Мәтінді теру және түзету ережелері. 5 сынып

2 ақпан 2015 - Гульпан Маманова

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтінді теру және түзету ережелерімен таныстыра

отырып, практика жүзінде қолдана білуге үйрету;

2. Оқушалдың танымдық қызығушылығын, жалпы қабілеттерін

дамыту;

3. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекке және эстетикаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау

Көрнекілігі: оқулық, компьютер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

-WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

-WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

-WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай

аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі;

Enter-жаңа жолға көшу

Shift- бас әріптерді теру

Caps lock-бас әріптер режиміне көшу

Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3.Мәтінді пішіндеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж-жартылай қалың, К-курсив, Ч-асты сызылған, Кәдімгі пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч, батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі,

Мәтінді тегістеу үшін пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл –сохранить как командасын орындаймыз.Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.

IV.Сабақты бекіту сұрақтары:

WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

WORDPAD мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз.

Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар?

V.Бағалау

VІ.Үйге тапсырма: Мәтінді теру және түзету ережелерін оқып келуге.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

ИнформатикаМәтінді теру және түзету ережелері

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084918

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар