Нөмірленген және маркерлеген тізімдер

10 сәуір 2015 - Күлзия Есенқызы

Бекишева Кульзия Есеновна

Астана қаласы

№56 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі

Сабақ жоспарының үлгісі


Сынып:6

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер

Сабақтың мақсаты:MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету.Нөмірленген жәнетаңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту.

Оқушылар білуі тиіс: «тізім» түсінігі, тізім түрлерін (нөмірленген, таңбаланған), нөмір-

ленген және таңбаланған тізім жасаудың тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: әртүрлі тәсілдермен нөмірленген және таңбаланған тізім

жасауды, тізімнің нөмірі мен мәтінін пішімдеуді.

Сабақтын барысы

IҰйымдастыру кезеңі

IIСабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

IIIОқушылардың білімдерін тексеру

Окушылар компьютерден мұғалім ұсынған тапсырмалар көрсетілген файлдарды ашады.

1-тапсырма

1.Берілген мәтінді редакциялаңдар.

Word мәтіндік редакторының мәтінді теру мен редакторлауды қамтитын (мысалы, блокнот мәтіндік редакторы) басқа мәтіндік редакторларға карағанда мүмкіндіктері көп Мысалы: құжатқа мәтінді пішімдеу, әртүрлі суреттер, сызбалар мен кестелер, графиктер қосу, т.б. Әртүрлі процессорлар мәтінмен жұмыс істеудің түрлі қызметін қамтиды.

Mазмұнының бірінші көшірмесінің орны (мәтін келесі жолдан басталуы керек):

2.Бұл мәтіннің екі көшірмесін жасаңдар да, оларды бетте көрсетілген орынға қойыңдар.

3.Абзац өлшемдерін келтіру: аралық — жартылай; азат жол — 1 см; түзету — сол жақ шетінен.

4.Файлды өз аттарың мен тектеріңді көрсетіп, папкаларыңда сақтаңдар.

5.Жарлықты жұмыс үстелінде орналастырыңдар.

Мәтіннің екінші көшірмесінің орны (мәтін келесі жолдан басталуы керек):

6.Абзац өлшемдерін келтіру: аралық — жартылай; азат жол — 1,25 см; түзету оңжак шетінде.

7.Мәтіннің қарпін 14 пт етіп өзгертіңдер.
2-тапсырма

1.Мәтін теру кезіндегі жіберілген қателерді табыңдар, түсіндіріңдер, түзетіңдер. Қалып қойғанкомандаларды қойыңдар.

Символдар кестесі______________________ командасы арқылы шақырылады. Әріпті өзгерту үшінжолақ тіркеме парағы немесе жанама мәзір____________________ шакырылады. Математикалық өрнекті мәтіндерді теру үшін жоғарғы және төменгі

индекстер мүмкіндіктері пайдаланылады.

Мәтінді пішімдеуде пішімдеу сызғышын тіркеме парағы _________________________________________

немесе диалогтік терезені __________________________________ пайдалануға болады.

2.Редакцияланған мәтіннің орфографиясын тексеріңдер.

3.Мәтіннің бірінші және екінші абзацтарының орындарын ауыстырыңдар.

4.Редакциялау атауымен өз папкаларыңда құжатты сақтаңдар.

Тапсырмалар берілген файлдарда ғана орындалады. Оқушылардың кұжатты редак­циялау, орфографиясын тексеру, мәтін бөліктерімен жұмыс дағдылары тексеріледі.

IV.Білімді өзектендіру

•Тізім дегеніміз не?

•Қандай тізімдермен таныссыңдар?

V.Жаңа материалды оқып-үйрену

Мұғалім «тізім» түсінігін енгізеді. Нөмірленген және таңбаланған тізімдерге мысалдар келтіреді.

— Таңбаланған тізімдермен таныссыңдар, өздерің де жасадындар. Естеріңе түсіріңдер, қандай батырма таңбаланған тізімді көрсетеді?

Таңбаланған тізім

Оқушылар таңбаланған тізім кұру алгоритмі туралы айтып береді. Мүғалім жауаптарды толықтырып, экраннан таңбаланған тізім батырмасын табуды сұрайды. Таңба түрінің өзгеру мүмкіндігі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратындықтан материалды ары қарай игерту мақсатында түсіндіруді осы жерден бастау тиімді. Мұғалім окушыларға достарының таңбаланған тізімін құруды тапсырады. Окушылар кез келген таңбаны қолдана алады.

Нөмірленген тізім

Мұғалім нөмірленген тізім жасаудың алгоритмін түсіндіруге көшеді. Алгоритм түсінігі қиындық тудырмайды, себебі ол таңбаланған алгоритм кұруға ұқсас. Нөмірленген тізімнің өзгеруі диалогтік терезе элементтерін талдауды зерттеу нысанасы ретінде оқушылардын өздеріне тапсыруға болады. Мұғалім өз беттерімен зерттеуге бірнеше минут уакыт береді. Оқушы өзінің нәтижелері туралы айтып береді, өзгелері оны толықтырады. Алдымен сезініп, соңынан естіген материалдың есте сақталатыны белгілі.

Зерттеу нәтижесінің қорытындысын шығарған кезде мұғалім тізімді жөндеу тәртібіне көңіл аударады: алдымен нөмірлеу таңдалады, кейін нөмір пішімі таңдалады.

Тізімді толтыру

Тізімнін бірінші деңгейінің нөмірі пайда болғаннан кейін оқушылар мәтінді теріп, Enter-ді басады. Тізімнің екінші нөмірі шығады. Оқушылар назарын Backspace батырмасының тізімді аяқтайтынына аудару өте маңызды. Нөмір қайта пайда болу үшін курсорды бірінші жолдың аяғына апарып, кайтадан Enter-ді басу керек.

VI. Бекіту

Окушылар тізіммен жұмыс істеу дағдысын игеріп, деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмыстар орындайды. С деңгейі тапсырмасын орындау үшін көпдеңгейлі тізімді пайдалану қажет.

VIІ. Қорытындылау

Мұғалім тәжірибелік жұмыстар үшін баға қояды.

VIІІ.Үй тапсырмасы § 19-ды оқу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083512

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар