Информатика әлемі

Тақырыбы: «Қызықты информатика» сайысы.

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім каумын құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру, толықтыру;

— Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту;

— Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу.

1-жүргізуші

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға  

Барлық әлем жаңалығын тастайды

2-жүргізуші

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамды

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы

1-жүргізуші

Армысыздар, бүгінгі сайысқа келген информатиканы сүюші қауым!

Бүгінгі біздің «Қызықты информатика» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Бүгінгі сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ 4 оқушыдан кұралу керек!

1-жүгізуші

Ендігі сайысымыз келесі турлардан тұрады:

1.     Таныстыру /топты таныстыру/

2.     Үй тапсырмасы /ақпараттық презентация/

3.     Кім жүйрік? /сұрақтарға жауап беру/

4.     Полиглот /жұмбақтарды шешу/

5.     Бағдарламалаушылар әлемі /Паскаль тілінде есептерді шығару/

6.     Кімге бұйырады  /Көрермендер біз қойған сұрақтарға жауап беру/

7.     Техника әлемі /Көрініс көрсету/

8.     Ақпараттар әлемі бойынша

2-жүргізуші

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Озат жан екеніңді тағы таныт,

Информатика әлеміне аяқ басып,

Компьютер тілінде біз жарысалық.  

Сайысымыздың І туры «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады.

/Таныстыру/

Шыңғыс сен білесің бе? Алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 кг болған екен.

-Асем ал ол ұялы телефон қай елде шығарылған?

-Әрине, білемін ен алғашында /Нью Иоркта/ шығарылған ғой, 4 жылдан кейін Чикагода шығарылған сол уақыттан бері қазіргі заманда әр түрлі үлгілері шығып, қолданылып келе жатыр

1-жүргізуші

ІІ турымыз Үй тапсырмасын бастаймыз.Ол сайыс ақпараттық презентация деп аталады. Әр топ өздерінің жасап келген презентацияларын ұсынады.

/Слайд ұсынады/

2-жүргізуші

Информатика  пәнінің бұл  сұрағы,

Білгір шәкірт  алға  озып  шығады.

Дұрыс  жауап  нақты  тауып  айтсаңыз,

Жанғаны  онда  тобыңыздың шырағы.

1-жүргізуші:

Келесі турымыз «Кім жүйрік?»  деп аталады.Осы берілген  ұяшықтарды  таңдау  арқылы топ ойыншылары сұрақтарға  жауап  береді.

1-жүргізуші

Үштұғырлы тіл / Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Олар /қазақ т-мемлекеттік тіл, орыс т-ұлт аралық қарым-қатынас тілі, ағылшын т-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі/

2-жүргізуші

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Бұл бөлімнің шарты слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол топқа есептеледі.

 Шыңғыс саған қызықты мәлімет айтсам бола ма?

Білесің бе? Ең алғаш кім интернетті ойлап тапқанын

— Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

-Тим Бернес Ли

-Рақмет, сенің арқанда білетын болдым

Асем ал сен білесін бе? WIFI-ді кім шығарғанын?

-Жоқ, білмеппін, ол кім екен?

-Ол ағылшын ғалымы ВИК ХЕЙЗ екен

2-жүргізуші

Келесі турымыздың атауы /Бағдарламалаушылар әлемі/ берілген есептерді Паскаль программалау тілінде программасын құрып, шығару керек.

1-жүргізуші

Мәңгілікке есте қалар,

Қызықты бұл жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын

Біздің катысушыларымыз есеп шығарып болғанша, көрермендерге сұрақ қояйық.

2-жүргізуші

Әрбір дұрыс  жауап өз сыныбынын тобына ұпай қосады /1дұрыс жауап берген сынып-10ұпай иеленеді/

2-жүргізуші

Компьютер-сенің көмекшін

Қаламын, әрі қағазын!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Келесі турымыздың атауы Техника әлемі /Көрініс көрсету/

1-жүргізуші

Ақпараттану күнбе – күн

Өрге басып келеді

Таппай іздеп жүргенін

Компьютерге енеді

Келесі турымыздың атауы Ақпараттар әлемі. Бұл турда  

Интернеттің пайдасын

Интернеттің зиянын

Интернетті немен алмастыруға болады?

Егер мен бағдарламалаушы болсам… атты тақырыптар беріледі. Таңдалған тақырыптар бойынша топ басшылары  өз ойын жеткізулері қажет.

2-жүргізуші:

Топ басшылары Тақырыптарыңызды барып алсаңыздар.

1-жүргізуші

Мынау ұшқыр заманда,

Жаңалық енді ғаламға.

Компьютер тілін меңгеру,

Қажеті туды адамға

2-жүргізуші

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрермендерге,

Мың рахмет, мың рахмет!-дей отырып,  сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз. 

Қазылар алқасы қорытынды шығарып болғанша ақпараттық перезентацияларды тамашалайық.

 

Қажетті материалдар:

1.    У= (x2 + b) (a3+cos(x)) + b2

2.    Үшбұрыштың ауданын табатын программа құрыңдар.

 

1.    Y=5x2 / (1+2sin2x)

2.    Шеңбердің радиусын табатын программа

 

1.    Y= ׀x׀ / (y-a)+a3

2.    Ньютонның екінші заңын есептейтін программа құрыңдар

 

1.    Y=1.5x2/ (a+x3)* ׀ab׀

2.    Ток күшін есептейтін программа құрыңдар

****

Информатика сөзінде қанша бит бар?

Сервер деген не?

Экранның бетін суретке түсіру үшін қандай перне қолданалады?

F1 -  F12 пернелері қалай аталады?

Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін ата.

Информатика сөзін латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

****

Интернеттің пайдасы

Интернеттің зияны

Интернетті  немен алмастыруға болады?

Егер мен бағдарламалаушы болсам ....

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151065

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар