Мәліметтерді ендіру операторы

12 қыркүйек 2014 - Админ

Сабақ жоспары. (Lesson studу№3 ) 7- сынып информатика пәні.

6 наурыз 2014ж

1

Сабақтың тақырыбы

Мәліметтерді ендіру операторы

2

Сілтеме:

Интерактивті тақта, «Информатика негіздері» журнал2013ж №6, «Оқушы анықтамасы» 7-11сыныптар.2007ж, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7-сыныптың электронды оқулық

3

Жалпы мақсаты

А) Паскаль тілінде программа құру, есепті компьютерде орындауды үйрену.

Ә) 7-сыныпқа арналған электронды оқулықпен жұмыс жасай отырып, сабақта қалыс қалған оқушымен жұмыс жүргізу. Белсенділігін арттыру

Б) оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану

4

Күтілетін нәтижелер

А ) Паскаль тілінде оқушылар бағдарлама құрып, өздерінің жасаған бағдарламаларын компьютерде орындап нәтижесін алады.

Ә) 7- сыныпқа арналған электронды оқулықты тиімді пайдаланып, үлгерімі төмен оқушылардың сабақта белсенділігі артады.

Б) сабақ үстінде ақпараттық- коммуникациялық технологияны тиімді пайдаланады.

5

Негізгі идеялар

Паскаль тілінде бағдарлама құрып, ақпараттық диктант орындау.Электронды оқулықты тиімді пайдалану.Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, компьютерді еркін меңгеруге күш салу.

6

Оқыту әдіс тәсілдері.

7- сыныптың электрондық оқулығындағы модульдік тапсырмалар, ақпараттық диктант, зерттеудегі 3 оқушы Нүрсейт А- А деңгей, Сәбит А- В деңгейі, Ерманова М-С деңгейі оқушыларға компьютерде тест жұмысын беру, «сенім баспалдағы» ойыны, есепке бағдарлама құру

7

Ресурстар:

Түрлі түсті лента, АТК, бағалау рейтингі, жапсырғыштар(түрлі түсті), электронды оқулық, «оқушы анықтамасы» әдістемелік кітап, «Информатика негіздері» журналы 2013ж №6

8

Дерек көздері

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz;

«Паскаль» тілінде программалау негіздері» А. Б. Дәулетқұлов. Алматы-2005; 7-сыныптың электронды оқулығы

«Информатикадан тестік тапсырмалар жинағы» Б. Бөрібаев, әдістемелік құрал;

Оқушы анықтамасы. 7-11 сыныптар «Арман-ПВ» баспасы;

«Жаттығулар мен тапсырмалардың шешулері» М. Бексарыұлы

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

1-минут

1 минут. Оқушыларды түгелдеу, оқу- құралдарын тексеру.

Сабаққа дайындығын бақылау

2

7-сыныптың электронды оқулықпен жұмыс.

5- минут

7-минут. 7-сыныптың электронды оқулықты пайдаланып, модульдік тапсырмалар орындау.

3

Тест жұмысы.

А-деңгей, В- деңгей, С- деңгейдегі оқушыларға компьютерде тест беру

5- минут

5-минут А, В, Д деңгейдегі оқушыларға электронды оқулықтағы тест жұмыстарын орындатып, жинаған балын тексеру.

4

Ақпараттық диктант

7- минут

1)… программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. 2)… программаның орындалуын барысында өзгеріссіз қалатын шамалар. 3)Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын… жылы Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры… жасады 4)… ж Турбо Паскаль программалау тілі пайда болды. 5) Турбо Паскалда латын алфавитінің… әрпі қолданылады. 6) Паскальда ендіру операторы…

5

Жаңа сабақ.

Мәліметтерді ендіру опеарторы

10 минут

Мәліметтерді ендіру операторы.

Енгізу опеарторы есеп шығаруға қажетті мәліметтерді пернетақтадан енгізу үшін қолданылады: Жазылу үлгісі: READ (X); READ ( A ,B ,C); READLN ( X1, X2) READ- оператордың аты, ағылшынша «оқу» деген ұғымды береді. Одан кейін жақша ішінде- енгізілетін айнымалылардың атаулары беріледі. Алғашқы 2 оператор айнымалылардың мәндері пернетақтадан енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал, READLN ( READ LINE-« жолды оқу» деген сөздің қысқартылуы). Пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсор келесі қатарға көшіп кетеді. Енгізілген айнымалылардың мәндері: INTEGER, REAL, CHAR типтеріне жатуы мүмкін. 10 минут

6

Есептерге программа құру.

Компьютермен жұмыс.

10- минут

І топ «Енгізу» тобы

Үшбұрыштыңүш қабырғасы берілген, периметрін табу.

Паскаль тілінде программа құрып, енгізу операторы мен меншіктеу операторын көрсету.

№1 Р:= a+b+c/2.

Program jul;

Var a,b,c,P: real;

Begin readln ( a,b,c);

P:=a+b+c;

Writeln (‘P=’,P);

End.

ІІ топ «Шығару» тобы

Дененіңмассасы мен көлемі берілген, тығыздығын табу. Шығару операторы мен меншіктеу операторын көрсету.

№2 p:=m/v;

Program jul;

Var p,m,v: real;

Begin readln ( m,v);

p:=m/v;

Writeln (‘p=’,p Program jul;

Var s,t, ύ: real;

Begin readln ( s,t);

ύ:=s/t;

Writeln (‘ύ=’,ύ);

End.

);

End.

ІІІ топ «Блок- схема» тобы

№3

Өрнектіңмәнін табу. У= sin X²+EXP(X) осы есептіңблок-схемасы құру.

Ендіру- шығару операторын блок- схемадан бейнеленуі.

7

Қорытындылау.

5 минут

Сенім баспалдағы

Паскаль тілінде

Таңдау командасы

Тармақталу командасы

Х ²

8

Оқушыларды бағалау.

1-минут

Оқушыларды бағалау рейтингі арқылы жұмысын бағалау

9

Үй жұмысы.

Меншіктеу операторы. Үшбұрыштың ауданын табу прораммасын құрып келу. 1 минут

Рефлексия

    1.Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?

    2.Бүгінгі сабақта не қиын болды?

    3.Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

Мұғалімнің кері байланысы

Оқыту нәтижесі.

Не сәтті болды?

Не сәтсіз болды?

Нені өзгертіп дамытар едім?

Информатика пән мұғалімі: Ж. Опашова

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084907

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар