Мәтіндік құжатты пішімдеу

1 наурыз 2015 - Газиза Бекишева

Астана қаласы. Қазақ ұлттық өнер университетінің

дарынды балаларға арналғанмектептің информатика,

математика пәнінің мұғалімі Бекишева Ғазиза Есеновна

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Microsoft Word редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелері және сауатты теру дағдысына қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдысын дамыту: тақырыпқа байланысты автофигуралармен суреттер салу, түрлі ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерінарттыруға дұрыс бағыт – бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық, таратпа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

: Оқушылармен сәлемдесіп, олардың және сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін бақылап, оларды түгендеп, сабақ жоспарын хабарлау.

Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету мақсатында саяхат сабағы ретінде алғалы отырмыз. ЕХРО – 17 көрмесіне Microsoft Word фирмасы өз жобаларын ұсынады. Онда 3 топ жұмыс істейді. Олар мәзір жолы, құрал саймандар қатары, пішімдеу қатары. Әр топта топ басшысы сайланады. Ол топ мүшелерінің жұмыс барысын қадағалайды және бағалайды.

ІІ. Практикалық жұмыстар:

Expo (Экспо) — дүниежүзілік көрме. Ол техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған халықаралық көрме.

Экспо 2017 — 2017 жылдың10шілдесінен бастап10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

Тапсырма:

•Берілген мәтінді теріп: қаріп мөлшері 14 кегль,Times New Roman, сол-3 см, оң-1,5 см, жоғарғы және төменгі шегі – 2 см, жоларалық интервал- 1 см;

•EXPO – 17 cөздің түсін өзгерт;

•Expo (Экспо) – курсив сызылым;

•Экспо 2017 –жартылай қарайтылған;

ІІІ. Информатикалық диктант. Интерактивті тақтадағы кестені толтыру.

Ойлан, тап.ЕКСПО сөзінде кездесетін әріптерге информатикалық терминдер жазу.

IV. Компьютермен жұмыс .

Бетпараметрлерідиалогтік терезесінің БАҒДАРЛАУрамкасында қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдықтүрі қолданылады. Екі түрдің бір-бірінен АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

ЖАУАБЫ:

Бағдарлаурамкасындақағазбетініңкітаптықтүріақпараттықағазбетіне вертикаль, ал альбомдықтүрігоризонтальорналастыруғамүмкіндікбереді.

  1. БЕТПАРАМЕТРЛЕРІдиалогтіктерезесі неүшінқолданылады?

Жауабы:

ØБетпараметрлерідиалогтіктерезесімәтіннің

қағазбетіндежақсыорналасуыүшін, беттің

жиектерініңпараметрлерінжәнеколонтитулорнатуүшінқажет.

V. Интерактивтітақтамен жұмыс. Оқушы тақтадағы «Қанша тілді білесің?» кестесін толтырады.

    ·Жабу батырмасы;

    ·Бүкіл әлемдік өрмек;

    ·Қате символды жою батырмасы;

    ·Рұхсат етілмеген бөгде документті ашу;

    ·Экрандағы төртбұрышты аймақ;

    ·Батырмасын басып қажетті файлды ашу;

VI. Өздік жұмыс. ЕХРО – 17мәтін теру және оны пішімдеу.

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қос;
  2. Беттіңпараметрлерін жоғары және төмен шекарасы бойынша – 2 см;

оңжәне сол жақ шекарасы бойынша – 3 см етіп енгіз;

    3.Бағдарлауөрісі бойынша альбомдық түрін тағайында.

    Әр топ өз жобаларын қорғайды. Тақырыбы « Оқушы портфолиосы »

    Топ басшыларына шығармашылық тапсырма.

VII. Сабақты қорытындылау және бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066229

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru