Информатика ғасыр талабы

31 наурыз 2014 - Айжан Сыздыкова

Сайыс: «Информатика – ғасыр талабы»

Тақырыбы:«Информатика – ғасыр талабы»
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.

Сайыстың өту барысы:


Жүргізуші:

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі  «Информатика – ғасыр талабы» ойынына қош келіпсіздер!

Бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады.І-ші топ. «Бірлік»  тобы       ІІ-ші топ «Достық» тобы

Жүргізуші:

Әділдікпен баға бере сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.-деп

Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасы

1.
2.

Жүргізуші

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші,

заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Әр топ өздерін таныстырып кетсің.

І-ші топ. «Бірлік»  тобы
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемі:Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

ІІ-ші топ «Достық» тобы
Ұраны
:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Жүргізуші:  

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе тапсырмаларды орындайық.

 1 Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.

«Бірлік»  тобы
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….)

«Достық» тобы
2.
БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)

2. Тапсырма. СӨЗЖҰМБАҚ

Екі топ өздері дайындап келген  сөзжұмбақтарын қарсыластарына беріп шешеді.
1 – жүргізуші

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын. -деп

3.Тапсырма.  Балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында жазылған жұмбақтарды шешу керек.
1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені                                (кактус)
2. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер                     (бит)
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады                        (меңзер)
4. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді?                    (сканер)
5. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.                     (тышқан)
6. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Оны есепке алсаң,
Ұзын саны 107                  (пернелік тақта)
7. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның.
Бар екен 12 ағайынды,
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің,
Тек қана F (эф) әрпінен басталады             (функционалдық пернелер)
8. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.                   (бос орын пернесі)

Жүргізуші

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма  болсын –деп

4.ТапсырмаИнформатика пәніне байланысты сөздерді табуымыз керек:
1. «Бірлік»  тобы ПРОГРАММАЛГРНЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛЫКОНСТРУКТОР
2. «Достық» тобы АЛГОРИТМДГРПНЕАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ

5.Тапсырма. Капитандар сайысы.

1.       Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:
«Бірлік»  тобы
О Р Я Д   (ЯДРО)  I W D W O S N ( WINDOWS)
Т ЕФИЙНЕСP (ИНТЕРФЕЙС) R M D D O V  ( DVD ROM)

«Достық» тобы

 В Р Д Й А Е Р  (ДРАЙВЕР)    F O I F E C   (OFFICE)
Р И П Р Н Е Т   (ПРИНТЕР)    S H C O L O    (SCHOOL)

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 – ұпай шәкірт саған несібе – дей отырып капитандар сайысының 2 тапсырмасы  «Қанша тілді білесің?» Сайыс шарты бойынша команда капитандары жасырылған сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға – 30 ұпай, қазақша-орысшасын айтқан капитанға – 20 ұпай, тек қазақшасын айтса онда 10 ұпай беріледі.
1. Windows операциялық жүйе компьютерге жүйтелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе (жұмыс столы, Рабочий стол, Desktop).
2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (Қайтару пернесі, Клавиша возврата, Backspace)
3. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (Тышқан, мышь, mouse)
5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)

6. Тапсырма. Көңілді жас ақындар сайысы (4 ұпай)
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, – демекші

«Көңілді жас ақындар» сайысын бастайық. Бұл сайыстың шарты: командаларға 6 сөз беріледі, осы сөздерден өлең құрастырып шығаруларыңыз керек.

Компьютер, керемет, тамсандыру, хабар, адам, алыстан.

Көрермендермен жұмбақ шешу.

Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шықырайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.

(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.

 

Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072339

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар