Информатика апталығы

2015/16 оқу жылының 15-20 ақпан  аралығында өткен информатика апталығында жүргізілген жұмыстарға

АНЫҚТАМА

Информатика пәнінің мұғалімі: Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №79 негізгі мектеп

 

  Информатика пәні бойынша 5-9 сынып аралығында «информатика» апталығы жоспар бойынша өткізілді.

   15 ақпанда «Мен компьютерді білемін» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары  аралығында сайыс өтті.   Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілген материалдың өмірмен байланысын ашу. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу. Жоспар бойынша  1.    «ия және жоқ» бөлімі  2.    Қызықты сұрақтар 3.    Құпия суреттер  4.    Қиял әлемі (шығармашылық жұмыс) әр бөлімде дұрыс жауап үшін оқушылар 10 ұпайдан алып отырды. Сайыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Өтебай Балайым 220 ұпай, Мұратбек Абдулхамит 210 ұпай  және Ибашева Назерке 180 ұпай. Жеңімпаз оқушылар марапатталды. 

   16 ақпанда  7-8 сынып оқушыларымен «Ақпараттық әлемінде» сайыс өтті. Мақсаты:  Оқушылардың  жыл басынан бергі меңгерген білімдерін тиянақтау. оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сайыс барысында  оқушылар түс ерекшелігіне байланысты ақпараттың өлшем  бірліктерін таба білді. 8 бит = 1 байт, 1024 байт = 1Кбайт, 1024Кбайт= 1Мбайт, 1024 Мбайт = 1Гбайт. Тігінен және көлденең нүктелер санын көбейтіп, оны ақпараттың өлшем бірліктеріне айналдырды. 640 * 350 = 224 000 бит: 8 = 28 000 байт: 1024 = 27,3 Кб 640 * 350 * 4 = 896 000 бит: 8 = 112 000 байт: 1024 = 109, 3 Кб. Домино ойынының тапсырмалар интерактивті тақтамен орындалды.  Сайыс барысында екі сыныпта тең түсті. Оқушылар марапатталды.

  17 ақпанда 8-9 сынып оқушылар арасында үздік презентациялар көрінісі өтті. Бұл көрініс алда келе жатқан «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбында болды. Сынып оқушылар жақсы дайындықпен келген жасаған презентацияларын таныстыра отырып алынған суреттер мен материалдарды қайдан алғандығын, қалай жасағандықтарын түсіндіріп өтті. Оқушылардың жасаған жұмыстары арқылы РowerPoint бағдарламасын сауатты пайдалана алатындықтарын байқауға болады.

   18 ақпанда 5-6 сынып оқушылары арасында «Суретшілер» сайысы өтті.  Оқушылар түрлі тақырыпта сурет салып шығармашылықтарын байқатты. Атап айтар болсақ 5 сыныпта Өтебай Балайымның 8 наурыз мерекесіне арналған ашық хаты өте жақсы деп марапатталды. Жұмабек Жеткерген табиғат көрінісінде барлық бояу, түрлі геометриялық фигураларды пайдаланып келтірген. 6 сыныпта Өтебай Нұрбек «Астана» тақырыбында сурет салса, Тұрмахан Мөлдір «Менің ауылым» тақырыбында сурет салып салған суреттері марапатталды.

 19 ақпанда 7 сыныпта «Көңілділер мен тапқыштар» сайысы өтті.  Сайыстың мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру. Жоспар І. Бөлім: Әр топ өздерін таныстырып, газеттерін қорғайды. ІІ. Бөлім: “Кім жүйрік” ойыны. (Теориялық сұрақтарға жауап беру). ІІІ. Бөлім: “Қылқалам сыры” (Paint-та тез әрі дұрыс сурет салу). ІV. Бөлім: “Түсін мені” (Суретке қарап жауап беру). Сынып екі командаға бөлініп  “Принтер”, “Жүйелік блок” болып жұмыс жасады.                               

   20 ақпанда 8-9 сынып оқушылармен «Жас информатиктер» сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу, оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой – өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру. Жоспары: 1. Бәйге жарысы 2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот) 3. «Жүйрік болсаң, озып көр» 4. Қандай құрылғы? 5. Суреттер сөйлейді (Компьютерде сурет салу) 6. Кім жылдам (кроссворд шешу) 7. Жұмбақтар, ребустар шешу (Екі топ бір — біріне жасырады) 8. Сөз тапқанға қолқа жоқ. (Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады). Сайыс барысында  оқушылар әр тапсырманы жұпқа бөлініп жұмыс жасады. Үздік деп танылған 8-9 сынып оқушылары Б. Пақтаев, О. Төлепберген марапатталды.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1109986

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар