Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер.

7 ақпан 2014 - Аймуха
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер.

Күні:  6 Ә, В 14.10.13ж 6 А, Б 16.10.13ж  6 Г, Д 17.10.13ж

Сабақтың тақырыбы:Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелерімен таныстыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі:  прпктикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

                                 1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                 2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

                                 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                 4.Тапсырмаларды орындау

                                 5.Сабақты бекіту

                                 6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы прграммалар және прграммалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік программалардың ішіндегі ең негізгісі операциялық жүйе (ОЖ) болып табылады.

Операциялық жүйелердің түрлері өте көп. Біз мектепте жәнге үйде тұрған компьютерлердің операциялық  жүйелерін ғана қарастырамыз.Бұдан біраз уақыт бұрын  мұндай компьютерлерде  МS DOS ОЖ-сі тұратын.Қазіргі кезде кең тараған жұйелер: Windows 2000,   Windows XP  Windows 7.

Файлдар мен қапшықтар

Файл   дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та  бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.

           Әр файлдың аты  болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның  типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

           Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

           * .bmp   Paint

           * .doc  Word  WordPad

           * .txt   Блокнот қолданбасының құжаты

           * .wav  Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.

           * .avi  Бейне — клип

           * .xls  Excel кестелік процессорының құжаты

           * .ppt  PowerPoint  қолданбасының тұсаукесері

 Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі  бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне  қағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете  алады.

            Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар  да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

          Қапшықтар екі түрлі болады:

    -кәдімгі қапшық-каталогтар;

   — арнайы қапшықтар (Менін компьютерім,  принтерлер және т.б.)

   Қапшықтарды құру оның құрылымы:

        Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады: Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.

     Терезеде жаңа қапшық құру:

      Қапшықты ФайлСоздатьПапка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.

   Жұмыс үстелінде жаңа  қапшық құру:

     Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

СоздатьПапка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.

     Танбаша-бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетібар пиктограмма, Объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі

Немесе терезедегі жай белгіше, ол  Windows98-дегі қандай да бір объектіге: файлға,қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б сәйкес келеді.

Танбаша жеке бір обьект емес, ол файлға сілтымы ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.

      

Үйге  тапсырма: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.Файлдар, бумалар және белгішелер

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаОперациялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115418

Пікірлер (1)
Эльмира # 6 қазан 2014 в 01:15 0
Сәлеметсізбе әріптес!
Менің жүмысқа орналасқаныма 1 жылдан асты, бірақ әлі информатика пәнінен шығармашылық тақырыбым жоқ. Өтінемін көмектесінізші!
Мына эл. почтаға krikbaeva79@mail.ru

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар