Меншіктеу операторы

12 қыркүйек 2014 - Админ

Сабақ жоспары. (Lesson studу№2 ) 7- сынып информатика пәні.

20- ақпан 2014ж

1

Сабақтың тақырыбы

Меншіктеу операторы

2

Сілтеме:

Интерактивті тақта, «Информатика негіздері» журнал2013ж №6,. «Оқушы анықтамасы» 7-11сыныптар.2007ж, Паскаль тілінде әдістемелік кітаптар.

3

Жалпы мақсаты

А) Паскал тілінде меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға меншіктеуді үйрену.

Ә)Топтық жұмыс жүргізіп, оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру

Б) тест жұмыстары мен тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін ашық түрде бағалау.

4

Күтілетін нәтижелер

А) Паскал тілінде меншіктеу операторының жұмысын, Паскал тілінде бағдарламада жазылуын үйренеді.

Ә) Топтық жұмыс жасау арқылы бір-біріне сыйластық қатынаста болып, сабақта белсенділік танытады.

Б) Оқушылар өздерінің тобына берілген тапсырмалар мен тест жұмыстарын бас бармақ және түрлі түсті жапсырғыш арқылы бағалайды..

5

Негізгі идеялар

Паскаль тілінде оқушылар программа құрып, блок- схемасын сызуға, берілген тапсырмалар мен тест жұмыстарын нақты орындауға, бір- бірін бағалауға, тобымен өзара келісе отырып жұмыстың нәтижелі болуына ықпал ету.

6

Оқыту әдіс тәсілдері.

«Мен саған, сен маған» сұрақ- жауап, постер, тест жұмысы, бағдарлама құру және оны қорғау, «дамино» ойыны

7

Ресурстар:

Түрлі түсті лента, тест парағы, АТК, үлестірмелі парақ(дамино ойынының), плакат, пламастер, жапсырғыштар(түрлі түсті)

8

Дерек көздері

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz;

«Паскаль» тілінде программалау негіздері» А. Б. Дәулетқұлов. Алматы-2005;

«Информатикадан тестік тапсырмалар жинағы» Б. Бөрібаев, әдістемелік құрал;

Оқушы анықтамасы. 7-11 сыныптар «Арман-ПВ» баспасы;

«Жаттығулар мен тапсырмалардың шешулері» М. Бексарыұлы

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут. Оқушыларды түгелдеу, оқу- құралдарын тексеру.

Сабаққа дайындығын бақылау

2

Сергіту сәті.

Оқушылар бірін- бірі бағалайды. Бас бармақпен.

1-минут

«Мен саған, сен маған» оқушылардың бір- біріне сұрақ- жауабы.

3

Оқушыларды топқа бөлу

    І топ «Енгізу» тобы

    ІІ топ «шығару» тобы

    ІІІ топ «блок- схема» тобы 1-минут

4

4.1

Постермен жұмыс

Оқушы жұмыстарын бағалау

Бас бармақ арқылы

Әр топ топ басшысын сайлап, өздерінің аттарын қорғайды.

    І топ «Енгізу» тобы

    ІІ топ «Шығару» тобы

ІІІ топ «Блок- схема» тобы плакатқа пламастермен өз жұмыстарын топ болып жазып, бір оқушы қорғайды.

10- минут

5

Жаңа сабақ.

Интерактивті тақтамен презентация арқылы түсіндіру.

Меншіктеу операторы . Жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне сәйкес келуі тиіс. Литерлік, символдық айнымалылардың мәндерін апостроф арқылы меншіктеу керек.

Жазылу үлгісі:

<айнымалы>: = < өрнек >

:= — меншіктеу белгісі

Айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс.

Х:=4. 5; У:= sgr (a) + sgr (b ); d:=sgr(b)-4*a*c; 10 минут

6

Топпен жұмысы

Үш топқа тапсырма.

Есептерге бағдарлама құру,

Блок- схемасын сызу

Оқушылар жұмыстарын бағалау.

Бас бармақ арқылы

І топ «Енгізу» тобы физикалық есеп. Жүрілген жол және оған кеткен уақыт берілген. Жылдамдықты табу.

Паскаль тілінде программа құрып, енгізу операторы мен меншіктеу операторын көрсету.

№1 ύ=s/t

Program jul;

Var s,t, ύ: real;

Begin readln ( s,t);

ύ:=s/t;

Writeln (‘ύ=’,ύ);

End.

ІІ топ «Шығару» тобы

Төртбұрыштың ауданын тап. Екі қабырғасы берілген. Ауданын табу. S:=a*b

№2

Program aud;

Var a,b, s: real;

Begin readln ( a ,b );

S:=a*b;

Writeln (‘S=’,S);

End.

ІІІ топ «Блок- схема» тобы

№3 Үшбұрыштың периметрін табу. Үш қабырғасы берілген.

Р:= a+b+c

Геометриялық фигураларады пайдалану

14 минут

7

Тест жұмысы.

Оқушылар жұмысын бас бармақ және түрлі жапсырғыш арықылы бағалау.

    1.Паскаль тілінің дұрыс жазылған меншіктеу операторы белгісін көрсетіңіз:

    А) = Ә) := Б) >=

2. Паскальда шығару операторы

А) Read; readlnӘ) write; writeln Б) Begin

3. √х Паскаль тілінде жазылуы

А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)

4. IХI х- тің модулі Паскаль тілінде жазылауы

А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)

5. Х² Паскаль тілінде жазылуы:

А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)

6. Блок схемада енгізу шығару операторын қандай

геометриялық фигурамен белгілейміз.

А) Ә) б) 3 минут

8

«Дамино ойыны»

Үш тілді меңгерейік. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөздіктерді бір- біріне сәйкестендіріп құру.құру

Егер, шығару, енгізу, шығу, соңы, әзірше

Пока, если, вывод, выход, ввод, конец

While, IF, WRITE, READ, EXIT, END

Әр оқушы оператордың қазақшасын, орысшасын, ағылшын сөздерді тауып, үлестірме парақтарын тізбектей орналастыру

3 минут

9

Қорытындылау

Сұрақтар арқылы:

1.Меншіктеу операторы Паскаль тілінде қалай жазылады?

2.Паскаль тілінде қате жолды тексеру үшін.

3.Паскаль тілі қай жылы пайда болда? (1975ж)

4. Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын кім жасады?

( 1968ж Стэнфорд университетінің информатика

кафедрасының профессоры: Никлаус Вирт жасады.

5. Енгізу шығару операторлары. (WRITE, READ)

2 минут

10

Үй жұмысы.

Меншіктеу операторы. Үшбұрыштың ауданын табу прораммасын құрып келу. 1 минут

Рефлексия

    1.Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?

    2.Бүгінгі сабақта не қиын болды?

    3.Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

Мұғалімнің кері байланысы

Оқыту нәтижесі.

Не сәтті болды?

Не сәтсіз болды?

Нені өзгертіп дамытар едім?

Информатика пән мұғалімі: Ж. Опашова

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148530

Пікірлер (1)
Нурия # 29 қараша 2014 в 10:17 0
Сабақ жоспары ушин коп-коп рахмет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар