Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат

19 қаңтар 2015 - Күлзия Есенқызы

Бекишева Кульзия Есеновна

информатика пәні мұғалімі

№56 мектеп-лицей, Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат.

Программаның интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік процессорыньң мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: «Мәтіндік процессор» түсінігін; мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын, Microsoft Word экраны элементін және оның пайдалануын, құжаттарды сақтаудың тәсілдерін.

Окушылар үйренуі тиіс: ақпаратты оқи білуді, процессор терезесі элементтерінің пайдаланылуын анықтауды, ашық терезелерге көшуді, құжатты қараудың масштабын өзгертуді, кұжатты ашуды, сақтауды.

Сабақтың барысы

IҰйымдастыру кезеңі

IIСабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

IIIҮй тапсырмасын тексеру

IVАлдын -ала дайындық жүргізу

Мұғалім MSWord процессоры мүмкіндігін көрсететін құжаттарды басып шығарып, WordPad редакторы экранынан негізгі элементтер атауын көрсетеді. Басып шығарылған құжаттар саны сыныптағы жұмыс тобы санына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар кесте дайындау керек (кестелер мәтін соңында берілген).

V Жаңа сабақты оқып-үйренуМәтіндік процессорлардыңміндеті

Мәтіндік редактор, мәтіндік процессор және олардың айырмашылығы түсінігіне ерекше назар аудару қажет.

Оқушылар мәтіндік процессордың құжаттарды теру, басып шығару, редакциялау, графикалық процессордан суреттер косу сияқты көптеген мүмкіндіктерімен таныс.

Мұғалім басып шығарылған әртүрлі құжаттарды көрсетеді, оның ішінде сызба, суреттер, көпбағанды мәтіндері барлары да қамтылған. Мұғалім MSWordпроцессорының барлық мүмкіндіктерін көрсететін құжаттар дайындауы керек.

(Жаңа тақырып бойынша оқушылар дәптерге жазуы тиіс)

Жалпы MS Word процессорының мүмкіндігі өте үлкен. Сондықтан дербес компьютерді пайдаланушылар арасында кең таралған, барлық салада қолданылады. Кез- келген операцияны жүргізуде бірнеше тәсілдің біреуін таңдау кажет. Сонымен қатар процессор кез -келген сұраққа жауап беретін үлкен анықтамалық жүйені де қамтиды.

MicrosoftWord экраны

Шағын топтармен жұмыс. Сыныптан екі оқушы сарапшылыққа таңдалады. Сыныптың қалған оқушылары топтарға бөлінеді. Әр топка WordPadмәтіндік процессор экранымен парақтар таратылады. Сондай парақтар сарапшыларға да беріледі. Оқушылар оқулықтағы MicrosoftWordтерезесі құрылымы суретін ашады. (Мұғалімге қосымша сараптамалық кесте парақтарын да дайындап қою керек.)

WordPad

MS Word

Бірдей элементтер

Жаңа элементтер

«Жоғалған» элементгер

Өзгерген элементтер

Мұғалім топта екі экранның салыстырмалы сараптамасын жасау үшін бірнеше минут уақыт береді. Сараптама жасаудың негізгі міндеттері:

1)Бірдей элементтерді табу.

2)MSWordэкранында жаңа элементтерді табу.

3)«Жоғалған» элементтерді табу.

4)Өзгерген элементтерді табу.

Әр топ сараптамалық кестеден өз нәтижелерін оқиды. Содан кейін сарапшылар қорытынды шығарады. Алынған нәтижелер негізінде мүғалім жалпы қорытынды жасайды. Егер бір топ дұрыс сараптама жасаса, оның нәтижесін жұмыс дәптеріне енгізуге болады. Құжатты сақтау.

Оқулық материалы бойынша өткізіледі.

VI Бекіту

Мәтіндік процессорда тапсырмаларды деңгей бойынша орындау.

А деңгейінің тапсырмасы мәтін теру, әртүрлі тәртіпте жұмыс істеу, мәтінді бояу, ақпараталу, құжатты сақтау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.

В деңгейі мәтін теруде болсын, тапсырма орындауда болсын күрделі болып келеді.

С деңгейінің тапсырмасы мәтінтеруді қажететпейді, бірақ әртүрлі ақпарат көздерінен құжаттардыалып, рәсімдеу дағдысын қалыптастырады.

VII. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары тексеріледі2-тапсырма

Анықтамадағы қателерді түзету:

Мәтіндік процессор -ҚОЛДАНБАЛЫ… программа, ол фотосуреттермен суреттердіөндеуге, мәтінді редакциялау мен форматтауға арналған, мәтінде кесте құруға, дыбысты, диаграмманы кірістіруге және құжатты басып шығаруға мүмкін емес.

3-тапсырма

MSWordмәтіндік процессорында жасалған файлдың кандай кенейтілуі болмайды?

(Сызып таста)

doe docx ppt rtf -bmp txt odt wma

VIIIҚорытындылау

Сұрақ-жауап түрінде:

1.Қандай ерекшеліктерді кездестірдіңдер?

2.Бұл программаның мүмкіндігі туралы не айтуға болады?

3.Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай артықшылығы бар?

4.Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?

IXҮй тапсырмасы

Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148679

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар