Мұғалім шығармашылығының негізі – білім жетілдіру курсында

20 тамыз 2014 - Дарига Жиенкулова

Күйкен орта мектебі

Физика
және информатика пәнінің мұғалімі:

Дариға Жиенқұлова Амангелдіқызы

Мұғалім шығармашылығының негізі –
білім жетілдіру курсында

«Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»

Н. Ә. Назарбаев

«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді
халқымыз. Жақсылыққабастайтын жарық
жұлдыз – оқу. Еліміздің ертеңгі болашағы — бүгінгі мектепқабырғасынаналған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға
сапалы білім берудің тиімді жолдарыніздестіру бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы
жылдары еліміздіңқоғамдық өміріндегі
елеулі өзгерістердіңбірі – білім беру
саласындажүргізіліп жатқан реформалар.

Білім
мен ғылым Қазақстанның дамуына оңтайлы әсер етуі үшін оқыту жүйесін заман
талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, оқу – әдістемелік жүйеге
жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді
жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Жаңа заман талабына сай жаңа
келбетті сабақ берудепәндерді оқыту
технологиясын жан-жақты қолдану – ұстаз білігі мен шеберлігі арқасында жүзеге
асары сөзсіз. Қай кезде болмасын «Мектептегі басты тұлға — мұғалім» десек, жас ұрпақтың
дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне
деген сенімін қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда, өз жолын таңдауына түрткі болу
– мұғалімнің бүгінгі таңдағы абройлы борышы.

Тәуелсіз
елдің талантты ұрпағын тәрбиелеудегі мақсатқа жету көзі – жаңа педагогикалық
технология. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын
жетілдіру бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр.

Жаңа
технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып ой еркіндігін,
белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру.

Бүгінгі
күні педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру
факультеті бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілік арттыру курсы, үш деңгейлі оқыту бағдарламасы бойынша іске асуда.
Бағдарлама мазмұнынан теориялық оқытуға негізделген жоғары деңгейдегі Америка,
Италия, Швейцария, Австралия және британдық ғалымдардың сындарлы оқыту
әдістемелерін көре аламыз. Ал сындары оқытуды – жаңаша оқытудың тың саласы,
яғни, заманауибілім берудің тиімді жолы
деп айтуға толық негіз бар. Мұндаоқушылар бір – бірімен диалог жүргізу, пікірталас және тың идеяларға талқылаулар
жасау арқылы ынтымақтастықортасын
құрудың дағдыларын қалыптастыра алады.

Мен 2013 жылы Маңғыстау облысы «Өрлеу» біліктіліктіарттыру ұлттық орталығында үшінші деңгейлік
курсты аяқтап, бағдарламаға сай, физика және информатикапәндерінде жеті модульді ықпалдастыру арқылы
қысқа мерзімді жоспар құрып сабақтар өткізіп жүрмін. Жаңа тәсіл бойынша оқушыларға
топтарға бөлініп, білімді бірлесіп алу, түсіну мен талқылау дағдыларын
қалыптастыру арқылы білім алу жүктеледі. Мен мектептегі тәжірибе кезіндегі
іс-әрекетті зерттеу тақырыбымды «Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан
ойлауға қалыптастыру» деп алдым. Бұл тақырыпты таңдаған себебім топтық жұмысты
сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланып ұйымдастыру кезінде, талантты және

дарынды баланы анықтау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, бағалау, көшбасшылық, ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың модульдерін қамтуға
болады. Топтық жұмыста ең бастысы, біздетопта ынтымақтастық үшін жұмыс атмосферасын қалыптастыру жақсы нәтиже
береді, топ мүшелері бір — бірлерін тыңдап, пікірлерін, идеяларын жинақтап,
топтық мүдде үшін жұмыс жасауға дағдыланады. Оқушылар сабақ барысында осылай
белсенділікпен, топ мүддесі үшін жұмыс жасау бағытында білім алса, сындарлы
оқытудың нәтижелі болғандығы. Соны өз тәжірибемде қолданып көргім келді.

Мензерттеу сабағымның алғашқы
қадамын жасадым. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып,
қызығушылығының оянғанын байқадым. Сабақ кезеңдеріңде жоспарлаған
әдіс-тәсілдерімнің барлығын жүзеге асыра алмадым.Орын алған кемшіліктер де кездесті. Кемшіліктердің
болғаны да дұрыс. Себебі мен үшін де, оқушылар үшін де бұл — жаңа тәсілдегі
алғашқы сабақ. Сабақ барысындағы кемшіліктерге тоқталар болсам,
біріншіден, уақыттың тапшылығын байқадым. Екіншіден, таныстырылым дайындау
кезеңінде оқушылардың қорғау сәті қиындық туғызды. Мұны мен қалыпты жағдай
деп түсіндім. Үшіншіден, ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану
барысында ескі компьютердің мүдіріп қалуы қиындық туғызды.

Сәтті шыққан
тұстарды айтар болсам, оқушылардың сабақ үстіндегі түсірілімдерге (видео,
сурет) мән бермей, өздерін еркін ұстап, белсенділік танытқандары мені
қуантты.

Сабақ өткен материалдарды пысықтау
сұрақтарынан басталды. Мұнда «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану» модулі интерактивті тақтадан слайдтарды бейнелеу
арқылы жүзеге асты.Үй тапсырмасын
тексеру барысында оқушыларға сөзжұмбақ ұсындым. Сөзжұмабақты шешу арқылы балалар жаңа сабақтың тақырыбын
ашты.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында
оқушылар үлестіріліп берілген қосымшаға сүйене отырып дайындалды.2-тапсырма. Жаңа тақырып бойынша М.Бегенов
атындағы орта мектебінен келген хаттағы тапсырмаларды орындаттым.Мұнда оқушылар пікірлесіп және сұраққа
бірлесіп жауап беру арқылы топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырды. Талқылау
уақыты аяқталған соң әр топ дайын болған жұмысын ортаға шығып қорғады.

Өз жұмыстарын қорғап болған соңбағалау критерилері жазылған бағалау бетшесі
таратылды. Осы критерийлерге сүйене отырып топтар бірін-бірі бағалады. Бұл
әдістің тиімділігі жаңа сабақ процесінде барлық оқушылардың қамтылуы деп
ойлаймын.

3-тапсырма. WordPad мәтіндік
редакторында 1-мамыр, 7-мамыр, 9-мамыр мерекелеріне байланысты тапсырмалар:

1.Өлең шумағын құрастыру.

2.Шығарма жазу

3.Суретін салу тапсырмалары берілді.

Жұмыс жасау кезінде оқушылардың
біршама дағдыланғаны байқалды. Тапсырманы жақсы орындап, өз ойларын еркін
жеткізе білді.

Сабақты бекіту кезеңінде 4-тапсырма
берілді. INSERTәдісінің «Білемін», «Білгім
келеді», «Үйрендім» стратегиясы бойынша өз ойларын айту. Бұл тапсырма бойынша
оқушылар постер арқылы топтарында өзара ақылдаса отырып, өз ойларын топтан бір
оқушы шығып қорғады. (Егер оның қорғауы жеткіліксіз деп табылған жағдайда сол
топтан толықтырулар беруге болатынын оқушылар біледі)

Сабақ барысында орындалған тапсырмаларды
сыни тұрғыдан талдай келе, оқушылар өздерін «жақсы» деп бағалады.
«Қанағаттанарлық» деп бағаламаған себептерін сұрағанымда, өкпе-реніш болады деп
ойладық деп жауап берді.Дегенмен де, шынайылық болмаса, алға ұмтылу болмайды. Сондықтан
бір-бірімізді шынайы түрде бағалайық деп ескерттім. Дегенмен сабаққа деген
қызығушылықтарын қалыптастыру үшін оқушылардың «өте жақсы» деп бағалауларын
өзгеріссіз қалдыруды жөн көрдім.

Жаңаша оқытудың Кембридждік жүйесі бойынша мен сабақ
жүйесінде оқушылардыңбір-біріне сұрақ
беруіне, ойлануына, нақты жауап беруіне, топтың пікірін шын ниетімен тыңдауына,
өз ұсынысын айтуына, өзін сыныптастарымен салыстыруына, өзінің білім деңгейін
анықтап, өзін – өзі бағалауына жол көрсетіп отырдым. Мұндай оқу әрекеттері
оқушылардың қарапайым сауаттылық деңгейіне тезірек қол жеткізуге жағдай
жасайды.

Сабақ беру өнері – дұрыс жоспарлаудың арқасындажеткен сабақтың табысты жетістігі, тақырып
мазмұнының оқушыларға түсінікті баяндалуы мен бүкіл сыныптың дұрыс
ұйымдастырылуы. Бұл үшеуін 45 минутта тең алып жүру мұғалімге оңай соқпасы анық.
Білім беру жүйесінде сабақтың сапалы жүргізілуі туралы қаншама зерттеулер
ғасырлар бойы жүргізілгенмен, заманның дамуына қарай ескіріп, орнын жаңа
әдіс-тәсілдер алмастырып отыратындығына өзіміз куә болудамыз.

Мұғалім мамандығы «білдім, толдым, тоқтадым» деген
сөздерді қажететпейді, тек қана
ізденіс, зерттеу, бақылау, бағдарлау, оқу, шығармашылық сияқты тынымсыз еңбек
арқасында дамитын өнер. Сабақ берудің соңғы нүктесі – оқушы білімін бағалау,
яғни, кері байланыс арқылыне түсініп,
не түсінбегенін бақылау. Әр педагогтің өзіндік оқыту әдіс-тәсілі бар. Мұғалім
сабақты ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардыңжалпы даму деңгейін, бейімділігін,қызығушылығын және басқа да жайларынескере, барлық оқушылар үшін оқыту ортасының
қолайлы болуына назар аудару қажет. Әрине, көпшілік мұғалімдер бұрын да, қазір
де біздің оқыту жүйемізге өзгерістердің келуін қажетсіз деп есептейді.
Сондықтан бұл Бағдарламада оқытудың тиімділігі жан-жақты қаралып, бағыт-бағдар
берілген. Әсіресе, мұғалім мен оқушы іс-әрекеттерінің
елеулі өзгерістерінақты көрсетілген.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім рөлі басымдықта болады, ол басқарушы, оқушы
–орындаушы. Ол оқыту мұғалімнің сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлауынан
басталатынжәне сабақтыңбарлық кезеңдерін жүзеге асыруда мұғалім
үстемдігі зор болатын. Барлық тапсырмалар мұғалім басшылығымен жүргізілуі, оның
орындалған жұмыстарды бақылау, оқушылар білімін бағалауы мен сабақ материалын
қорытындылап бекіту, үй тапсырмасын оқушыларға ортақ беруі – бәрі күнделікті
қайталана беретін қалыпты сабақ. Сабақта оқушыларға толық еркіндік берілмейтін,
сондықтан сұраққа қате жауап берген оқушығаөз еркімен қатесін тауып, түсінуге мүмкіндік болмайды. Оқушылардың
өзін-өзі реттеу әрекеттері жүргізілмегендіктен, оларды мадақтау арқылы бағалау
болмайтын, олардың оң істерінемадақтау
айту немесе қолдау ескерілмейтін. Оқушыларға берілетін тапсырма бір бағытты
болғандықтан, бағалауға оқушылар қатыстырылмайтын.

Информатика пәнінен топтық оқыту технологиясын 8 «Ә»
сыныпта «Power Point бағдарламасының құрылымы, қолданылуы», 6 «А» сыныпта
«Модель, нақты объектініңқасиеттерін
бейне ретінде көрсету», 6 «Ә» сыныпта «Мәтіндік процессоры жайлы жалпы
мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру, және сақтау. Мәтінді пішімдеу
және редакциялаудың негізгі әдіс тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен
аралықтар», 5 «Б» сыныпта «Қарапайым графикалық редакторы. Суреттерді ашу,
сақтау» тақырыптарды өту барысында пайдаландым. Алғашқыдай емес, оқушылар да,
өзім де осы технологиялар талабынатөселіп қалдық. Жұмыс тәжірибем көрсеткендей, бұл әдістің оң нәтиже
беретіндігіне толық көзім жетті.

Қорыта айтқанда, топтық оқыту технологиясы оқушыларды
ізденіскежетелейді, белсенділігін
арттырып, өзінше ой сараптауға үйретеді. Өз тәжірибемде оқушылардың сабақ
үстіндегі белсенді әрекеті жалпылық сипат алып, енжарлықтың ығыстырыла
бастағанын байқадым. Оқушы ынтасы мен таным деңгейі белсенді ізденуші, ой
бөлісуші, өз пікірін ашық білдіруші дәрежесіне көтеріліп, алған білімді өмірде
қолдана білуге үйренеді, өз бетінше жауапты шешім қабылдауға дағдыланады. Әр
мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды
пайдалана отырып білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніЖыр керуенін арқалаған Мұқағали

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062447

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар