«Таң-кеш, күн- түн»

Атырау облысы, Исатай ауданы,

Исатай ауылы

«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Махмутова ГүлжазираСиражеденқызы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Қарапайымматематика. Тақырыбы: «Таң-кеш, күн- түн» Мақсаты: Тәулік бөліктерін бекіту: таң, кеш, күн, түн. Куб, шар геометриялық денелерді ажыратып, атауға үйретудіжалғастыру. Заттар пішінін сезу қозғалыс жолымен зерттеугежаттықтыру. «Бұл қашан болады?» » дидактикалық ойыны. Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар т.б. Қолданылатынәдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап. Сөздік жұмыс: Таң-кеш, күн- түн, уақыт бөлігі,

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрады.Тәрбиеші: Балалар, бір-бірімізбен амандасып алайық.

Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы.

Алдыменен кезіккен, Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен. Біздер сәлем береміз.

Балалар бәрі бас иіп амандасады

Ұйымдастыру-шы-іздестіру

Өткен оқу іс-әрекеті «Заттардың тобын салыстыру»тақырыбын қайталатады.

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Таң-кеш, күн- түн»тақырыбында танысамыз.Суретпен жұмыс. (түсіндіру

Балалар, бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші? Қарайықшы айналамыз қандай?
— Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?
— Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
— Ол не екен?
— Дұрыс айтасыңдар.
Серуенге шыққанда күнді көріп жүрміз. Күн қандай болады? Балалар, күн ұясынан шығып таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. Қане«таңертең» деп қайталаймыз.

Таңнан кешке дейінгі уақытты жалпы күндіз дейміз.
— Балалар, біздер күндізгі ұйқыдан ұйқымызды ашу үшін айналамыздағы әдемі көбелектер сияқты қанатымызды қағып — қағып алайықшы.
Кеш.
— Балалар, қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді, яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл уақытты кешкі мезгіл дейміз немесе кеш дейміз. «Кеш» сөзін қайталау.

Міне күн ұясына батты. Бұл уақытты түн дейміз. Қане, түн деп қайталаймыз.Суретпен жұмыс. (түсіндіру) Жұмбақ шешеді.а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз.Бұл қай кезде болады?

б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз,қыдырамыз. Бұл қай кезде болады?

в) Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады?

г) Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.Бұл қай кезде боладыСергіту сәтін жасайды. Мақалжаттау1.Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.2.Орынын тапқан
Орынсыз қалмас.

Өткенді қайталайды

(Бейнетаспадан суреттер тамашалау арқылытүсінеді.)

Күн

Таңертең

Әдемі көбелектер сияқты қанаттарын қағып — қағып алады.

Кеш

Таңертең)

( Күндіз)

(Кеш)?

(Түн)

Қимыл жасайды.

Мақал жаттайды

Рефлексивті-коррекциялау- шы

Ойын: «Бұл қашан болады?» ойынын ойнаймыз.

Бұл қандай мезгілге арналған?
Балалар сендерге ойын ұнады ма? Маған да ұнады.
Бүгінгі оқу іс-әректінде таңертең, түс, кешкі –түнмезгілдері туралы білдік.Бекіту, мадақтау.

Ойынға белсенеқатысады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Тәулік бөліктерін дұрыс атауды біледі
Үйренеді: Ойын мазмұнына сәйкес суреттерді топтастыруды үйренді.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәулік бөліктеріне байланысты іс — әрекеттерді ажырата алуы

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068740

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru