмдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға циклдік алгоритмдер туралы түсінік беріп, циклдік алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту.

Тәрбиелік: өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, жұмыс дәптері, оқулық, таратпа карточкалар.

Пән аралық байланыс: тарих

«Біле бер, қанша білсең, — тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле».

Жүсіп Баласағұн

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».

Шоқан Уәлиханов

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

·Оқушылармен сәлемдесу,

·оқушыларды түгелдеу,

·сыныптың тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.

·оқушыларды топқа бөлу

Сабақтың кезеңдері:

üҮй тапсырмасын тексеру

ü«Білгенге не жетсін» Жаңа сабақты түсіндіру.

üСергіту сәті :“Көзге арналған жаттығулар”

üТапсырмаларды орындау.

ü«Кім жылдам?»

1.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Алгоритм деген не? Т

2.Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Ә

3.Блок сызбадағы фигуралар бір-бірімен не арқылы байланысады? У

4.Алгоримнің неше түрі бар? Қандай? Е

5.Тармақталған алгоритмдегі кілттік сөздерді ата? Л

6.Алгоритмнің берілу формаларын атаңдар С

7.Блок сызбада тармақталған алгоритмнің

шарты қандай фигураға жазылады? І

8.Алгоритм орындаушысы деген не?.. З

9.Сызықтық алгоритм деген не? Д

10.Тармақталған алгоритмнің неше формасы бар? І

11.Алгоритм басы мен соңы блок сызбада қандай фигураға жаз-ды? К

12. Блок сызбада алгоритмнің іс -әрекеті қандай фигураға жазылады?

Осы сұрақтардың артында сәйкес әріптер бар. Сол әріптерден сөз шығару керек, яғны «Тәуелсіздік» сөзі шығады.

2. «Білгенге не жетсін?» жаңа сабақты түсіндіру

§11. Циклдік алгоритмдер

Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.

Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі (цикл денесі) циклдер деп аталады.

Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін қүрыңдар.

Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.

Қызыл асық табылғанша берілген мысалдағы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.

Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп

атайды.

Блок-сызбада циклдік алгоритм шарты алтыбұрышты фигураға жазылады. Шарт циклдік алгоритмнің басында немесе соңында келуі мүмкін.

<img width="«492»" height="«577»" src="«file:///C:/Users/F7F2~1/AppData/Local/Temp/msohtml1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="_x0000_i1025">

3.«Көзге арналған жаттығулар» сергіту сәті

-Балалар сендер көзге арналған әр түрлі жаттығуларды білесіңдер, соны еске түсіріп көрейік.

4. Тапсырмаларды орындау

Тапсырма – 1

Әр топқа зат беріледі. Сол заттан циклдік алгоритмге мысал келтіріп,

блок-сызбасын құру керек.

Тапсырма-2

20 санына келтірілген алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

5-ті қос

Нәтижені 2-ге көбейт

Алдыңғы бұйрықты 2 рет орында

Алынған нәтижені 10-ға бөл

Егер алынған нәтиже 130 дан кіші болса, онда 5-ті алып таста

Нәтижені шығар

Соңы

20+5=25, 25*2=50*2=100*2=200/10=20<130, 20-5=15 Жауабы 15

2-топ

Тапсырма-2

10 санына келтірілген алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

5-ті қос

Нәтижені 2-ге көбейт

Алдыңғы бұйрықты 2 рет орында

Алынған нәтижені 3-ке бөл

Егер алынған нәтиже 130 дан кіші болса, онда 5-ті алып таста

Нәтижені шығар

Соңы

10+5=15*2=30*2=60*2=120/3=40<130, 40-5=35 Жауабы 35

5. «Кім жылдам?» ойыны

1. Б.з. 3 мың жыл бұрын адамдар есептеу үшін нені пайдаланған? Жіп, тас, таяқ

2. Римдік есептеу құралы- абак

2. Қытайлық есептеу құрылғысы – Суан-пан

3. Жапондықтарда осы құрылғы не деп аталған? Соробан

4. XV ғасырда пайда болған санау құралы қалай аталады? Шот

5. Блез Паскаль нені ойлап шығарды? Паскалина

6. 1673 жылы Г.В.Лейбниц құрастырған машина қалай аталады? Ариф/қ машина

7. Аналитикалық машина жобасын жасаған кім? Чарльз Беббидж

8. Ең алғашқы компьютер «Эниак»(ENIAC) қай жылы, қайда жасалды?.. 1946ж АҚШ-та

9. Алғашқы программалаушы кім? Ада Лавлейс

10. Джон фон Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ қалай аталады? Ашық сәулет

6. Үйге тапсырма беру: § 11. Циклдік алгоритмдер.

7. Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083515

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 24 маусым 2015 в 22:59 0
Ойлау дәрежесін арттыруға, ұшқырлыққа жетелейді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар