Обьектілерді іздеу.Бумалармен белгішелерді құру.Атын өзгерту. Практикалық жұмыс

7 ақпан 2014 - Аймуха
Обьектілерді іздеу.Бумалармен белгішелерді құру.Атын өзгерту. Практикалық жұмыс

Күні:  6 а, д 17.10.13ж 6 в, г 18.10.13ж  6 б 19.10.13ж 6ә 21.10.13

Сабақтың тақырыбы:Обьектілерді іздеу.Бумалармен белгішелерді құру.Атын өзгерту. Практикалық жұмыс 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу                   тәсілдерімен және файлдар,  қапшықтар,  таңбашалар, себет  ұғымдарымен  таныстыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

                                 1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                 2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

                                 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                 4.Тапсырмаларды орындау

                                 5.Сабақты бекіту

                                 6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

      Windows  объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.

       Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.

      Объектілердіжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:

Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады. Онда келесі: егер көшіру қажет болса,

Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.

Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift  пернелер қолдануға болады.

Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.

Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

     Объектілерді басқа қапшықтарға бұл  қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе  жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек. 

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту

  Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің  Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат  алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

  Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

  Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың  арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

   Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

   Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

   Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады. 

   Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.

 

    Копировать    Вырезать    және    Вставить    командаларын

    пернетақтаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl+C, 

    қиып алу үшін Ctrl+X, қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl+V

     пернелерін басып шақыруға болады.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау

Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңаат жазу

.

Үйге тапсырма: Обьектілерді іздеу.Бумалармен белгішелерді құру.Атын өзгерту. Практикалық жұмыс 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141967

Пікірлер (1)
Асет Имангаликов # 14 ақпан 2015 в 16:35 0
Аймуха

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар