Шеберлік- сынып

28 қаңтар 2016 - Алтынай Есенбекова
Шеберлік- сынып

«Оқу үрдісінде ақпаратты коммуникативті технологияларды қолдану»шебер-сыныбы

Мақсаты: Оқу үрдісінде ақпаратты – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің қызығушылығын арттыру, оқу процессін жүйелеу, тәжірибе алмасу.

Міндеті: Оқу үрдісінде ақпаратты – коммуникациялық технологиялардың негізгі жетістіктерін көрсету. Prezi.com бағдарламасы арқылы мультимедиялық презентациялар даярлау және ұялы телефонның жаңа технологияларының бірі — Socrative бағдарламасының көмегімен студенттердің білім сапасын тексеру.

1. Prezi презентациясын қалай дайындаймыз?Prezi.com бағдарламасы – интерактивті мультимедиялық презентациялар жасау үшін қолданылатын веб-сервис. Бұл сервистің презентацияны визуаландыруда мүмкіндіктері көп.1. www.prezi.com сайтына тіркелу қажет.

2. Өз электронды поштаныз бен парольды енгызып, Register and Continue батырмасын басыңыз.

3. Сіздің электронды поштаңызға ілеспесі бар хаттама келеді, сол бойынша жүру керек.Енді сіз өз презентацияңызды жасауыңызға болады. Барлық презентациялар автоматты түрде серверда сақталады. Сайтқа кіру үшін өз логиніңіз бен парольіңізді қолданасыз.

4. Тіркелгеннен кейін мынадай Prezi жеке кабинеті ашылады.5. Жаңа презентация әзірлеу үшін New Prezi батырмасын басыңыз.

6. Prezi шаблонын таңдаңыз, мысалы Ripples. Use template батырмасын басыңыз. Сізде мынадай терезе пайда болады.

7. Insert командасы арқылы әртүрлі объектілер: сурет пен фреймнан бастап You Tube видеоларына дейін қоюға болады.

8. Customize командасы сурет фоны (Background image) мен әзірлеме тақырыбын (Theme) өзгерту үшін қажет.

9. Барлық фреймдарға кез келген ақпарат қоюға болады.

10. Файлды сақтау керек.

11. Әзірленген презентацияны көру керек.

12. Локалды нұскасын сақтау қажет. Ол үшін Share/ Download as portable prezi командасын таңдаймыз. .zip архиві Download бумасында сақталады.

13. Файлды ашып, презентацияны локалды қосу керек.2. Оқу үрдісінде мобилді технологияны қолдану. Socrative сервисі.Ілеспе: http://www.socrative.com/Socrative сервисі оқытушыға сабақ барысында студенттердің білімін тексеруге мүмкіндік беретін онлайн дауыс беру жүйесі. Socrative қосымшасы қолданыста өте қарапайым. Тестілеу немесе статистикалық сауалнама Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы жүзеге асады. Тапсырма студенттерге үш түрлі нұсқада беріледі: тест түрінде, дұрыс/дұрыс емес нұсқасы және қысқаша жазбаша жауап түрінде.

Оқытушы әрекеттерінің алгоритмі:1. Жұмысты бастау үшін оқытушыға тіркелу қажет, ол үшін t.socrative.com сайтына кіріп логин мен парольді енгізесіз 2. Бірнеше сауалнама сұрақтарын құрыңыз. Manage Quizzes батырмасын басыңыз. 3. Жұмысты бастамас бұрын студенттерге өз виртуалды бөлмеңіздің нөмірін айтыңыз. Студенттердің саны 50-ден аспауы қажет. Студент ресурсқа кіріп оқытушы айтқан нөмірді, аты-жөнін, фамилиясын енгізеді.4. Тест қорытындысын Google кестесі түрінде берілген интерактивті есеп арқылы немесе Excel файлын электронды поштасынан көре алады.

Қорытынды Әрбір студенттің білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық – коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115405

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар