Координаталық жазықтық

15 сәуір 2015 - Агдагул Фазилова

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Рахат орта мектебінің

математика пән мұғалімі

Фазилова Агдагул Зинеловна

Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық

Сабақтың мақсаты:

1.Координаталық түзу туралы білетіндерін еске түсіреді. Тік бұрышты координаталар жүйесі туралы мәлімет алады. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табуды, координаталары бойынша нүктені салуды үйренеді.
2. Тік бұрышты координаталар жүйесін дұрыс сыза білуге дағдыланады. Пәннің нақтылығына көз жеткізеді.

3. Координаталық жазықтықтың күнделікті тұрмыста қолданылуын зерттей отырып, пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

4.Топтық жұмыста бірін –бірі қолдау маңызды екендігін ұғуға баулу.
Күтілетін нәтиже: Координаталық жазықтықта нүктелердің орнын табуды, координаталары бойынша нүктелерді салуды біледі.

Сабақта қолданылатын модульдер: сто, диалогтік оқыту, АКТ, дарынды оқушылармен жұмыс, оқыту үшін бағалау.
Көрнекілігі: слайдтар, флипчарт, бағалау парағы, ашық журнал, стикер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Топқа бөлу, топ ережесін құру.

Сыныпта ынтымақтастық орнату: Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді есте сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін». Әр топ өз ұранын қабылдайды.
II. Үй тапсырмасын пысықтау:

Есептердің шешуін слайдпен көрсетеді, топ басшыларының дәптерлерін тексереді. Топ басшылары басқа топ мүшелерінің дәптерлерін тексеріп, бағалау парағы бойынша бағалайды.

III. Қызығушылықты ояту: «Ыстық орындық» ойыны.

Интерактив тақтада төмендегі сөздер тұрады: перпендикуляр, параллель, тік бұрыш, координаталық түзу, оң сандар, теріс сандар, координаталық түзуде нүктенің координатасы, санақ басы, бірлік кесінді.Оқушылар осы сөздерді қатыстырып сұрақтар береді.

Мақсат қою сатысы: /Топтық тапсырма/

Әр топқа сурет беріледі. Суретте неше түзу бар екендігін, олар қалай орналасқанын айтады.

IV. Мағынаны ажырату кезеңі: /Диалогтік оқыту: мұғалім-сынып/

Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз. Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір-бірімен санақ басы нүктелерінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзуден, тік бұрышты координаталық жүйе құрастырамыз. Координаталық түзулер осьтер деп аталады. Әр топқа слайдтар арқылы сұрақтар беріледі:

    -Вертикаль бағытталған ось не деп аталады?

    -Горизонталь бағытталған осьті қалай атаймыз?

    -Координата жазықтығы деген не? Мысалдар келтір.

    -Театрда орныңды қалай табасың?

    -Кеме капитаны болсаң, кемені қалай басқарасың?

    -Ұшқыш ұшақты қалай басқарады?

Ой қорытынды:

Сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру:

Тік бұрышты координаталар жазықтығында нүктенің координатасын анықтау және координатасы бойынша нүктені салу туралы слайдтар арқылы бағыт бағдар береді. Әр топтан оқушылар шығып тақтадағы координата жазықтығында тапсырмаларды орындайды.

V. Практикалық жұмыс: «Жеті жұрттың тілін біл»

Топтық тапсырма:№1 А(3;2); В(3;-2); С(-4;-2); Д(-4;2); Е(-1;5); Ф(3;2); Р(1;1); М(1;-1); Л(-2;-1); Т(-2;1).№2 А(-1;2); В(1;6); С(2;6); Д(4;2); Е(-1;-2); Л(-1;2); П(1;0); К(2;0);F(4;2). №3 А(-3;3); В(-3;1); С(-6;2); Д(-3;3); Е(5;3); К(5;1); Р(-3;1).

Координаталары берілген нүктелерді қосып сурет салу және шыққан суреттің атауын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту тапсырылады.

Сергіту сәті: Көңілді күй, музыкалық әуен.

Пысықтау кезеңі:

А/ тік бұрышты координаталар жүйесін сызу, координатасы берілген нүктені салу/

№1124 есеп

В /Координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын табу/ №1128 есеп

С /Ғарыш кемесінің координатасын табу/ № 1132

VI. Бағалау кезеңі: /Критерийлі бағалау/

Мұғалім дарынды оқушылардың дәптерлерін тексеріп, критерийлерге сәйкес ұпай қояды. Олар бағалау парағы бойынша басқа оқушыларды тексеріп, ұпай қояды. Оқушылар ұпайларын жинақтап бағалау шкаласы бойынша өздерін өздері бағалайды.

Қорытындылау кезеңі:

«Артығын тап» ойыны: Интерактив тақтадағы координата жазықтығы, абцисса, ордината, санақ басы, нүктенің орны, теңсіздік, теңдеу, периметр, тік төртбұрыш, параллель түзулер сөздерінің ішінен артығын тауып өшіру, қалғандары туралы мәлімет беру.

VII.Үй тапсырмасын беру кезеңі: № 113;24; №1126; №1127.

Координаталары бойынша сурет салу – шығармашылық жұмыс.

VIII.Рефлексия: Тақырып бойынша не білгенін, не қиын болғанын, не қызықтырғанын стикерге жазу.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаФункция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі

ҰстаздарғаАКТ- ны химия сабақтарында тиімді пайдалану

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084819

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар