Компьютердің қосымша құрылғылары

Компьютердің қосымша құрылғылары

Сыныбы 5

Пәні:  Информатика

Пән мұғалімі:

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Уақыты: 23.10.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің қосымша құрылғылары

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Компьютердің қосымша құрылғыларының не екенін білу

Күтілетін нәтиже

Компьютердің қосымша құрылғыларымен танысып олардың мүмкіндіктерін білді.

Түйінді идеялар

Қосымша құрылғылар-компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.

Дыбыс колонкалары-дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

Принтер.  Ақпараттарды   қағазға басып   шығаратын құрылғы.

Сканер -  қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Компакт –дискілер.   Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды.  Ал  CD-RW   дискілеріне ақпаратты жазуға,  қайта жазуға болады. Флэшка -  жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін  ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. 

Қажетті құрал-жабдықтар

Оқулық, дәптер, әр түсті стикерлер, А3 форматы, түрлі түсті суреттер, смайликтер, бағдаршам, бағалау парағы, жұлдызшалар, БББ кестесі, АКТ.

Әдіс-тәсілдер

Галереяға саяхат,  жеке, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақтар топтамасы, Жигсо әдісі, Блум, автор орындығы, «Ойлан, тап!», рефлексия

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

1 мин

— Оқушылармен сәлемдесу;

— Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

— Жағымды психологиялық ахуал туғызу;

— Оқушыларды топқа бөлу (сурет бойынша);

— Топта рөлдерге бөлу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3 мин

Галереяға саяхат

2 топ жұмысы «Жарнама»

Топ жұмысына екі жұлдыз, бір тілек беру

ІІІ. Ой қозғау.

1 мин

Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін «Компьютердің негізгі құрылғыларынан басқа тағы қандай қосымша құрылғыларын білесіндер?» деп ой қозғату.

Кезеңдер — 40 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу — 10 мин

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу.

Топтарға тапсырмалар .

-          1-топқа: Көп тараған қосымша құрылғылар

-          2-топқа: Ақпарат тасығыштар

«БББ» түртіп алу стратегиясын қолдану.

Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.

Білген түсініктерін қорыта отырып, постерге түсіріп, автор орындығында баяндайды.

Оқушылар дәптерлерінде БББ бойынша кестенің «Білемін», «Білдім» деген бағанын толтырады

 

Түсіну 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Түсіну тапсырмалары

1-  слайд: Компьютер құрылымына кіретіндерін атаңдар

2-слайд: Ақпаратты енгізу құрылғысын атаңдар

3-слайд; Ақпаратты шығару құрылғысын атаңдар

4-слайд: Оң және сол жағын сәйкестендіру

 

 

Оқушылар дәптерлеріне бейнежазбадан көрген әрекеттерін түсініп, өз ойларымен жазады.

 

Қолдану  –  10  мин

АКТ практикалық жұмысын бақылау

Компьютерде тапсырмалар орындау:

Тапсырма №1

Тапсырма №2

Тапсырма №4

Талдау –  4  мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

«Ойлан, тап!»

Сұрақтарға жауап беру

   

Сергіту сәті  — 2 мин

Анимация арқылы жасалған қимылдарды музыкамен қайталау

Жинақтау -  4 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

 БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Кестені толтырып аяқтайды өз ойларын жинақтап қысқа да түсінікті қорытынды жасайды

Бағалау  -  2 мин

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» арқылы

Топ  бағалаушылары  топ  мүшелерін  бағалайды.

Бағалау парағы бойынша қорытынды баға шығарады.

Кері байланыс — 2 мин

Бүгін сабақта не үйрендің?

Қандай қиындықтар болды?

Маған қызықты болды?

Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде… пайдаланымын

Оқушыларға әртүрлі стиктер таратылады

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын «Көңіл күй дидарына» іледі.

Кейінгі оқу  1мин

Компьютердің қосымша құрылғылары        50 бет

Тест тапсырмасы  57 бет

Үй  тапсырмасын  күнделікке  жазып  алу

 

Рефлексия  ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыТіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

ҰстаздарғаОқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

ФизикаАрхимед күші. Денелердің жүзу шарттары

БаяндамаБілім саласындағы оң өзгерістер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119785

Пікірлер (1)
Дастан # 19 қараша 2015 в 16:22 0
Рахмет сізге

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар