Қос сыныпта математика сабағын өткізу

6 сәуір 2015 - Кульмайра Mamyrbaeva60

Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Верх-Березовка орта мектебі»КММ

математика пәнінің мұғалімі

Мамырбаева Гульмайра Алтынғазықызы

Қос сыныпта математика пәнінен сабақ беру тәжірибемнен

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Формулалар.

Масштаб.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды формула ұғымымен таныстырып, оларды қолданып, есептеуге үйрету

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1. Оқушыларды масштаб ұғымымен, оларды қолдану салаларымен таныстырып, картаның масштабын табуды үйрету.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

2. «Ой қозғау» (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

А) Сиқырлы квадрат

4.Жаңа тақырып түсіндіру

Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. Мұндай жағдайда ережені формуламен жазылған дейміз.

Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы: P=2a+2bнемесеP=2(a+b)

Мұндағы Р-периметрі, а-ұзындығы, b-ені.

Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең.

Квадрат дегеніміз-барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.

Тік төртбұрыштың ауданының формуласы: S=ab

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы: V=abc

Жолдың формуласы: s=vt s- жол,v-жылдамдық,t-уақыт

5.Есеп шығару (оқулық бойынша)

№103(ауызша), Сыныпта тақтада орындалады: № 105, № 108, №114

Орындарынан № 106, № 116

Деңгейлік тапсырма.

№ 112, №115

6.Жеке тапсырмалар орындату

  1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? Суретін тақтаға салып көрсет. Мысал келтір.
  2. Тік бұрышты паралелепипедтің көлемін қалай табамыз? Мысал келтіру арқылы.
  3. Деңгейлік тапсырмалар беру

Әр оқушының өз деңгейлеріне байланысты тапсырмалар карточкамен беріледі

1.Ұйымдастыру сәті.

2.«Ой қозғау». » (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

4.Есеп шығару (жеке тапсырмалар)

5.Жаңа тақырып түсіндіру

1.Географиялық картада, үйдің жоспары және әр түрлі машиналарды (чертежы) сызбасы т.б. өлшемдері кішірейтіліп беріледі.

Мысал: кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см,

ені 1дм 4см.Кітап бетін дәптерге кескіндеу керек.Ол үшін:

·өлшемдерін бір өлшем бірлігімен жазу керек.

2дм 1см = 21 см

1дм 4см = 14 см

·өлшем мәндерін 7 есе кішірейтейік: Сонда

21 см: 7=3 см.

14 см: 7=2 см

·сызбасын салу:

Мұны масштабы 1: 7 немесе 1/7 болатын кітапбетінің кескі.

Анықтама: Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп атайды.

Мысалы: географиялық картаның масштабы 1: 1000000 болса, ондакартадағы1 см кесіндіге жер бетіндегі 1000000 см = 1000 м =1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше1 км қашықтық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.

Есеп-1. Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақашықтық 175 км. Картаның масштабын табыңдар.

Шешуі: 175 км =175000 м =17500000 см.

3,5: 17500000 = 35: 175000000 = 1: 5000000.

Жауабы: 1: 5000000 картаның масштабы.

Есеп -2.1: 2500000 масштабпен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар.

Шешуі: х- екі қаланыңжер бетіндегі арақашықтығы.

6: х = 1: 2500000;

x= 6 · 2500000 = 15000000(см) =150000(м)=150(км).

Жауабы:150 км.

Есеп -3. Екі елді мекеннің арақашықтығы 300 км. Масштабы 1: 7500000 болса, онда ол картада неше сантиметр болады?

Шешуі: х — екі елді мекеннің картадағы кескіні.

300 км = 30000000 см

х: 30000000 = 1: 7500000;

x =300: 75= 4 (см)

Жауабы:4 (см).

Кішкене жәндіктер, ұсақ бөлшектердің сызбалары үлкейтіледі. Бұл кезде алдыңғы мүше соңғы мүшеден үлкен болады.

Мысалы:5:1;10: 1;25: 1; 100:1.

6.

Жаңа материалды№ 148, №149, №150, №152, №154, №156, № 158есептерін шығару арқылы бекіту.

№ 148, №149 (ауызша

7.Сабақты бекіту:

5-сыныпқа сұрақ: формула деген не? 6-сыныпқа сұрақ: масштаб деген не?

Енді, оқушылар бәріміз бірігіп масштаб табудың формуласын құрайық. Демек масштабты табу үшін сызбадағы кесінді ұзындығын жер бетіндегі қашықтыққа бөлеміз.

М=С: Ж

8.Бағалау

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

9.Үй жұмысын беру

№ 125, №128№ 151, № 153, № 155,№157 №159.

Сабақ нәтижесінде

1)5-сынып оқушылары алдағы өтілетін тақырыптан хабардар болып қана қоймай, формула құрастыруға үйренеді;

2)6-сынып оқушылары өткенді пысықтайды

3)Бір сөзбен, сабақтастық мәселесі жүзеге асады.

Кіріктірілген сабақтардың әр кезеңінің мәні бар, мәселен, 1)үй тапсырмасын тексерубір мезгілде екі сыныпта жүргізу тиімді; 2)өткен сабақты бір сынып бекіту кезінде екінші сыныпқа жаңа тақырып бойынша өз бетінше жұмыс жүргізу тапсырылады. Мұнда мұғалім оқушыға оқу материалын баяндаумен шектелмейді, педагогикалық басшылық жасай отырып, білімнің түрлі арналарына жетелейді және ақпараттармен жұмыс жасау, компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.3) Бекіту кезеңінде түрлі тесттермен жұмыс жасау дағдысы дамытылады.

Сонымен қатар мұндай біріккен сабақтарда 5-6 сынып оқушылары арасында өзара көмек, өзара тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған шағын жинақталған мектептерде математика пәнін оқытуды ұйымдастыруға қойылатын басты талаптар:

1) Тәрбиелік талаптар, яғни мұғалімнің жинақылығы, оқушылардың білімге деген ынта-ықыласы;

2) Дидактикалық талаптар, яғни тақырыптық-күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының дұрыс жасалуы;

3) Психологиялық талаптар, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік, эмоция және психологиялық ырғақ;

Көп жылғы тәжірибеге сүйене отырып, айтар болсам, шағын жинақталған ауыл мектептерінде математиканы біріктіре оқыту тұлғаның жан-жақты қабілеттерін: фантазиялық еркіндігін, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Дегенмен, жоғарыдағы сабақтардың ең тиімдісі оқушылар саны аз болсын, көп болсын әр сыныптағы сабақты жеке өткізгеннен тиімдісі жоқ дер едім. Шын мәніндегі оқу сапасына қол жеткізу үшін алдымен ұстаз уақытын, үкімет қаржыны, ал оқушы күш-жігерін, ынта-ықыласын аямауы керек деп ойлаймын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141872

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар