Блокнот және Калькулятор

29 мамыр 2015 - Жанат Қуатбаева

Сыныбы: 5«Ә»

Пәні: Информатика Уақыты: 1705

Тақырыбы: Блокнот және Калькулятор

Сабақтың мақсаты

Білімділік:оқушыларға стандарттық бағдарлама құрамындағы блокнот және калькулятормен таныстыру, жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Оқыту әдісі:түсіндірмелі‑демонстрациялық, тәжірибелік, ойын

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:презентация, бейне баян, қима қағаздар

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Бейне сұрақ арқылы

2. «Адасқан сөйлем»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Сергіту сәті

V. Бекіту кезеңі

VІ. Қорытындылау кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Төле би


І. Ұйымдастыру /1 мин/

ØОқушылармен сәлемдесу;

ØОқушыларды түгендеу;

ØСабаққа назарларын аудару;

ØСыныпты екі топқа бөлу;

1-ші топ. «Калькулятор»

2-ші топ. «Блокнот»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Бейне сұрақ арқылы

1.WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

2.Суретті мәтінге қосудың қандай тәсілдері бар?

3.WORDPAD-та сызғыш не үшін керек?

4.Абзацты пішімдеудің қандай негізгі параметрлері бар?

    Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін ата? PAINT –та салған суретті мәтіндік құжатқа көшіргеннен соң оны өзгертуге бола ма?

2. «Адасқан сөйлем»

1. Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2. Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі –

Табуляция.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауғаарналған ең қарапайым программа.

Оның ерекшелігі ­– онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мұмкіндігі қарастырылмаған.

Блокноттың қызметі — мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы — ол өте жылдам жүктеледі.

Калькулятор стандарттық программа – сандық ақпараты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі. Калькуляор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады. Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады. Сандық мәндерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

Дәптермен және кітаппен жұмыс «Түйін»

Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауғаарналған ең қарапайым программа.

Калькулятор стандарттық программа – сандық ақпараты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.

ІV. Сергіту сәті.

V. Бекіту кезеңі

№1 Оқушылар тапсырманы таратпа қағаз арқылы бөліп алып, компьютерде орындау


    19,5 9. 263 144 10. 114 453 11. 42 183 12. 1016 100 13. 222 49 14. 416 443 15 3 43 33 16. — 46
    Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең? Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

VІ. Қорытындылау кезеңі

    Мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым құрал? Блокнот Сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі? Калькулятор Жеңіл, оңай есептеулерді қай режимде жүргізуге болады? қарапайым Цифрлық қосымшаны қай перненің көмегімен енгіземіз? Num Lock Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы? жылдам жүктеледі Қай редакторда әріпті және абзацты пішімдеу қарастырылмаған? Блокнот Калькулятордың қандай түрлері бар? Қарапайым және инженерлік Блокнотты қалай іске қосамыз? Пуск-все программы –стандартные- Блокнот Калькуляторды қалай іске қосамыз? Пуск-все программы –стандартные-Калькулятор Блокнот пен Калькулятордан басқа қандай стандартты бағдарламаларды білесіңдер? WordPad, Paint Блокнот бағдарламасы қандай мақсатта қолданылады? Өте маңызды деректерді сақтау үшін Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма? Ия

VІІ. Кері байланыс

VI. Үй тапсырмасын беру /1 мин/

§27. Блокнот және Калькулятор, бақылау сұрақтарына дайындалып келу

VII. Оқушыларды бағалау /1 мин/

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072379

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар