Компьютерлік желілер

1 наурыз 2015 - Газиза Бекишева

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Бағыты: Ақпараттық технология

Секциясы: Информатика

Тақырыбы: Компьютерлік желілер

Авторы: Нығыметова Мөлдір, 6 «Ә» сыныбы, ҚазҰӨУ мектебі, Астана қаласы

Жетекшісі: Бекишева Газиза Есеновна, информатика пәні, ҚазҰӨУ мектебі,

Астана қаласы

2014 жыл

Мазмұны

    1.Кіріспе

    2.Теориялық бөлім

    3.Зерттеу бөлімі

    4.Қорытынды

    5.Пайдаланылған әдебиеттер

    6.Қосымша

Мақсаты:

Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желілердің

мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне тигізер әсерін бақылау.

Міндеттері:

•әлеуметтік желілердің түрлерін және оның ерекшеліктерін оқыпүйрену;

•компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру;

•әлеуметтікжелілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерінбілуге үйрету;

•әлеуметтік желілерді пайдалану барысындағыоқушылардың, студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

Болжам: Әлеуметтік желілер мектеп оқушылары үшін достары мен араласып, жаңалықтарын біліп, жаңа таныстар табуға мүмкіндіктер береді. Болашақта әлуметтік желінің пайдалы жақтарын таңдай білу.

Көкейкестілігі: Соңғы уақытта мектеп оқушыларының әлеуметтік желіге қызығушылықтары арта түскендіктен, олар ғаламтор арқылы ғана қарым-қатынаста болуды құптайды

Ғылыми жаңалығы: Әлеуметтік желінің мектеп оқушылары үшін, соның ішінде төменгі сынып оқушыларының пайдалана бастауы және олардың Қазақстандық баламасының шығуы.

    1.Кіріспе

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық жастарды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырды. Президенттің айтуынша, нағыз досты ғаламтордан іздеп, әуре болудың қажеті жоқ. «Твиттерде» немесе басқа да әлеуметтік желілерде отырып, уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме-дүкен құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді», — деді Н.Назарбаев.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.Жергілікті желі шектеулі аймақтағы(бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с)компьютерлерді біріктіреді.

Жергілікті желінің түрлері:

Бір орталықтан басқарылатын желіні «Клиент — сервер» желісі деп те айтады.Клиент– өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесепрограмма).
Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект.Бір деңгейлі компьютерлер желісі(бір рангылы) – Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.

Топология (байланысу тәсілі) бойынша желілердің жіктелуі:

Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады. Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады. Үлкен қашықтықта және пайдалнаушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық желілерді құрайды. 1993 12 сәуірде АҚШ-тағы NSFNet алғаш рет интернет байланыс орнатты.
2014 Интернет тұтынушылардың саны 36 миллионға жетті.

    2.Теориялық бөлім.

Әлеуметтік желі — бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал. Әлеуметтік желіде байланыс жасау үшін әрине бізге ең алдымен интернет керек. Ал интернетке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.

Ұлыбританияның зерттеу компаниясының мәлімдеуінше, бүкіл әлемде әлеуметтік желі қолданатын азаматтардың 47 пайызы оған ұялы телефон арқылы кіреді. Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр.

Әлеуметтік желі тақырыбы түрлі ғылым салаларын ойландырып отыр десек қателеспейміз. Әлеуметтік желі және ондағы қауіпсіздік мәселелері дәрігер мамандарын да алаңдатады. Миға, көзге әсері жайында талқыланады. Психологтар психология тұрғысынан, дінтанушылар дін тұрғысынан, әлеуметтанушылар отбасыға әсерін өз көзқарас тұрғысынан қарастырады. Әр зерттеуші олардың пайдасы мен зиян жақтарын саралап, мәселенің шешу механизмдерін ұсынады.

Сонымен әлеуметтік желі пайдаланушылардың мәдениеті арқылы біз жалпы қазақ жастарының мәдениетін көре аламыз. Әсіресе mail.ru, контакт сайтында көп отыратын жастар интернеттің неге керек, мәні неде екенін саналы түрде ұғынуы тиіс. Ал ғаламторды дұрыс пайдалана білу, ол — үлкен білім көзі.

Түрлі әлеуметтік желілер жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерінде сағаттап отырамыз. Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.

Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.

Осы жөнінде қазақстандық блоггер, журналист Өркен Кенжебектің: — «Әлеуметтік желілер адами қарым-қатынастардың жаңа мәдениетін қалыптастырды. Сондай-ақ, «Facebook»-те 2000 досы бар саналғанмен, өмірде шын бір досы жоқ адам-аккаунттар пайда болды. Бұл да әлеуметтік желі әкелген қасірет» деген пікірі өте орынды.

Әлеуметтік желі проблемасы жұмыскерлерге де кесірін тигізеді. Жұмыскерлер жұмыс уақытында сол сайттарды жұмыс үшін емес, адамдармен араласу үшін қолданады. Бұл сол мекеменің тағдырына балта шабуы мүмкін.

Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша «Әлеуметтік желінің» өмірімізге кері әсерлері төмендегідей сараланыпты.

1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние — уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «әлеуметтік желі гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;

2. Шын өмірден алшақтау;

3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.

Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек екені белгілі.

Сол сияқты қазіргі кездегі компьютерлік, интернет клубтар жастар үшін спорт секцияларын, басқа да денсаулыққа пайдалы шараларды, тіпті таза ауадағы жай қыдыруды да ауыстыра алмайды. Ал компьютерлік ойындарға, интернетке деген аса қызығушылық, одан туындайтын тәуелділік материалдық шығындарды айтпағанның өзінде, басқа да орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

3.Зерттеу бөлімі.

Қазақстандағы тенденциялар

Әлеуметтік желілердің кең қолданылуыҚазақстан тұрғындарының арасында заманауи тенденцияға айналып отыр.Кең таралған әлеуметтік желілер: What’s аpp — 65%, Instagram – 52%, VK – 45%,Facebook – 21%, Twitter – 18%.

Қазақ тілді ортаныңдамуы: Қазақ тұтынушыларының жартысынанартығы (80% -дан жоғары) әлеуметтік желілердеорыс тілінде тіл қатысады. Қазнеттің каталогы 6994 сайттан тұрады. Осы көрсеткіштің тек 617 (жалпы санның 8,8 %) қазақ тілінде. Қазақстанда 2472 БАҚ(байланыс ақпарат құралдары) бар. Оның тек 437 ғана (18 %) қазақ тілінде таралады.

Сауалнама қорытындысы бойынша :

78% күнделікті хабар алмасып отыру үшін, 41%өз еркімен, өз қалауымен ақпарат алмасу үшін 22% ешкіммен арласа алмайтын,өзін тек әлеуметтік желі арқылы таныстырғысы келетіндер,32 % басқа біреудің аты-жөнімен, фотосымен танысатындар 78% өздері туралы тек шындықты жариялайтындар 17 % дос іздеу және сөйлесу үшін 35% тек босуақыттарынөткізу үшін 60% әлеуметтік желілергетәуелді болғандарынмойындайтындар.

Әлеуметтік желілердің біз қолдайтын жақтары:

•қарым-қатынас құралы ретінде ( туған-туыстармен, достармен хабарласу, хат алысу, суреттер, бейне түсірілімдер жіберу);

•топтарға бөлініп хабарласу ( жасына қарай, сыныптастар, курстастар);

•өзі туралы толық мәліметтер беру ( суреттер, бейне түсірілімдер);

•суреттер мұрағаты ( кез-келген уақытта суреттерді көруге болады);

Әлеуметтік желілердің біз қолдамайтынжақтары:

•тәуелділіктің пайда болуы ( уақыт өткенін байқамау);

•белгісіз сілтемелердің келуі ( вирус жұқтыру қауіпі бар);

•босқа қаржы жұмсау ( ақылы құттықтаулар, смайликтер жіберу);

•денсаулыққа зияндығы ( көру, есту мүшелерінің зақымдануы);

    4.Қорытынды:

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады»,- деп алдағы жолымызды айқын болжап берген еді. Соның бірі ақпараттық технологияның, оның ішінде интернеттің атап айтқанда әлеуметтік желілер дамудың даңғыл жолына түсіп отырғаны ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер интернет тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналғандай. Егер дер кезінде алдын алмасақ кейін еріксіз түрде қолданып, ғасырлық дертке айналуы мүмкін!

    Зерттеу нәтижесі көрсеткендей әлеуметтік желілердің оқушылар және студенттер өміріне әсері көпжәне олардың пайдалы тұстарымен зиян жақтары байқалды. Болашақта әлеуметтік желілердің тиімді жақтарын пайдалану ұсынылады.

    5.Пайдаланылғанәдебиеттер:

1.Е.С. Полат. Новые педагогические и информационные технологии в системеобразования /Под ред.– М., 2013.

2.Б.Бөрібаев, Е.Балапанов.Жаңа ақпараттық технологиялар Алматы 2023.

3.Қ.Өстеміров.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.Алматы 2010.

4.Ғаламтор: Google.com, mwk.or.kz, idler.idhost.kz, www.twitter.com

6.Қосымшалар:

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147948

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар