Кеш тақырыбы: Лицей дарабозы

1 мамыр 2014 - infust
Кеш тақырыбы: Лицей дарабозы

Cаякеева Гульмира Ақбергенқызы. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы «Бейнеу лицейі» мм-ніңматематика және информатика пәнінің мұғалімі

Кеш тақырыбы:Лицей дарабозы

Сайыс кеші 6 бөлімнен тұрады.

9-11 сыныптар арасында өткізіледі.

Әр сыныпта 2 оқушыдан 6 оқушы қатысады.

1 бөлім.Бәйге.

Сұрақтар беріледі 1 сұрақ 10 ұпай.

1.ax+by+c=0 қандай геометриялық фигураның теңдеуі.(түзу)

2.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы қалай аталады? (Wk,Wp)

3.Адам информациялармен қандай қызмет атқара алады?(қабылдайды,өңдейді)

4.sin450мәні нешеге тең?()

5.Зарядталған бөлшектердің қозғалысы.(ток)

6.Байтпен нені өлшейді?(ақпарат)

7.«Тригонометрия»сөзінің баламасы. (гр.үшбұрышты өлшеу)

8.Windows 98дегеніміз не?(қабақша)

9.Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м.с)

10.Египет үшбұрышты дегеніміз қандай үщбұрыш? (3,4,5)

11.Фотон қандай сөзден алынған? (гр.фотос-жарық бөлшегі)

2 бөлім.Математикалық тарихи дөңгелек.

Сұрақтар беріледі.1 сұрақ-20 ұпай.

3 бұрышты пирамида. 1.Ежелгі Греция; 2.Шығыс; 3.Батыс

1.Ежелгі Греция

«Трапедзион» сөзінің мағынасы нені білдірген және оның математикаға қатынасы қандай?

Жауап:«Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда атаған, осы сөзден трапеция сөзі шыққан.

2.Мына Ежелгі Греция атақты әйелдердің ішінде математик әйел қайсысы?

А)Афродита

Б)Клеопатра

С)Гипатия

Д)Афина

Е)Аспасия

Жауап: Ең алғашқы математик әйел-Гипатия.Александра қаласында 370-415 ж. өмір сүрген.Ол математика, астрономия, медицина, философия оқып зерттеген.тХристиян дінінің басшылары оны жат көзқарастағы адам деп таспен ұрып өлтірткен.

3.Пифагор мектебі ең алғаш қай қалада ашылған?

А)Афина

Б)Кротон

С)Рим

Д)Александрия

Е)Спарта

Жауап: Кротон

2.Шығыс

1.Шығыстың атақты математигі, дәрігер, ақын, музыкант,ғылымы.

А)Қорқыт

Б)Омар Хаям

С)Құрманғазы

Д)Әл-Фараби

Е)Ахмет Яссауи

Жауап:Шығыс Аристотелі атанған тіл туралы, логика, математика, оптика, астрономия, медицина, физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары туралы, энциклопедия, трактаттар жазған Әбу-Насыр Әл-Фараби.

2.VII ғасырда Шығыстың қай қаласында астрономия, математика мектебі ашылды?

А)Тараз

Б)Түркістан

С)Бағдат

Д)Генджин

Е)Отырар

Жауап: Бағдат

3.Түмен қай елдің сөзі,қай санды көрсетеді?

Жауап: Түрік сөзі 10000деген санды көрсетеді.

3.Батыс

1.Ең алғашқы тікұшақтың жобасын салған, математика, физика, астрономия, геология, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адам.

А)Циалковский

Б)Л.Да Винчи

С)Ч.Дарвин

Д)К.Гаус

Жауап:Л.Да.Винчи

2.Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім?

А)Паскаль

Б)И Ньютон

С)Лейбниц

Д)Чебышев

Е)Галуа

Жауап:1641 жылы Паскаль ойлап тапқан.

3.Евклидтің бесінші постулатын аксиома деп дәлелдеген кім?

А)А.Коши

Б)К.Вейерштрасс

С)Р.Декарт

Д)Н.Лобачевский

Жауап: Н.Лобачевский

Осы 2 сайыс қорытындымен ұпайы өз оқушы ойынан шығады.

3 бөлім. Ғажайып үштік.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20ұпайлық сұрақтар

1)Информатика:

Компьютерде жазылған құжат және программа қалай аталады? (файл)

2)Физика:

Ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физиканың құбылысымен түсіндіріледі? (диффузия)

3)Математика

Тек қана 6цифырын 3рет пайдаланып 30санын өрнекке. (6x 6 – 6 = 30)

30ұпайлық сұрақтар.

1)Информатика:

Адам мен компьютер арасындағы қатынас қалай аталады?

2)Физика

Жүк машинасы жолдан тайғақтап жүре алмай тұр.Артқы дөңгелектерінің жермен үйкелісін арттыру үшін не істеу керек?

А)Машина кузовын жеңілдету.

Б)Машина кузовын ауырлату.

С)Двигателдің тарту күшін арттыру

Д)Артқы дөңгелек астына құм салу. (Д)

3)Математика

П әрпінен басталатын 9математикалық атауды жылдам ата.(Пи, Пифагор, параллограмм, призма, параллелпипед, параметр, перпендикуляр, параллель, периметр)

40ұпайлық сандар

1)Информатика

Электрондық почта туралы айт.

2)Физика

Физик ғалымды ата.Оның фамилиясын 1-әрпі ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының 1-әрпі, екіншісі-кедергі бірлігінің 2әрпі, 3,4-ток күшін өлшеуге арналған аспап атауының 3-4әрпі, соңғысы кернеуді өлшеуге арналған аспап атауының соңғы әрпі. (Ампер)

3)Математика.

Тауар 23теңге тұрады.Сатып алушыда тек 3теңгелік, ал кассирде тек 5 теңгелік бар.Ешбір теңгені ұсақтамай сатып алушы мен кассир қалай есептеледі?

(11x3-5x2=23)

4.Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.

Жұмбақ айтылады.Жұмбақты шешіп, жауабын 3тілде айту керек.2тілде айтқан оқушы 20ұпай,3тілде айтқан оқушы 30ұпай алады.

1.Жоқ өзіңде бас та,қас та, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш, линейка,ruler)

2.Суға салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды.(мұз, лед,ісе)

3.Аса қажетті өмірге халық үшін

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.(ток, ток,energy)

4.Жақтаулар арқылы шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.(терезе, окно,window)

5.Алды артымыз шексіз де

Жете алмаймыз біздерге

Сәуле менен кесінді

Шыққан тегін білсін.(түзу, прямая,straight)

6.Өмірдің бұл шырағы

Әрі жүйрік көреген.(көз, глаза,eye)

7.Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама.(кітап, книга,book)

Бұл сайыс қорытындысымен ұпайы аз 2оқушы шығады.

5.Егер де мен.

Қалған екі оқушыға мына заттар беріледі: суы бар стакан, мұз кесегі, шымшым тұз, жіп.Дұрыс жауап 30ұпаймен бағаланады.

Тапсырма.70-қа тең бұрышты тек қана циркуль мен сызғышты пайдаланып тең 7 бөлікке бөл.

6.Жорға.

Әр сұрақ 10ұпаймен бағаланады.

Бұл сайыста екі оқушыға жеке сұрақтар беріледі.

1-оқушыға берілетін сұрақтар:

1.Кесінді өлшейтін аспап қалай аталады?-(сызғыш)

2.Мылтық жылу двигателінің қатарына жата ма?-(жоқ)

3.Компьютердің басты бөлігі-(процессор)

4.Атом құрылысынан ашқан ғалым.-(телескоп)

5.Функция сөзінің баламасы-(орындау)

6.63 құрама сан ба?-(ия)

7.Сүмбіледе су суық, таразыда… суық.-(таң)

8.Жазықтықтың ең қарапайым фигурасы.-(нүкте)

9.Ашық сөзінің антонимі.-(жабық)

10.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?-(1941ж)

11.Синус сөзі қай тілден алынған,қазақша баламасы қалай?-(латын,қисықтық)

12.Қазақстанның егемендік алған жылы.-(1991ж.)

13.Өлшемі 4м кубтың көлемі неге тең?-(64м3)

14.Биология нені зерттейтін ғылым?-(тіршілік)

15.Бағытталған кесінді қалай аталады?-(вектор)

2-оқушыға берілетін сұрақтар:

1.Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады?-(транспортир)

2.Өлшемі ұзындықты бірлігіне тең кубтың көлемі неге тең?-(1)

3.Қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?-(барометр)

4.Дифференциал сөзінің қазақша баламасы.-(айырма)

5.Компьютердің басты бөлігі.-(процессор)

6.65 құрама сан ба?-(ия)

7.Таразыда таң суық, сүмбітеде… суық.-(су)

8.Кеңістіктің ең қарапайым фигурасы.-(нүкте)

9.Атом құрылысын ашқан ғалым.-(Томсын)

10.Жабық сөзінің антонимі.-(ашық)

11.Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?-(1945ж)

12.Қазақстанның ұлттық рәміздері қай жылы қабылданды?-(1992ж)

13.Химия нені зерттейтін ғылым?-(зат құрылысы)

14.Вектор дегеніміз не?-(бағытталған кесінді)

15.Косинус сөзі қай тілден алынған,қазақша баламасы қалай?-(толықтауыш синус, латын)

Соңғы сайыс қорытындысымен ұпайы көп оқушы анықталып, сайыс жеңімпазы атанып, марапатталады.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068725

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru