Мен компьютерді білемін

Мен компьютерді білемін

«Мен компьютерді білемін»

5-6 сыныптар

Информатика пәнінің мұғалімі:  Берсүгірова  Алтынгүл Әмірқызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №79 негізгі мектеп

 

Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілгенматериалдың өмірмен баыланысын ашы. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу.

 

Жоспары

1.    «ия және жоқ» бөлімі

2.    Қызықты сұрақтар

3.    Құпия суреттер

4.    Қиял әлемі (шығармашылық жұмыс)

 

Барысы:

-    «Таланттылар теріп үгіп, толғансын, тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», — деп бүгінгі «мен компьютерді білемін» атты ойынымызға кош келіпсіздер.

 

1 бөлім «ия және жоқ» деп аталады.

 

I ТУР ережесі: Әр ойыншыға 10  бірдей сұрақтар қойылады.  Сұраққа "иә” не "жоқ” деп  жауап беру керек. Әр дұрыс  жауап 10 ұпай деп саналады. 

 

1.    Монитор компьютер құрылысына жатама? (ия)

2.    Әріптерді енгізу үшін  тышқанды қолданамыз ба? (жоқ)

3.    Пернетақта қағаз шығаратын құрылғыма? (жоқ

4.    Кактус компьютердің алдына қою зиян ?(жоқ)

5.    Интерактивті тақта компьтер құрылғысына жатадыма?(жоқ)

6. Монитор әріптерді енгізу құрылысы ма? (жоқ)

7.    Монитор ақпаратты көрсету құрылғысыма ?(ия)

8.    Пернетақтасыз компьютерде жұмыс істеуге болады ма? (жоқ)

9.    Тышқан компьютер құрылысына жатадыма?( ия)

10.    Тышқан арқылы ақпарат енгізуге болама? (жоқ)

11.    Жүйелік блоксыз компьютер жұмыс істи алады? (жоқ)

12.    Принтерсіз компьютермен жұмыс істеуге болмайды ма? (ия)

13.    Жүйелік блок компьютердің негізгі құрылғысы? (ия)

14.    Принтер мәліметті шығару құрылғысы? (ия)

15.    Монитордан шыққан сәуле адамға пайдалыма? (жоқ)

 

Ойынымыздың екінші бөлімі «қызықты сұрақтар» деп аталады. Ойыншыларға ортақ сұрақ қойылады, бірінші қол көтерген ойыншы жауап беру құқығына ие болады

Дұрыс жауап 10 ұпай болып  саналады.

Сұрақтар

1.    Елеуішпен су әкелуге бола ма? /қар мен мұз күйінде/

2.    Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? /уақыт/

3.    Қандай ыдысқа су құйылмайды? /су толы ыдысқа/

4.    Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? /ауа/   

 

1.    Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.  (ток)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                    (сызғыш, линейка, ruler)

3.Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.    (мұз, лед, ice)

5.    Графиктік редактор аты.

(сурет, рисунок, paint)

6.    Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

        (ауа, воздух, air)

7.    Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

        (күн, солнце, sonne)                                                         

    Ойынымыздың келесі бөлімі «құпия суреттер».   Бұл кезеңде  3 геометриялық фигура беріледі. Әр фигуранын артында сурет жасырылған сол суреттің үстін жасырған кез

келген санды таңдап не жасырылганын табумыз керек.

     Біз енді ойынымызды ары қарай жалғастырайық. «Қиял әлемі »  сайысы.

Paint бағдарламасынан өз қалаулары бойынша сурет салу керек. 10 минут беріледі.

Сурет салып болғанша көрермендермен сайыс өткіземіз.

Жұмбақтарды шешу.

1.    Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ.      (мысық)

2.    Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

3.    Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.    (доп)

4.    Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнына,

Бізді алға көшірді.  (сынып)

5.    Құрт іліп, малып алдым,

Тереңнен балық алдым (қармақ).

6.    Пышақпен ұштала береді,

Бойы қысқара береді. (қарандаш)

7.    Аяғы жоқ,

Басы бар.

 

Іліп алған асы бар.

Тиген кезде қолыңа

Ауызыңа асығар.  (қасық)

8.    Қайда жүрсең

Қосарлана шабады

Үйге кісең

Босағада қалады.  (аяқ киім).

 

-    Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз, бүгінгі күн жеңімпаз атау өз қолдарыңызда.

-    Осымен бүгінгі  біздің «мен компьютерді білемін » атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

Осыған ұқсас жазбалар:

Информатика«Брейн-ринг» танымдық ойын сайысы.

ҰстаздарғаКод сағаты

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129963

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар