Логикалық функцияларға есептер шығару тақырыбын жаңа технологияларды пайдаланып оқыту

11 қараша 2014 - Калампыр Ермекова
Логикалық функцияларға есептер шығару тақырыбын  жаңа технологияларды пайдаланып оқыту

Логикалық функцияларға есептер шығару тақырыбын

жаңа технологияларды пайдаланып оқыту

 

Қалампыр  Ермекова Сансызбайқызы

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы

Шөптікөл ЖОББМБ — ның информатика пәні мұғалімі

ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  бағдарламасының

бірінші(ілгері) деңгейлі сертификат иегері

 

Ақпарат ағыны көз ілестірмей шапшаң  даму үстінде. Оқушылардың ақпараттар ағынынан қалмай, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосуда информатика пәні жетекші рөл атқарады. Сондықтан сабақтарымызда жаңа технология әдістерін  пайдалынап өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақтарымда 7 модульді ықпалдастырып тиімді пайдаланып отыруға тырысамын. Мысал ретінде информатика пәнінен Логикалық функцияларға есептер шығару тақырыбын оқыту жоспарын ұсынып отырмын. 

Пәні, сыныбы:Информатика, 8 сынып

Күні:

Сабақ №8

Сабақтың тақырыбы

 Логикалық функцияларға есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Логикалық есептерді шығару алгоритмін үйрене алады;  логикалық функциялардың айырмашылықтарын біле алады; компьютерлік сауаттылықтары артады.

 

Оқу нәтижелері

§    Логикалық есептерді шығару алгоритмін үйрене

          алады(барлығы);

§     Логикалық функциялардың айырмашылықтарын біле

          алады(барлығы);

§    Компьютерлік сауаттылықтары артады  (барлығы)

Сабақ  түрі:

практикалық

Сабақтың әдісі:

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ:интерактивті тақта, электрондық оқулық

ОБжК:(оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ:(формативті және суммативті)

Дарынды және талантты  балаларды оқыту:Деңгейлік

                                                                                     тапсырмалар

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Көрнекілігі

ДК, интерактивті тақта, Электрондық оқулық -8 сынып, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

Сабақ кезеңдері

 

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

 

 

Қызығушылықты ояту.

Тренинг: «Поезд»
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Сары және қызыл гүлдерарқылы сыныпты 2-топқа бөлу.

Әр топ өз қалаулары бойынша топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бағалау критерийі жазылған  кестеге тобындағы оқушылардың жұмыстарын бағалап отырады.

 

Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин

 

«Жеміс жейік бәріміз» (Үй тапсырмасы)

 

 

 

 

 


Флипчарт арқылы жемістердің артында сұрақтар жасырылады. Оқушылар қалаған жемісін таңдау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1.      Санау жүйесінің түрлері?

2.      Логикалық операцияларды атаңдар?

3.      Конъюнкция деген не?

4.      Дизъюнкция дегеніміз не?

5.      Инверсия деген не?

6.      Терістеу амалының белгіленуі?

7.      Конъюнкцияның белгіленуі?

Формативті бағалау: «Жарайсыңдар!»

 

Негізгі бөлім

Уақыты:28 мин

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

Флипчарт арқылы логикалық есепті шығару алгоритмін дәптерлеріне жазып алу.

Электрондық оқулық-Компьютердің логикалық негіздері. (Тыңдалым)

Мысал келтіріп түсіндіру. Логика алгебрасында жай пікірлер латынның бас әріптерімен белгіленеді.

Мысалы: А={Астана-Қазақстанның астанасы}

                 В= {Мағжан Жұмабаев- Ұлы математик}

                 С={2*2=5}

Шешуі:А=1, B=0, C=0

1-топ: «Оқулықтан 34-беттегі №4 (а,ә, б) және №5(б)»

2-топ: «Оқулықтан 34-беттегі №4 (в, г) және №5(а,ә)»

Бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек»

Сергіту сәті: «Супер физкультминутка»

«Тапқыр болсаң шешіп көр»

  Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда  қызмет еттім.Ол кезде сендер бар болғаны 111 жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым. Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Шешуі:

10001-17 жас, 111-7 жас, 10110-22 жас, 11110-30 жас, 11-3 жыл

«Білгенге маржан» Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгей: 145С саны 8-дік санау жүйесінде жазылған. Тұжырым дұрыс па? (Жоқ, себебі: С-16-лық жүйеде болады)

В деңгей:Мектепте 99 оқушы бар. 16-лық жүйеде қалай болады?

С деңгей: А=«Бүгін таңертең күн ашық»

B= «Бүгін таңертең күн жылы» болсын. Келесі формулаларды кәдімгі тілде жазыңдар.

а) А*В=

AV B=

A*B=

Беркіту.

 Компьютерде өтілген тақырпқа сәйкес тест орындау.

Бағалау:MS Excel пограммасы оқушы жұмысын автоматты түрде бағалайды

 

Қорытынды

Уақыты: 3 мин

 

 

Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?

 

 

 

 

Оқушылар сабақта не үйренгендірін және алда не үйренгілері келетіндерін  стикерге жазып кестеге жапсырады.

Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Үйге: §3.1-3.2 қайталау.

 

  Бағалау

Уақыты: 2 мин

 

 

Формативті бағалау,  критерий  және тест тапсырмасының автоматты бағалары бойынша жиынтық баға қойылады.

Дерекккөздер

Е.В.Шевчук., Н.С.Кольева  «Информатика» оқулығы  8-сынып, Алматы-«Мектеп»,2008;  электрондық оқулық-8 сынып,  «Әдістемелік нұсқау»,  Дидактикалық материалдар (практикум),  Интернет ресурстары.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141968

Пікірлер (1)
Гулзира Ерғали # 29 наурыз 2016 в 21:08 0
сәлеметсізбе сіздің тақырыбыңыз маған қызықты осыған қатысты есептерді басқа матерялдарды қайдан алыуыма болады .

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар