Сабақтың тақырыбы: Презентация обьектілеріне анимация қою.

1 мамыр 2014 - infust

Саякеева Гульмира Ақбергенқызы. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы «Бейнеу лицейі» мм-нің математика және информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Презентация обьектілеріне анимация қою.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі, ақпарат сақтау жады, сыртқы жад түрлерінің таныстыру, оларды пайдалану ережелері.

Дамытушылығы:компьютер сауаттылығын арттыру,құрылғыларының қолдану ережелерін айтып түсіндіру;

Тәрбиелігі:этикалық, эстетикалық қабілетін арттыру,өз бетімен жұмыс істеп,іздене білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: слайд, интерактив тақта, тест.

Сабақ түрі:аралас;

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, дамытушылық;

Ұйымдастыру:1: Бақылау сұрақтары

2.жаңа сабақ

3.жарнама

4.Өзін-өзі тексеру

5.Бағалау

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

А)оқушыларды түгендеу

Б)оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үйге тапсырманы тексеру

Сұрақ-жауап

1.Слайд дегеніміз не?

2.PowerPointбағдарламасын қалай іске қосамыз?

3.Терезе құрылымы саны нешеу?

4.Көрмені сақтау әмірін қалай орындаймыз?

5.Презентация деп нені айтамыз?

6.Фонды қалай қоямыз?

7.Жедел көмекті қалай алуға болады?

8.Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?

II кезең.Жаңа білімді игеру

Презентация объектілеріне анимация қою.

PowerPointкөрмесі өзге бағдарламалар құжаттарын мультимедиалық нысандарды бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б.қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.Өзгертпелі жан бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін-мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектердің артынан ұшып шығуы таңдауға болады.Жан бітірім параметрлердің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды.Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады.

Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз.Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады.

Жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек.

IIIкезең.Жарнама

Маған айтып берсең ұмытып қалармын,

Көрсетіп берсең есте сақтармын,

Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.

Әр оқушы компьютерлеріңіздің

PowerPoint Программасында Жарнама дайындап,өзіңізге ұнаған анимациялық эффекті мен ауысу түрін пайдаланып слайд жасаңыздар.

IV.Қорытындылау.Тест

I нұсқа

    1.PowerPoint .....әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы

    А)электронды кестелерді

    Б)презентацияны

    В)есептерді

2.Слайдтарды көрсету мәзірінен қандай әмірді орындаймыз?

А)Пәрменді үстеу

Б)Дайындау

В)Жан бітірімді баптау

3.Жоғары сапалы презентация құруға мүмкіндік беретін программа?

А)Ms Access

Б)Ms Word

В)Ms PowerPoint

4.Презентацияны сақтау үшін қай әмір орындалады?

А)бояу және түс әмірі

Б)көрініс

В)Сақтау әмірі

5.Пішімдеу құралдар үстелі… батырмаларды қамтиды.

А)пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды.

Б)слайд жасауға арналған батырмаларды

В)құжат ақпаратын қамтиды.

II-нұсқа

1.Презентацияларды әзірлеуге арналған бағдарлама...

А)Word

Б)Power Point

В)Excel

2.Жан бітірімді баптау әмірін таңдағанда.......Құралдар үстелі пайда болады.

А)Настройка анимация

Б)Фильмдер

В)Сақтау

3.Көрмені түрлі нысандарын құралатын бөлігі қалай аталады?

А)Сурет

Б)бет

В)слайд

4. PowerPoint бағдарламасы терезесінде Жан бітірімді баптау әмірі қай мәзірде орналасқан?

А)Сурет салу

Б)Файл

В)Слайдты көрсету

5.Анимация дегеніміз не?

А)Жан бітірімге мүмкіндік береді

Б)Слайд көрсетеді

В)Есептерді шығарады

V.БағалауVI. Үй жұмысы:1.6.5тақырып.

«Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері»тақырыбына реферат жазу.

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаДыбыс. Дыбыс сипаттамалары

Қазақ тілі"Тұңғыш Президент" атты Қаныш Сәтбаев туралы ашық сабағының жоспары

МатематикаБір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

ҰстаздарғаДиалогтық оқыту

Жаратылыстану бағытыКоучинг тақырыбы:Оқыту мен оқуды бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062454

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар