Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі

Күйкен орта мектебінің

физика және информатика пәнінің мұғалімі
Жиенкулова Дариға Амангелдиевна
Сынып6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Сілтеме:
Жалпы мақсаты: Оқушыларға мәтіндік процессор жайлы түсінік бере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қажет кезінде пайдалана білуге үйрету, компьютерде емін- еркін мәтіндік процессорда құжаттарды құруға, пішімдеу мен редакциялауға үйрету.
Оқу нәтижелері: Оқушылар:
•Мәтіндік процессор жайлы толық мағлұмат алады;
•Мәтіндік процессорда жаңа құжаттарды құруды және оны сақтауды меңгереді;
•Мәтінді пішімдеу мен редакциялаудың негізгі әдіс тәсілдерін, қаріптер мен абзацтарды, шегіністер мен аралықтарды пайдалана алады;
•Практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушының компьютерлік сауаттылығы, сөз байлығы артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан тапсырмалар орындату арқылы шығармашылығын дамыту және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, тақырыпты кең көлемде аша түсу.
Жаттығулар:Үй тапсырмасы бойынша сұрақ-жауап
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Берілген тақырыпты оқып, постер салу.
І топ. Қаріп
ІІ топ. Абзац
ІІІ топ. Шегіністер
Дереккөздер: Информатика, 8-сынып, Дидактикалық материалдар
Көрнекіліктер: кеспе парақша, бағалау парақшалары, А3 форматы, маркер, стикер, суреттер бейнеленген плакат, т.б
Оқуға арналған тапсырма: Тақырыпқа байланысты таратпа ресурстар. Әр бір топ өзіне берілген тақырыптарын оқып оның мазмұнын, жұмыс жасау жолын түсіндіреді. Талдайды, қорғайды.
Мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру бөлімі: Топ атауы жазылған карточкалар бойынша 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам» ойыны бойынша тексеру.
Бағалау критерийлері:
Мағынаны тану. Оқушыларға тақырып бойынша мәтін таратылады.(Мәтінді оқуға 5-7 мин)
І топ. Графиктік ақпараттарды өңдеу
WordPad мәтіндік редакторы тек қана мәтіндермен жұмыс жасап қан қоймай оған графикалық кескіндерді, суреттерді кірістіруге болады. Суреттерді кірістіру үшін сурет тұрған қапшығыңа барып суретті правка – коопировать меню командасын орындаңыз. WordPad мәтіндік редакторын ашып меню жолындағы правка – вставить меню командасын орындау арқылы WordPad мәтіндік редакторына суреттер кірістіруге болады. Ол суреттерді WordPad мәтіндік редакторынан кетіріп тастағыңыз келсе суреттің үстіне тышқанның сол жағын бір рет шертіп, пернетақтадан DELETE пернесін басу арқылы мәтіндік редактордан суретті жоюға болады.
ІІ топ. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Мәтінді іздеу
Мәтіндегі қажетті сөзді алу үшін, құрал-саймандар тақтасындағы Найти (табу) батырмасында (бинокльдің суреті бар батырма) тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка/Найти командасын орындаңдар. Поиск (Іздеу) диалогтық терезесінде образец (Үлгі) өрісіне ізделінетін сөзді енгізіңдер.

Егер С учетом регистра операциясының жалаушасын орнатса, тек Образец өрісінде жазылған сөз ғана табылады. Қажетті сөзді тапқан соң WordPad оны бөліп береді де, іздеуді тоқтады, бірақ терезе экранда қалады, Найти далее батырмасын басып іздеуді ары қарай жалғастыруға болады.
Мәтінді ауыстыру
WordPad программасыны мәтіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін Правка/Заменить (ауыстыру) командасын орындау керек. Замена (ауыстыру) диалогтық терезесінде Образец (үлгі)өрісіне ауыстырғыларың келетін сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер, ал Заменить на (… алмастыр) өрісіне оған ауысатын сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер де, Заменить батырмасын шертіңдер. Егер бұл сөзді ауыстырғыларың келмесе, онда Найти далее батырмасын шертіңдер. Бүкіл құжатқа кездесетін бұл сөзді автоматты түрде ауыстыру үшін Заменить все батырмасын шертіңдер.

ІІІ топ. Аралас құжаттарды құру.
WordPad мәтіндік редакторында бір мезгілде графикалық және мәтіндік құжаттарды құруға болады. Сурет кірістіріп, ол сурет туралы мәтін жазуға болады.

Практикалық жұмыс: WordPad мәтіндік редакторын ашып бір мезгілде мәтінмен және графикамен жұмыс жасаңдар.
І топ. Графикалық суреттерді қалай кірістіргенін талдап, түсіндір.
ІІ топ. Мәтіндік ақпараттарды атын және мәтін ішінен қалай тапқандарыңды түсіндір.
ІІІ топ. Аралас құжаттарды құру жолын түсіндір.
Сабақты бекіту: Дискуссиялық карта.
қ/с Мысалдар Ия Жоқ
1WordPad мәтіндік редакторында сурет кірістіруге бола ма?
2WordPad мәтіндік редакторында аралас құжат құруға бола ма?
3WordPad мәтіндік редакторында мәтін ішіндегі сөздің атын өзгертуге бола ма?
4WordPad мәтіндік редакторында мәтін ішінен қажетті сөзді табуға бола ма?
Сабақты бағалау: Оқушылар бағалау бетшесі арқылы бірін-бірі бағалайды.
Топтың бірін-бірі бағалау критерийлері
Оқушының аты-жөні:Үй тапсырмасы бойынша тест жұмысыПостер қорғау/жаңа сабақ бойыншаПрактикалық жұмыс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103591

Пікірлер (1)
Бауржан Тиленшиев # 19 ақпан 2015 в 20:58 0
Мен информатикпін Коп коп рахмет сиздерге коп сабак жоспарлар аламын сиздерден жуктеп немесе коширип . маган кол уштарынызды берсениздер 5-8 сыныптардын сабак жоспары болса мына почтаға салыныздаршы baurzhan.tilenshiev@mail.ru 87771012975 звандандар

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар