Үздік информатиктер. Сайыс сабақ

19 қаңтар 2015 - Гульпан Маманова

Сайыстың тақырыбы: Үздік информатиктер.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және қатысушылар арасынан жігерлі, білімді және компьютерлік сауаттылығы жоғары команданы анықтау.

Ата – салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Үздік информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берсін әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер

Әділқазылармен таныстыру.

Бүгінгі «Үздік информатиктер» сайысына 3 команда қатысады.

7, 8, 9 сыныптар. Сайысымыздың 8 кезеңі болады.

Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың атын, эмблемасын және ұранын. Команда капитандар шар үрлейді. Кімннің шары бірінші жарылса сол команда сайысты бірінші болып бастады.

Демеймін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.

Командалар өздерін таныстырады.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

І тур Бәйге

Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші туры «Бәйге» сайысын бастаймыз. Әр командаға 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Әр жауап 1 ұпайдан есептеледі.

ІІ тур ПОЛИГЛОТ. Бұл кезеңде оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.

1. Қабат — қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап — книга — book)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш — линейка — ruler)

3. Үйдің негізгі бөлшегі немесе Windows-тың негізгі объектісі (Терезе, окно, windows)

4. Құжатты сақтау командасы(Сақтау, сохранить как, save as)

5. Сурет салу құралы? (Қарындаш, карандаш, pensil)


1. Білекті… жығады,
Білімді мыңды жығады.
(бір — один — one)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкене күн көзін

(шам-лампочка-lamp)

3. Оң жақтағы символды өшіру пернесі? (Алып тастау, удалить, delete)

4. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы(монитор, screen)

5. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал(компьютер, computer)

1. Өнер алды қызыл ……. (тіл-язык-languade)

2. Асық ойнаған азар,
…… ойнаған тозар
Бәрінен де мал бағып,
Ет жеген озар. (доп-мячь-ball)
3. Бізді қоршаған ортадағы мәліметтер тобы
(ақпарат — информация — information)
4. Компьютердің басқару құрылғысы
(тышқан — мышка — mouse)5. Терезені жабу батырмасы? (Жабу, закрыт, exit)

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

(Асан Қайғы) — дей келе келесі ІІІ тур ҚИЯЛ ӘЛЕМІ сайысымызды бастайық.

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.

1. Егер мен робот болсам…

2. Егер мен хаккер болсам…

3. Егер мен президент болсам…

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.

Келесі ІV тур ҚАЙ СӨЗ АРТЫҚ? Бұл сайыста ойыншыларға адасқан әріптер беріледі, адасқан әріптерді тауып, артық сөзді алып тастайды.

V. Капитандар сайысы

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермейік»
«Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік. Келесі тур «Капитандар сайысы». Әр топтың капитаны сұрақтың түсін таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

VІ тур Құпия алаң

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – – деп, ойынымызды бастайық.

Келесі VІІ тур Мынау не? Әр топтың кез-келген мүшесі суреттегі құрылғыны атайды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Тартысайық сайыста, күш жігермен.
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен. –дей отырып ойынымыздың 8-ші турын бастаймыз. 8 тур Жұмбақ шешу. Командалар жасырлған ұяшықтағы жұмбақты таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпаздарды анықтап марапаттау.

Марапаттау

Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатиктер» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен командаға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066240

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru