Басқару элементтері 10 сынып

2 ақпан 2015 - Гульпан Маманова
Басқару элементтері 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Басқару элементтері: ListBox, ComboBox, Horizontal Scroll Bar, Vertical

Scroll Bar, Timer, Shape. Міндеттері, қасиеттер, оқиғалар, әдістер.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды басқару элементтерімен таныстыра отырып, олардың

міндеттерін, қасиеттерін түсіндіру;

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау

Көрнекілігі: компьютер, кесте-плакат

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жалпылай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ListBox Тізім басқару элементі ListBox батырмасымен жасалады және мәндер тізімін бейнелеу үшін қолданылады. Пайдаланушы тізімде кейін бағдарлама мәтінінде қолданылатын бір немесе бірнеше мәндер таңдай алады.Тізімнің ең жиі қолданылатын қасиеттерін атап өтсек:

Listindex, ListCouns, TopIndex, Enabled, Text, List, List, MultiSelect, SelCount, Slected, Columns, Sorted, Style

Тізімнің ең жиі қолданылатын әдістері:

Clear, Removeitem, Additem

ComboBox Аралас өріс басқару элементі ComboBox батырмасымен жасалады да, мәндер тізімін сақтау үшін қолданылады. Ол өз бойында ListBox тізімінің және TextBox енгізу өрісінің қызметтік мүмкіндіктерін үйлестіреді. ListBox — тан ерекшелігі ComboBox -те тізімнің тек қана бір элементі бейнеленеді. Оған қоса, мұнда тізімнің бірнеше элементін ерекшелеу режимі жоқ, бірақ ол мәнді TextBox басқару элементі сияқты енгізу өрісі арқылы енгізе алады.

ComboBox объектінің ListIndex, Listcount, Enabled, List сияқты қасиеттері және Clear Removeltem және AddItem әдістері ListBox тізімінің сәйкес әдістеріне ұқсас. Әрине, style қасиеті тізімдікінен басқа түрлер береді, себебі бұл әртүрлі басқару элементтері. Қасиеті: style

Айналдыру жолағы басқару элементі HScrollBar көлденең және VScrollBar тік батырмаларымен жасалады. Айналдыру жолақтары Windows қолданбаларында жиі қолданылады, мысалы Word мәтіндік процессорында құжатты жоғары-төмен немесе оңға-солға айналдыру үшін. Мұндайда айналдыру үшін жүгірткі аталатын кішкентай төртбұрыш қолданылады. Жүгіткіні жылдытқанда біз айналдыру жолағының мәндерін, тиісінше жолақтың өзі қисынды бекітілген объектінің де мәнін өзгертеміз. Айналдыру жолақтарының екі мәні болады: минимальды және максимальды. Жүгірткі мәндерді осы ауқымнан қайтарады. Bisual Basic-тегі HScrollBar VScrollBar құрамдас басқару элементтері тек бүтін кері емес мәндерді қабылдай алады.

Қасиеттері:

Value – Айналдыру жолағының ағымдағы мәнін қайтарады немесе орнатады.

Min – айналдыру жолағының минимальды мәнін қайтарады немес орнатады.

Max – Айналдыру жолағының максимальды мәнін қайтарады немесе орнатады.

Smallchange – Жүгірткі мен айналдыру жолағы жебелерінің бірін шерткендегі мәннің өзгерту қадамын қайтарады немесе орнатады.

LargeChange – Жүгірткі мен айналдыру жолағының жебелерінің бірі арасын шерткендегі мәннің өзгерту қадамын қайтарады немесе орнатады.

Enabled – Пайдаланушы айналдыру жолағының мәнін өзгерте ала ма, соңғы анықтайтын логикалық қасиет.

Visible – Бағдарлама орындалу кезінде айналдыру жолағы бейнелене ме, соны айқындайтын логикалық қасиет.

<img width="«22»" height="«27»" src="«file:///C:/Users/7272~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="«Рисунок_x0020_1»">— Timer компоненті қосымша орындалғанда көзге көрінбей іс — әрекеттердің белгілі бір уақытта орындалуын қамтамасыз ететін компонент. Сондай-ақ бұл компоненттердің көмегімен қосымшаларда ағымдағы уақыт пен мерзімді көрсетуге болады.

Timer объектісінің негізгі қасиеттері:

Interval – уақыт-өлшеуіш орнату объектісінің қанша уақыттан кейін іске қосылуын анықтайтын шама (мс)

Enabled — ажырату

IV. Бекіту

Практикалық тапсырма

Кесте-плакат бойынша жұмыс

V. Қорытынды

1. ListBox Тізім басқару элементі формаға не үшін қолданылады?

2. ComboBox басқару элементінің қызметі қандай?

3. Айналдыру жолақтарының қасиеттері қандай?

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келуге.

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141943

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар