Енгізу- шығару операторы

12 қыркүйек 2014 - Админ

Сабақ жоспары. (Lesson studu№1 ) 7- сынып информатика пәні.

15- ақпан 2014ж

1

Сабақтың тақырыбы

Енгізу- шығару операторы

2

Сілтеме:

Электронды оқулық, оқулық, компьютер, «Информатика негіздері» журнал2013ж №6, жұмыс парағы. «Оқушы анықтамасы»

7-11сыныптар.2007ж

3

Жалпы мақсаты

А)Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, Паскаль тілінде ендіру- шығару операторын үйрету

Ә)Жеке жұмыс жүргізіп, сабақта қалыс қалған оқушыны анықтап, оқушылар өзін- өзі реттеуді үйрену.

Б) ой- өрісін дамыту

4

Күтілетін нәтижелер

А) Оқушылардың сабақ үстінде берілген тапсырмаларды уақыты орындап, компьютермен еркін жұмыс жасауды біледі.

Ә) Бір- біріне қамқорлық, ынтымақтастықта болады.

Б) Сабақ нәтижесінде баланың ой- өрісі дамиды.

5

Негізгі идеялар

Сабақта оқушылар Паскаль тілінде программа құрып ендіру- шығару операторының қызметімен танысып бағдарлама құруды үйренеді. Компьютерде еркін жұмыс жасауға үйренеді. АКТ пайдаланып, электронды оқулықтағы модульдік тапсырмалар орындайды.

6

Оқыту әдіс тәсілдері.

Сұрақ- жауап, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, жұмыс парағы, тест

7

Ресурстар:

Түрлі түсті лента, жұмыс парағы, АТК

8

Дерек көздері

Интернет, компьютер, мұғалімдерге арналған нұсқаулық,

«Оқушы анықтамасы» 7-11 сыныпқа арналған. Тест жинақтары

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі.

Сергіту сәті.

Жеке оқушымен жұмыс

2 минут

«Мен саған, сен маған» оқушылардың бір- біріне сұрақ- жауабы.

2

3

Электронды оқулықпен жұмыс.

Үй тапсырмасын сұрау.

3 минут.

WINDOWS меңгеру. Модульдік тапсырманы орындау.

10минут

Turbo Pascal тілінде қызметші сөздер мен стандартты функциялар.

Оқушыларға жұмыс парағы беріледі.

1-есеп

Y=√x²+1-√5X-1 / 6X өрнегінің мәнін табу.

    1.Паскаль тілінде программа құру.

    2.Блок- схемасын сызу.

    3. Компьютерде есепті жазу.

4

Оқушыларды деңгейге бөлу

2 минут

Есепті шығаруын бақылаушы топ тексеру.

А деңгейлі оқушы – 3 тапсырманы толық орындағандар( көк түс лента)

Б деңгейлі оқушы – 2 тапсырма орындағандар (сары түс лента)

С деңгейлі оқушы – 1 тапсырманы орындағандар(ақ түс лента)

5

Жаңа сабақ меңгеру.

Енгзу- шығару операторы

10 минут Жаңа сабақ. Ендіру- шығару операторы

Паскаль тілі блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерден тұрады. Блоктың тақырыбы әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы қажет. Программа тақырыбы program сөзінен және программаның атауынан тұрады. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады. Ол BEGIN түйінді сөзімен басталып, END сөзімен аяқталады.

Енгізу операторы есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді пернетақтадан енгізу үшін қолданылады.

Жазылу үлгісі:

READ(X);

READLN (X);

Паскал тілінде енгізу- шығару операторлары процедура болып анықталады. Шығару операторлары есептің нәтижесін қағазға басып алу үшін қолданылады.

Жазылу үлгісі:

WRITE(S);

WRITELN(Y,Z);

Оператордан кейін жақша ішіне айнымалылар аттары жазылады. WRITE- операторының аты, ағылшынша «жазу» деген ұғымды білдіреді.

6

Амалдарды орындау тәртібі

Өзің орында!

3 минут.

Арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі математикалық орындау тәртібіне сәйкес келеді.

Көбейту -*; бөлу — /; қосу- +; азайту — ;

sin x-sin(x); cos x- cos(x); εª- exp (a); X²-sqr(X);

√x- SQRT(x); │x│- abs (x)

7

Компьютермен жұмыс

10 минут

Оқушылар Турбо Паскалда программаны компьютерде орындайды.

program bastau;

const pi=3714;

var r,l:real;

begin readln®;

L:=2*pi*r;

writeln (‘L=’,L);

end.

8

Сабақты бекіту

«Қас- қағым сәт».

Сұрақтарға жылдам жауап беру

    4-минут

    1.Енгізу операторы қалай белгілейміз?

    2.Шығару операторы қалай белгілейміз?

    3.Дискідегі бұрыннан бар файлды ашу үшін қандай команда қолданылады?

    4.Нақты санды қалай белгілейміз?

    5.Әрбір опеартордан кейін не қойылады?

    6.Паскаль тілінің авторы кім?

    7.Бүтін санды қалай белгілейміз?

9

Үй жұмысы.

    1-минут

    Ензізу- шығару операторы. Екі нақты сан берілген –а, в

    екі санның көбейтіндісін табу. Паскаль тілінде программа құру.

Рефлексия

    1.Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?

    2.Бүгінгі сабақта не қиын болды?

    3.Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

Мұғалімнің кері байланысы

Оқыту нәтижесі.

Не сәтті болды?

Не сәтсіз болды?

Нені өзгертіп дамытар едім?

Информатика пән мұғалімі: Ж. Опашова

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110029

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар