«Ғажайыптар әлемі» атты математикалық сайыс

4 наурыз 2016 - Манчук Айтымбетова

Күні: 21.01.16ж                                 Сыныбы: 6а, 6ә, 6б, 6в, 6г

 

«Ғажайыптар әлемі»атты математикалық сайыс

 

Мақсаты:оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Барысы:

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» — деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді» — деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды,

Әр қашанда нанымды, — деп Абай атамыз айтқандай 6- сыныптар арасында өткелі отырған сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында

Математика 4 амал негізінде

Туындатқан талайдан келбетінде

Жұмбақ әлем болғанмен ей замандас

Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде

Математика, математика қандай қиын

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін

Амалдардың тек қана көмегімен

Орындалар сансыз көп байлам түйін

Болашақ білім — ғылым тұтқасында,

Мұны әркім әрқашан ұстасында

Заманның компьютердей кезеңінде

Математика тағы тұр көшбасында

 

Математикалық сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтейік.

1-сайыс. Топтардың сәлемдесуі

2-сайыс. Блиц — турнир

3-сайыс. Пингвиндер сайысы.

4-сайыс. Жүйрік болсаң, озып көр.

5-сайыс. Ойымды жалғастыр.

6-сайыс. Көсемдікке ұмтылу

Қорытындылау

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік:

1.     _________________________________________

2.     _________________________________________

3.     _________________________________________

4.     _________________________________________

Жүргізуші:

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де – есеп

Ауырсаң, іше – тұғын  дәрі де есеп

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Есеппен сайысады қос команда

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш – өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Ал кәнекей, кім шығады сайысуға

Ортаға 6-сынып оқушыларынан құралған «Барыс» және «Тұлпар» топтарын шақырамыз.

Ал, кәнекей сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық – деп сөз кезегін әр топқа береміз (таныстыру, ұраны)

«Барыс»тобы:

Егеменді Қазақтың біз ұраны!

Өз Туы бар, Елтаңба, Әнұраны!

Үмітін ақтайтын біз ақ – ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны!

Бабалар рухы өзің қолда!

Жеңіс тек бізде болар осы жолда!

Достар – ау, сендерде бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдында, оң мен солда!

Құны бір құрдас, жаны бір мұңдас

Тілегі бір, жүрегі бір бірге өскен жолдас

Сендерге де бір Сәлем!

Ұраны:  Тартысайық сайыста күш жігермен,

               Айрылысайық қимас бір дос көңілмен!

«Тұлпар»тобы:

Өнер қуған математик жастармыз!

Есебіңді лезде шешіп тастармыз

Командамыз өңшең тапқыр қырандар!

Ерен туған, «Тұлпар» тобы

Сайысымызды бастармыз!

Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр!

Сегіз қырлы, өнер асып туғандар,

Оза шығып бәйге атындай жарап тұр!

Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – Сәлем

Ұраны:Бір Аллаға сыйынып.

              Кел, балалар, оқылық!

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын!

Білімді шәкірт озар!

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз.

2- сайыс. Блиц – турнир.Ойын шарты, мұнда әр топқа 10 сұрақ беріледі.

(Математикада қолданылатын терминдерді қайталау мақсатында берілген сұрақтар бар). Уақыт, бірлік, ұзындық, салмақ, өлшем бірліктерін және олардың арасындағы байланысты меңгеру үшін сұрақтар алынды.

1-топқа сұрақтар

1.     1метр 1дециметрден неше сантиметр артық (90см)

2.     1минут 1 сағаттан неше минут кем (59 мин)

3.     50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 бала)

4.     «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті (1сағ, 43мин)

5.     Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы санды ата (11, 20)

6.     Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар қалай аталады (қарама – қарсы сандар)

7.     Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады (бұрыс бөлшек)

8.     7 саны жай сан ба, құрама сан бар? ( жай сан)

9.     Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

10.                       ¾ — ке кері сан (4/3)

11.                       Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі ( Теріс сан)

12.                        2+2*5-4

2-топқа сұрақтар

1.     1сағаттың 1 тәуліктен неше сағаты кем? (24-1=23)

2.     1тоннада неше кг бар (1000 кг)

3.     Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр, ал 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ, түнгі 11 сағат)

4.     Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр (4 алма)

5.     Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады? (дұрыс бөлшек)

6.     Натурал сандар неше ден басталады (1ден)

7.     43 саны  жай сан ба, құрама сан бар? ( жай сан)

8.     Ең кіші үш таңбалы сан. (100)

9.     Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (құрамында әріпі бар өрнек)

10.                       ½ -ге кері сан (2)

11.                        Теріс сандардың көбейтіндісі (оң сан)

12.                        1+1*2-2

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жетелер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп

3-сайыс. «Пингвиндер» сайысы.Мұнда тақтада әр топқа есеп 5 есептен беріледі. Әр сайыскер 1 есептен беріледі. Қай топ жылдам есепті шығарып болса, сол топ жеңіске жетеді.

1-топ

2-топ

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

 

Жүргізуші:

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер

Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық есептер

Зейін салып, зердемен шешіңдер

4-сайыс. «Жүйрік болсаң, озып көр»  топ басшылар сайыс. Бұл бөлімде топ басшыларына 1 минутта 10 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топ басшысы:

1.     Натурал сан не үшін керек? (санау үшін)

2.     Шаршының қабырғалары қандай болады? (тең)

3.     Бұрышты өлшеу құралы (транспортир)

4.     Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6 сағат)

5.     Ең кіші натурал сан (1)

6.     Бөлшектің түрлері (ондық, жай)

7.     Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең (0)

8.     Қандай сан 3-ке бөлінеді (цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе)

9.     Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

10.                       Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

2-топ басшысы:

1.     Екі теріс санның көбейтіндісі (оң сан)

2.     Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (бос ыдыстан)

3.     Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)

4.     Математика сөзінде қанша а әрпі бар (3)

5.     Кері екі санның көбейтіндісі неге тең (1)

6.     Жай сандар дегеніміз не? (бірге және өзіне бөлінетін сандар)

7.     Санды нөлге бөлуге бола ма (жоқ)

8.     Ондық бөлшек неше бөліктен тұрады (екі, бүтін бөлігі және бөлшек бөлігі)

9.     Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтіндісі неге тең (0)

10.                       Теріс сандардың қосындысы неге тең (теріс сан)

Жүргізуші:

 Ойла, ойла тереңнен

Жақсы емес – ау көп бөгелген

Сұрақтарды шешпесең

Өте алмайсың бөгеттен

5-сайыс. «Ойымды жалғастыр». Шарты әр топ бір – біріне санға байланысты мақал – мәтелдерді айтады. Екінші топ жалғастыру керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1.     Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

2.     Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

3.     Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына

4.     Бір елі ауызға, екі елі қақпақ

5.     Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын

6.     Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды

7.     Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

8.     Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді

9.     Алты жыл аш болсаңда, ата салтыңды сақта

10.                       Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік азық ал

11.                       Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді

12.                       Ердің екі сөйлегені өлгені, емшінің иілгені сынғаны

13.                       Жеті өлшеп, бір рет кес

6-сайыс.  «Көсемдікке ұмтылу» . Шарты бойынша төмендегі цифрограммада  математикалық жұмбақ жасырылған. Цифрларды сөйлетіп, көсемдікке ұмтылып көрелік. Ең басты кілт – әр цифрды қазақ альфавитіндегі әріптердің ретімен дұрыс орналастырып шығу керек.

Жұмбақ:

3

38

11

24

1

18

3

39

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

39

11

39

15

22

39

11

3

21

16

38

18

5

8

18

 

 

 

 

 

 

 

17

1

25

8

17

1

25

12

14

1

18

39

27

15

22

1

24

1

7

1

17

6

1

15

27

3

39

10

39

15

3

20

22

14

21

23

38

18

5

8

18

 

 

 

 

 

7

27

23

39

27

3

27

23

39

24

1

23

1

16

1

24

 

 

 

 

 

 

 

20

18

7

39

15

3

20

16

39

22

3

21

16

38

18

5

8

18

 

 

 

 

 

 

Біз санбыз....

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген   (бөлшек сан)

Қорытындылау.Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім, жеңу шарты сайыста

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерің хақ, табысқа

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал қазір әділ қазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап. Мақтау қағаз тапсырады.

Құрметті ойыншылар және әділ қазылар. Бүгінгі «Ғажайыптар әлемі» атты математикалық сайысымызға қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!!!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115478

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 6 наурыз 2016 в 20:19 0
Оқушының білімін даммытуға бағыттайтын іс-шара, жақсы рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар