Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

24 наурыз 2014 - Жанка

Сабақ жоспар                                                                       Бекітемін:

                                                                                                Оқу ісінің меңгерушісі: ____________Б.Таңатаров

                                                                                                       «_____»___________2014 оқу жылы

 

Пән мұғалімі

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сынып

Күні

Абыласова Улзира Хайытбаевна

Үшінші (базалық)  деңгейлік курсын бітірген

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ақжігіт орта метебі» ММ

Информатика

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Өздік жұмыс

        6

         14.03.14

Сілтеме

Bilimdiler.kz, kze.docdat.com,  itlearn.kz

 

Ресурс

Слайдтар, видеопроектор, жұмыс дәптері, Винн диаграммасы, бағалау бетшесі, БҮҮ стратегиясы

 

Жалпы мақсаттары

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету

 

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, геометриялық фигура атымен топқа бөліну (үшбұрыш, шеңбер)

Өздерін тарыстыру 3-4 минут

 

Оқыту нәтижесі

1.      MS Word мәтіндік редакторына енгізуге болатын объектілерді

2.      WordArt-пен жұмыс жасап үйрену

3.      Автофигураны пайдаланып сурет салу

 

Негізгі идеялар

Суретті кірістіру, WordArt, автофигураны пайдаланып көркемдеп жазу жолдарын меңгертуге ықпал ету

 

Оқыту формасы

1.      СТО  (Жіңішке сұрақтар, РАФТ әдісі, Винн диаграммасы)

2.      АКТ (Слайдтар)

3.      Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Топқа бөліну)

4.      Бағалау (Формативті. «Екі жұлдыз, бір тілек»)

 

Пән аралық байланыс

Ағылшын, орыс тілдері, қазақ әдебиеті, геометрия

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

 

 

 

«Кім жылдам?»  6 минут

(Батырмалардың суреті бар кеспе қағаздарын тартып беремін) Батырмаларды айтып береді.

Компьютермен жұмыс

 

Сөзжұмбақ шешу. 5 минут

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

-Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Графикалық объектілерді кірістіру.....»

ДЖИГСО әдісі. Топтар берілген тапсырманы бірлесе орындайды (Постер қорғайды) 7-минут

 

Өзіндік жұмыс 5 минут

Шеңбер тобына

Тапсырма №1
1. Жаңа құжат құрыңыз. Clip Gallery программасының Табиғат бөліміндегі өзіңізге ұнаған объектіні мәтін ішіне енгізіңіз.
2. М.Мақатаевтың “Нені аңсаймын?” өлеңінің бірінші шумағын жазыңыз

Нені аңсаймын?..

Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,

Неге аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын

Ұл де мейлің, адасқан құл де, мейлің,

Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!


Үшбұрыш тобына

Тапсырма №2
1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап,

«Наурыз, қош келдің!» тақырыбын жазыңыз.
2. Автофигураның бірін пайдаланып тақырыпқа байланысты сурет салыңыз

 

Сергіту сәті

 

Лото ойыны. Жіңішке сұрақтарға «иә», «жоқ» 5 минут

1.      MS Word редакторына обьектілерді (сурет, диаграмма т.б) енгізуге болады

2.      Пуск-Стандартные-MS Word  іске қосу жолы дұрыс па?

3.      WordArt-ты іске қосу үшін Кірістіру-Сурет-WordArt  

4.      Кез келген терезені жабу үшін _ барып шертеміз

5.      Автофигура ішінде әртүрлі геометриялық фигуралар орналасады

 

Жұмыс дәптеріндегі №4 тапсырманы толтырыңыз 3 минут

№4 тапсырма. Кестенің ішін толтырыңыз.

Батырманың аты

Қызметі

 

WordArt

 

 

Әртүрлі пішінде әсемдеп жазу

 

Автофигура

 

 

Әртүрлі фигураларды пайдаланып, сурет немесе кескін салу

 

 

Тапсырма. 1-топ RAFT стратегиясы,

Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады.

Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат

туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Мысалы: Мен Автофигурамын.

Мендегі түрлі фигураларды пайдалып әдемі суреттер салады,

Мысалы, көңіл күйді білдіретін смайлыктерді ……..

2-топ Винн диаграммасы. (Топтар өздеріне берілген тапсырманы орындайды) 5 минут

 

Тест тапсырмасы 3 минут

1.      MS Word редакторын іске қосудың неше жолы бар?

а) 1       б) 2     в) 3

      2. Пішімдеу қатары нешінші қатарда орналасқан?

а) 1       б) 2     в) 3

3. Кірістіру-Сурет-Автофигуралар командасын орындағанда

       а) сурет          б) автофигура                в) WordArt

4. WordArtобъектісін енгізу

а) Кірістіру-Сурет-WordArt

б) Кірістіру-Сурет-Автофигура

в) Кірістіру-Сурет-Файлдан

5. Суретті кірістіру

а) Кірістіру-Сурет- WordArt

б) Кірістіру-Сурет-Автофигура

в) Кірістіру-Сурет-Файлдан

 

Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау. Формативті 2 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әр оқушы кеспе қағаздарына бүгінгі сабақта не ұнады-2, 1- тілек жазу.

 

Кезекті оқу

MS Word тақырыбына мәнжазба жазып келу. Сөзжұмбақ жасап келу

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084923

Пікірлер (2)
ЗАФАР # 7 сәуір 2015 в 12:48 0
Сабақ құрылы және түзілуіөте жақсы деңгейде. бұл сабақты мен өтіп көрдім оқушыларға ұнаған жерлері өте көп тапсырмалардан құралғандығы болды.
Масакова Самал Алипбаевна # 11 шілде 2015 в 21:36 0
бұл сабақты толық қалай көруге болады?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар