Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

26 мамыр 2015 - Ләззат Шепенова
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

6 «Б»сыныбы

Пәні: математика

Күні: 16.01.2014ж

Сабақ №7

Сабақтың аты Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы мәлімет беру;

• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ережесін қолдануға үйрету;

• Оқушыларды өзара бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге тәрбиелеуКүтілетін нәтиже

• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білетін болады;

• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ережесін қолдануды үйренеді;

• Оқушылар бір-бірімен ынтымақтасты жұмыс жасай алады, математикалық тілде сауатты сөйлей алатын болады; Негізгі идеялар ах=в түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.(мұндағы х-айнымалы, а және в қандай да бір сандар).Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:1)Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп, ықшамдау керек;2)Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді оң жағына жинақтау керек;3)ах=в түріне келтіру;4)теңдеудің түбірін табу.Тапсырмалар Топтық жұмыс «Ойлан, Бірік, Бөліс-әдісі» (ой қозғау) 10 минТапсырмалар Жеке жұмыс «Дарын ағашы» 5 минТапсырмалар Топтық жұмыс «Деңгейлік тапсырма» есептер шығару«Ғажайып алаң» сергіту сәті 15 мин5 минСабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу2. Топқа бөлу. Сынып оқушыларын стикер арқылы (үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш) 3 топқа бөлінеді. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут) ІІІ. Топтық жұмыс «Ойлан, Бірік, Бөліс-әдісі» ( Үй жұмысын қорытындылау) (10минут) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: 190- беттегі берілген тапсырманы үйден оқып келу, 3топқа 3 жағдайды постер арқылы қорғату. Топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Бақылаушының бағалау парағы№ Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару Топтық жұмысқа атсалысуы Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. ІҮ. Жеке жұмыс ««Дарын ағашы»» (5 минут) Әр оқушыға тапсырма жазылған сұрақтарға жауап беру. Тапсырма жауабын «шапалақ» арқылы бағалау.V. Топтық жұмыс «Деңгейлік тапсырма» есептер шығару (15 минут)Сұрақтар мен тапсырмалар Жауаптары№842 –есепЕкі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан 3-ке артық. Бірінші санды табыңдар.№853Теңдеуді шешіп, түбірін табыңдар:№855Теңдеудің түбірін табыңдар: Бер: І сан 2х+3 ІІ сан х Шешуі: 2х+3+х=213х=21-33х=18Х=6 Ж: 6, 15 т/к: х=?• 4х+5(3-2х)=5-11х• 4х+15-10х=5-11х• -6х+11х=5-15• 5х=-10• Х=-2• Тек:-8+5(3+4)=5+22 27=27 Жауабы:-2 • 8у-3(2у-3)=7у-2(5у+8)• 8у-6у+9=7у-10у-16• 2у+9=-3у-16• 2у+3у=-16-9• 5у=-25• У=-5• Тек: -1=-1 Жауабы:-5 ҮІ. «Ғажайып алаң» ойыны, сергіту сәті (сұрақ-жауап) (5 мин)YII. Кері байланыс (сұрақ, не үйрендім, не қиын болды.) (3 минут)Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, плакатқа іледі.Кейінгі тапсырмалар Рефлексия жазу.№856, №857 есепКейінгі оқу Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбын оқу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066258

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru