Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының

7 ақпан 2014 - Аймуха
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының

№1 сабақ

     Сыныбы:6А,Ә, Б, В, Г, Д               Күні:04.09.2013                        Мүғалімі: Калылаева А

Сабақтың  тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының

       ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы   

       дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып

жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет

ережелерімен  таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:

1.    Оқушыларды ұйымдастыру

2.    Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.    Сабақты бекіту

4.    Үйге тапсырма

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасыныңережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

1.    Жалпы

2.    ДК-де жұмысты бастау алдында

3.    Жұмыс істеу кезінде

4.    Авариялық жағдайларда

5.    Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1.    Мұғалімніңрұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдіңайырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2.    Мұғалімніңрұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3.    ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

4.    Корпусы мен сымдарыныңбүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым  салынады.

5.    Үстелге, ДК-діңжанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

6.    Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

7.    Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңныңкөңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

 

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1.ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2.Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1.ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық — 50 см.

2.Келушілер кіргенде окушынардыңорнынан тұруыныңқажеті жоқ.

3.Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.

4.Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналықкөмек көрсету әдістерін,өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5.Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

6.ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

1.Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

2.Жұмыс орнынретке келтіру керек.

3.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.

 

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК  КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

1.Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);

2.Зақымданған адамды электр тогыныңәсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағыматериалдарды пайдаланып босату;

3.Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабыныңауырлығына байланысты көмек
көрсету;

4.Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).

 

Күйгенде көмек керсету:

1.Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

2.Күйген жеріне май жағу (винилин);

3.Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

4.Дәрігер шақыру (мектептіңмедпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі токтағанда көмек көрсету:

1.Зақымданған адамды тілініңаузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;

2.Дәрігер шақыру (мектептіңмедпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).

3.Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан-ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

 

1-жаттығу

-      Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

-      Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

-  Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

Көздерінді талдырмандар.

-  Алысқа қадалын қарандар.

3-жаттығу

-  Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

-  Алысқа қадалын қарандар.

4-жаттығу

Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.

-  Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

-  Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

-  Алысқа қадалып қараңцар.

6-жаттығу

-  Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздеріңтүскен нүктені белгілеңдер.

-  Алысқа қадалып караңдар.

7-жаттығу

-                     Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 4-5 беттердегі тапсырмаларды орынау.

 


Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115464

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар