Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

10 сәуір 2015 - Күлзия Есенқызы


Бекишева Кульзия Есеновна

Астана қаласы

№56 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі


Сынып:7

Сабақтың тақырыбы: Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

Сабақтың мақсаты: бейнелерді кадрлауды, өлшемін, түсін өзгертуді үйрету

Оқушылар білуі тиіс:

Бейнелердің қасиеттері туралы ақпаратты қалай алуды, өлшемін өзгертуді, түсін баптауды

Оқушылар үйренуі тиіс:

Бейнелердің қасиеттері туралы ақпарат алуды, өлшемін өзгертуді, кадрлауды, бұруды, түс балансын, жарықтығын, контрастылығын баптауды, растрлық бейнелеуді жариялауды.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

III. Білімді өзектендіру

Сәйкестік орнатыңдар:

•біртүсті бейнелеу аймағын кішірейту есесінен акпаратты шығынсыз сығымдауға мүмкіндік беретін формат, қолданылатын түс саны— 256.

•GIMP програмасының төл форматы

•Windowsоперациялык жүйесінің эмбебап растрлық форматы

•GIMPпрограммасында гана қолдану емес. сонымен қатар түстің ашыктығын камтамасыз ететін формат

•сканерленген фотосуреттер мен суреттердің тиімді сығымдалу алгоритмін жүзеге асыратын растрлық графикалық файл форматы, кемшілігі — ақпараттың жоғалуы.

Оқушылар келесі жауаптарды алуы керек:

•GIF

•XCF

•BMP

•PNG

•JPEG

Мұғалім жақсартуды қажет ететін фотосуреттерді көрсетеді.

Сұрақтар:

Берілген фотосуреттердің қандай кемшіліктөрі бар?

Бұл ақауларды жөндеуге бола ма? Фотосуреттер жақсы көрінуі үшін қандай манипуляциялар орындалуы керек?

Бүгінгі сабақта біз бейнелеудің кадрлау, өлшемін, түсін, жарыктығын жақсарту сияқты тәсілдері туралы оқып үйренеміз.

IV. Жаңа материалды оқып үйрену

Окушылар компьютерде GIMP графикалық редакторын ашып, оның терезесіне фотосуретті жүктейді.

Мұғалім экранда окып үйренуге арналған бұйрықтарды көрсетеді, оқушыларға өз беттерімен осы бұйрықтарды орындап көруді ұсынады. / Берілген бұйрықтар нәтижесін талдау.

V.Жаңа материалды бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды

VI.Қорытындылау

Практикалық жұмыстардың орындалуын бағалау

VII.Үй тапсырмасы

§27 оқу, бақылау және тест сұрақтарына жауап беру, тапсырмалар орындау.

Практикалық тапсырма орындауға арналған контурлық суреттің электрондық нұсқасын дайындау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124353

Пікірлер (2)
Жанатбек # 15 сәуір 2015 в 01:05 0
Сабагыныз тамаша жазылган екен
дильназ # 13 сәуір 2016 в 10:42 0
жаксы бирак кателери юар

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар