Ең кіші ортақ еселік

7 қаңтар 2015 - Майра Нурханова
Ең кіші ортақ еселік

Қазақ ұлттық өнер университеті

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

Нурханова Майра Хасенқызы,

жоғары санатты математика мұғалімі

Сынып: 5 «Ә»

Ашық сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Ең кіші ортақ еселік тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қабілетін дамыту.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектенуге бағыт беру, оқушылардың EXPO-2017 Халықаралық көрмеге байланысты білімдерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау, іздену сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, EXPO-2017 суреттері, сызбалар, карточкалар.

Оқытудың әдісі: теориялық, практикалық

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі «EXPO-2017 Болашақтың энергиясы» атты Халықаралық көрмеге байланысты болады. Ендеше өткен сабағымызды пысықтайық.

ІІ Өткенді пысықтау.

1) «Кім жылдам?» ойыны. (Интерактивті тақтада немесе карточкамен тақтада көрсетіледі)

Ойын шарты: Анықтамадағы жетіспейтін сөздерді жылдам табу керек және оны айтып беру керек.

Тапсырмалар: 1) 0, 2, 4, 6, 8 –жұп цифрлар.

2) 1, 3, 5, 7, 9 – тақ цифрлар.

3) Мысалы: 18, 206 – жұп, ал 21, 127-тақ сандар.

4)Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.

5)Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.

6)Жазылуы тек 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.

7)Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.

Мысал: 654 саны 3-ке бөлінеді. Себебі 654 санының цифрларының қосындысы 6+5+4=15; 15 саны 3-ке бөлінеді. 654:3=218

8) Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал сандар 9-ға бөлінеді

Мысал: 576 саны 9-ға бөлінеді. Себебі, 576 санының цифрларының қосындысы

5+7+6=18. 18 саны 9-ға бөлінеді. Онда 576:9=64

9)1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысалы: 17 және 113 жай сандар.

10) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандардықұрама сандар деп атайды

Мысал: 18 саны -құрама сан, бөлгіштері: 1,2,3,6,9,18.

11 )Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Мысалы: 462=6*77=(2*3)*(7*11)=2*3*7*11

12)Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

Мысал: 36 = 2*2*3*3 немесе 36=

13) Ең кіші ортақ еселік деп

берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік, болатын ең кіші натурал санды атайды.

Мысал: ЕКОЕ (8, 16 ) = 16

14)Егер берілген натурал сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік олардың көбейтіндісі болады.

Мысал: ЕКОЕ (5;7) = 35, ЕКОЕ (5;11) =55.

15)Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады. Мысал: ЕКОЕ (57; 19) = 57

2) EXPO-2017 туралы мәлімет беру/ слайд арқылы. (Оқушылар өздері дайындаған мәліметтерді береді). EXPO-2017 – 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап, 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын 2012 жылдың 22 қарашасында Париж қаласында белгілі болды. Астана ұсынған көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау теқнологиясын, күн, жел, теңіз, мухит тәрізді баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

3) Ауызша жаттығулар:

1)1851 саны қандай сан?(тақ сан, құрама сан, 3-ке бөлінеді) Осы жылы ең алғаш Лондонда EXPO өтті.

2) 2005 саны қандай сан? (тақ сан, құрама сан, 5-ке бөлінеді).

Қазақстан 2005 жылдан бастап EXPO көрмелеріне қатысып келеді.

3) ЕКОЕ(100; 25) неше болады? ( 100, себебі100 саны 25-ке еселік болады. Елімізге EXPO көрмесіне 100 жуық мемлекеттер қатыспақшы. 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде.

4) ) ЕКОЕ(60; 12) неше болады? 60, себебі 60 саны 12-ге бөлінеді.

ЕКОЕ(2; 5) неше болады? 10, себебі 5 пен 2 өзара жай сандар.

ЕКОЕ(5; 13) неше болады? (5*13=65, себебі 5 пен 13 өзара жай сандар.

Ал EXPO көрмелері бір жарым ғасырдан бері 65 рет өткен.

ІІІ. Дамыту кезеңі.

Есептер шығару.Оқулықтан: №338, №341,345

№338

1)ЕКОЕ( 54,135 ) Й 2)ЕКОЕ( 38,114 ) Э

3)ЕКОЕ( 150,400 ) Ь 4)ЕКОЕ( 180,300 ) Е

5)ЕКОЕ( 42,60,70 ) Л 6)ЕКОЕ( 18,63,35 ) Ф

Кестеге сәйкес әріпті қойып, жасырынған сөзді табыңдар.

114

270

6300

900

4200

1200

Жауабы:«Эйфель» сөзі шықты. Париж қаласында Эйфель мұнарасы 1889 жылы көрмеге дайындық кезінде салынған.

№341. Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алды. Әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасында неше топқа бөлініп берілді?

Шешуі: 28=4∙7, 35=5∙7, 77=7∙11

Ортақ көбейткіш 7 ─ топтар саны, онда әр топқа 4 машина, 5 қуыршақ және 11 доп берілді.

Жауабы: Топтар саны- 7.

№345

Тік бұрышты параллелпипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Оның көлемі 165. Осы тік бұрышты параллелпипедтің өлшемдерін табыңдар.

Шешуі: Тік бұрышты параллелпипедтің көлемі V=abc,165 санын жай көбейткіштерге жіктейміз, сонда көлемі: V=5∙3∙11 болады.

Жауабы: Өлшемдері: 3 см, 5 см, 11 см.

Қосымша тапсырмалар:

1) Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Егіз сандарға 3 мысал келтіріңдер.

Жауабы: 5 пен 7, 11 мен 13, 29 бен 31.

2) Логикалық есеп. Әсел, Самал және Гүлнар үшбұрыш, квадрат және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура квадрат емес. Самал сызған фигура шеңбер емес. Гүлнар сызған фигура квадрат та емес, шеңбер де емес. Кім қай фигура сызды?

Шешуі: Есеп шарты бойынша «графтар» арқылы шешетін болсақ, үзік сызықтармен кескіндейміз. Гүлнар сызған фигура квадрат та емес, шеңбер де емес, онда –үшбұрыш, Самал сызған фигура шеңбер емес, онда – квадрат, ал Әсел – шеңбер сызған болады.

3) Көлемі 125 см3 болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?

Кескіндеме мен мүсін мамандығында оқитын оқушылар салған куб суретін көрсетеді.

Кубтың көлемі V=5∙5∙5=5^3

Жауабы: 5 см.

4)* Қосу амалындағы жұлдызшалардың орнына цифрлар қойыңдар:

IV. Математикалық диктант «Ең кіші ортақ еселік»

1) Сөйлемді толықтыр:

«Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі, осы сандардың ...»

2) 25 пен 40-тың ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

3) Ойын алаңына келген балалар әр топта не 6 баладан, не 5 баладан бөлінбекші. Алаңға неше бала келген?

4) ЕКОЕ (180; 20; 18)-ін табыңдар.

Жауабы: 1) көбейтіндісіне тең; 2) 200; 3) 30 бала; 4)180.

Диктантты өзара тексеру әдісін қолданып, бағалаймыз.

V. Үйге тапсырма: №335-336

VІ. Қорытынды. Бағалау. Сабақты қорытындылай келе, натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін қандай тәсілдер мен табуға болатындығын білдік. Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауын аяқтап, келесі тарауға көшеміз.

ЭКСПО көрмесін өткізуге қандай дайындықтар керек деп ойлайсыңдар?

Рефлексия. ( Карточкалар таратылады)

Бүгінгі сабақта қандай күйде болғандарыңды алдарыңдағы қағазға түсіріңдер.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115433

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар