"Бақытты сәт" сыныптан тыс жұмыс

7 қаңтар 2015 - Майра Нурханова
"Бақытты сәт" сыныптан тыс жұмыс

Астана қаласы

Қазақ ұлттық өнер университеті

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

Нурханова Майра Хасенқызы,

жоғары санатты математика мұғалімі

«Бақытты сәт» математикалық ойыны

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, интерактивті тақта, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрі
Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы.
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер).
3. Біліктілік сайысы -капитандар сайысы (есептер шығару).4. «Қас-қағым сәт» сайысы (топқа сұрақтар).

5. «Болашақ архитекторлар»- шығармашылық сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:
Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К. Гаусс)
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М. В. Ломоносов)

1-жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та, ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық.
Жеңсен де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
2-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңыз да «Бақытты сәт» ойынына қош келіпсіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат»топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша, музыка ойнап тұрады).
2-жүргізуші:
Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші.
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
1-жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
2-жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамызды сіздерді, —

    дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз. ( Әділққазылар алқасына әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады. Бүгінгі кештің жоспарымен таныстырылады.)

    1-жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі.
    І топ: «Үшбұрыш» тобы. Ұраны: Білікті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
    Сәлемдесуі:
    Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
    Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
    Алға қойған мақсатымыз бір екен,
    Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
    Кластас ерігіп жүрме бос,
    Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
    Жеңіспен мәреге барайық,
    Жеңістің ұранын салайық. «Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем!

    2-жүргізуші: кезекте «Квадрат» тобы.
    Ұраны:«Қандай сынақ болсадағы беріспе,

    Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
    Сәлемдесуі:
    Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
    Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
    Мақсатымыз биіктерден көріну,
    Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
    Армандарға қол созумен келеміз,
    Өмір теңіз, жүзіп келем кемеміз.
    Білімменен қаруланған тобымыз,
    Қарсыласты қалайда біз жеңеміз. «Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем!
    1-жүргізуші:
    Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі).«Тапқырлық» сайысы
    1)5 * 1 2 саны 9-ға бөлінеді. * орнына қай цифрды қою керек?

    2)81, 78,72, ?, 36,12 тізбектегі белгісіз сан неше?

    3)9 сағ 20мин сағаттың тілдері қандай бұрыш жасайды?

    4)Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнады?

5) 1+2+3+...98+99+100 қосындысын тез есептеу әдісін қай математик ұсынған?

Қосынды неше болады?

1-жүргізуші: Әділқазы алқасынан 1-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл тапсырманды алдағы – деп кезекті «Біліктілік» сайысына береміз. (тапсырма карточка бойынша беріледі. Әділқазы алқасынан балл сұралады.)
1-жүргізуші: Мәңгі –бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – деп келесі кезекті «капитандар» сайысына береміз.

1.Тез есептеңдер:

А) 3√4+0,2√400 −√121 Ә) 5√0,64 −√961+10√289

2. Теңдеуді шешіңдер:

a)2х^2+5х−7=0 b) 5х^2−8х=0

2-жүргізуші:

Келесі кезекте «Бірден сызып шық!»сайысы.

(Әділқазы алқасынан әр команданың ұпай саны сұралады.)

1-жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп-келесі сайыс

«Қас-қағым сәт» сайысы. (Бұл сайыста әр команда тез тұрып жауап беру арқылы ұпай жинайды)
1)Бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі…

2)ЕҮОБ(15;22) неге тең?

3)ЕҮОБ(8;24) неге тең?

4)Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы…

5)2∙487∙5 көбейтіндісі неге тең?

6)5700283 санынан төрт цифрды сызып тастап қалай ең үлкен санды алуға болады?

7)Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

«Білгірлер сайысы»

І топ

Тігіншінің 16 метр матасы бар, ол сол матадан күнде 2 метр қиып отырады. Тігінші қанша күннен кейін матасының соңғы бөлігін қияды?

Грек ғалымы Эвклиттің геометриядан алғашқы жазған кітабы?

Алымы бөлімінен кіші бөлшек?

Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді.

Ортақ бөлгіші 1-ге тең сандар қалай аталады?

ІІ топ

-Қай айда 28 күн бар?

-Бөрененің ұзындығы 120см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

-Нәрселерді санауда қолданылатын сандар?

-Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар?

-369 саны 3ке бөліне ме?

    Келесі сайыс –шығармашылық сайысы- «Болашақ архитекторлар»

    Қағаз, қайшы, желім, түрлі-түсті фломастер қолдану арқылы қаламыздың бір ғимараттың макетін дайындау.

    (Әділқазы алқасынан жалпы сайыстын қорытындысы сұралады) Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

    Қорытынды.Рефлексия.

    Бүгінгі сайыста не есте қалды? Қай сайыста жетістіктерге жеттіңдер?

    (Әр топтан бір ойыншы шығып, өз пікірін білдіреді).

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияГүлдер айтысы (сайыс сабақ)

ФизикаЖас физиктер

Ұстаздарға«Математика – тәртіп, мағына мен заңдылық»

БастауышСыныптан тыс шара "ХХI ғасыр көшбасшысы"

Іс-шара мәліметтеріЕркем-ай (шебер-класс)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150705

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар