Зерде интеллектуалды ойыны

20 маусым 2015 - Зейнеш Таңжарова

Сабақтың тақырыбы: «Зерде интеллектуалды ойыны»


Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.


Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.


Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл — ойын жан — жақты дамыту.


Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: сайыс сабақ


Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, логикалық тапсырма,

компьютермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Зерде интеллектуалды ойынына» қош келдіңіздер!


Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар — дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Зерде интеллектуалды ойыны» сайысына 5-ші сыныптардан құралған мына оқушылар қатыса алады.

1.5 а сынып оқушылары Саламат Маусымжан, Нармаханбет Б

2.5 ә сынып оқушылары Нармаханбетқызы Ә,Өмірзақ Д

3.5 б сынып оқушылары Нахан А, Таңірберген Е

4.5 в сынып оқушылары Совет А, Нурадил А

Сайыс 4 тур бойынша өткізіледі.
І. тур. «Тақырыптар әлемі»
ІІ. тур. «Кім жылдам»
ІІІ. тур. «Логикалық тапсырма».
ІV. тур. «Ойлан тап».
Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді — дей отырып, оқушылардың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Инновация ісінің меңгерушісі Ниязқұлова Шайзада апай

Оқу ісінің меңгерушісі Зиманов Құмар ағай

Информатика пәні мұғалімдері Утешова К, Қуатбаева Ж

Ендеше 5 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Зерде интеллектуалды» сайысын бастайық.

І. кезең. «Тақырыптар әлемі» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде тақырып таңдайды. Әр тақырып 10 сұрақтан тұрады, дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Тақырыптар әлемінің сұрақтары

Информатика және ақпарат

1.Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері қалай аталады? Информатика

2.Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтерді қалай атаймыз? Ақпарат

3.Ұйқыдан оянатын уақыт келгенін жеткізетін ақпаратты ата? Естілетін ақпарат

4.Ақпарат қабылдау тәсілдері бойынша нешеге бөлінеді? 5-ке

5.Бейнелеу тәсілдері бойынша бөлінетін ақпарат түрлерін ата? Сан, мәтін, графика, дыбыс, видео

6.Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Өзекті болғанымен уақыт өте өзектілігін жояды.бұл қасиетті қалай атаймыз? Өзектілік

7.Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды қалай атаймыз? Ақпаратты жеткізу арнасы

8.Ақпаратты жеткізу жылдамдығын қалай өлшеуге болады? Битс немесе байтс

9.Бит қандай мәндерді қабылдай алады? 0 және 1

10.Бір байт қанша битке тең? 8

Компьютер

1.Күрделі құрылғылардың жиынын не деп атаймыз? Компьютер

2.Компьютерлердің қандай түрлерін білесіз? Суперкомпьютер, үлкен компьютер, дербес компьютер, сервер

3.Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді қалай атаймыз? Серверлер

4.Жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі? Аналық тақша

5.Жүйелік блоктың “миы” Процессор

6.Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаратын құрылғыны ата? Принтер

7.Тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері? Сыйымдылық

8.Компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғыны ата? Модем

9.Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізетін құрылғы? Сканер

10.Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы? Видеокарта

Программалық жабдықтама

1.Компьютерде сақталатын барлық программаларды не құрайды? Программалық жабдықтама

2.Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа? Операциялық жүйе

3.Программалық жабдықтамаларды ата? Жүйелік, қосымшалар, программалау жүйелері

4.Экранда әртүрлі қозғалатын суреттерді пайдалану үшін нені қолданамыз? Бетперде

5.Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны болып табылатын ...? Терезе

6.Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі? Файл

7.Нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші? Жарлық

8.Компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аумақ? Алмасу буфері

9.Файлды сол атпен сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек? Сақтау

10.Интернет желісінде жұмыс істеу үшін… пайдаланылады? Желілік қосымшалар

Paint графикалық редакторы

1.Қандай графикалық редакторларды білесіңдер? Paint

2.Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа? Графикалық редактор

3.Растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор? Paint

4.Растрлық бейненің ең кішкентай элементі? Пиксель

5.Суретті тұтастай қалай ерекшелеуге болады? Ctrl+A

6.Масштабы өзгермеген сурет мөлшері өзгере ме? Өзгермейді

7.“Трансформация” сөзі қандай мағына береді? Түрлену, алмасу

8.Суретті басып шығару үшін қолданылатын бұйрық? Paint => Басып шығару

9.Егер алмасу буферінен мөлшері Paint-тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады? Сурет салу аймағы кеңейеді

10.Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады? Мәтін

Мәтіндік редактор

1.Мәтінмен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер? WordPad

2.Бір-бірімен тыныс белгілер немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі? Сөз

3.Мәтіндік редакторға сызғыш не үшін керек? Шегіністерді орнатуға

4.Символдарды жою үшін қандай пернелер қолданылады? Delete

5.Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру үшін… пернелер тіркесін басамыз? Ctrl+C

6.Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді? Бас тіркеме беті

7.Кегль деген не? Әріптің мөлшері

8.Курсордан оң жақта орналасқан символды жоятын перне? Delete пернесі

9.Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілкен жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі? Табуляция

10.Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша қалай аталады? Мәтіндік курсор

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер — дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІ. кезең. «Кім жылдам» кезеңінде берілген тапсырма бойынша оқушылар компьютерде мәтін тереді. Дұрыс жазған, сауатты жаза білген топқа 20 ұпай беріледі. Тапсырмалар

1.Қазақ хандығының 550 жылдығы

2.Ұлы Отан соғысына 70 жыл

3.Қазақстан Республикасының Ассамблиясына 20 жыл

4.Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл

Осы тақырыптар бойынша шығарма жазады. Кезеңнің шарттары:

1.Тапсырманың орындалу реті

2.WordPad мәтіндік редакторын жүктеңдер

3.Мәтіннің размерін 14-пен жазыңдар

4.Мәтіннің гарнитурасын Times New Roman-мен жазыңдар.

Мәтінді теру жылдамдығы 10минут беріледі. Сол минут ішінде мыналарды ескеру керек. 55-60 сөз терсе 20 ұпай беріледі.

50-55 сөз терсе15 ұпай беріледі

45-50 сөз берілсе 10 ұпай беріледі.

«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

ІІІ. кезең. Логикалық тапсырмалар

Логикалық тапсырма
Бір шырпыны қозғап 20-санын шығар


Бір шырпыны қозғап 40-санын шығар


Жауабы:

Бір шырпыны қозғап 16-санын шығар


Жауабы:

«Ойлан тап!» сұрақ жауап кезеңі… Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Компьютердің атасы кім? (Чарльз Бэббидж)

2.Деректер бойынша шамамен жасы 2000 — 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот)

3.Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)

1. Ең бірінші программа құрған оқымысты… (Ада Лавлейс)
2.Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?(Интерфейс) Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Зерде интеллектуалды ойыны» атты сайыста «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068851

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru