Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының кубы.есептер шығару

22 қаңтар 2015 - Айсулу Кожабай

Сынып:7«б»

Күні: 21.01.2015 жыл

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымасының кубы.

Есептер шығару.

Жалпы мақсаттар:

Екі өрнектің қосындысының және айырмасының кубының формулаларын көпмүшелерді көбейтуге және бүтін өрнектерді көпмүше түріне келтіруде қолдану бейімділігін қалыптастыру. Формуланы терең түсінуі және оның не үшін пайдланатынын есте сақтауға бейімдеу.Оқушылардың тпотасып жұмыс жасауына мүмкіндік жасау.

Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс — тәсілдер

Тәсілі: жеке, жұппен, топпен, топтастыру

Әдісі: АКТ, СТО, диалог

Көрнекілігі

Смайлик, бағдаршам, бағалау парағы

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар бұл формуланы солдан оңға қарай және оңнан солға қарайғы қалпында қолдана білу бейімділіктері қалыптасады. Есептер шығару арқылы ой өрісі дамиды.

Түйінді идеялар

Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымасының кубы

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин

Оқушылармен амандасу, сәттілік тілеу;

Оқушылар бір-біріне амандасуды жалғастырады;

2 мин

1.Топқа бөлу сынып болып «пара-воз» болып жүріп, соңғы оқушы ре-тімен 1,2,3,4-топқа жайғасады.Топ ережелерін басшылыққа алып, топ-тық жұмыс жасайтындары айтылады.

2. Бүгінгі сабақ бойынша алдын-ала таратылған кеспе қағаздарға бағалау критерийін бірге жасауды хабарлаймын. Өткен тақырыпты еске түсіру үшін топтық тапсырма орындалуы керек екенін ескертемін.

1.Оқушылар 4топ құрайды, топ ережесін сақтайды.

2. Оқушылар бағалау критерийін үй тапсырмасына дайындығы деп бастап айтады.

1 а)Үй есебінің дұрыстығы;

Б) топтық жұмыстың яғни өткен тақырыпты білуі.

2. Есептер шығаруы

А) формуланы солдан оңға қарай пайдалана алуы

Б) формуланы оңнан солға

қарай пайдалана алуы

Ой қозғау

12 мин

Топтық тапсырма. 1,2- топ

1. (а+в)3= формуласын жалғастыр.

2. Осы формуланың ережесін тұжырымда.

3. Бұл формула не үшін пайдала-нылады?

4. Осы формуланы пайдаланып екі өрнектің қосындысының кубы түрінде жазатын мысал келтіріңдер.

5. Осы формуланы пайдаланып екі өрнектің қосындысының кубын көпмүше түрінде жазатын мысал келтіріңдер.

Топтық тапсырма. 3,4- топ

1.( а- в)3= формуласын жалғастыр.

2. Осы формуланың ережесін тұжырымда.

3. Бұл формула не үшін пайдаланылады?

4. Осы формуланы пайдаланып екі өрнектің айырмасының кубы түрінде жазатын мысал келтіріңдер.

5. Осы формуланы пайдаланып екі өрнектің айырмасының кубын көпмүше түрінде жазатын мысал келтіріңдер.

Оқушылар берілген тапсырманы өздері ойласып орындап, бөлісіп (топ мүшелері барлығы қаты-сатындай) тақтада көрсетеді.Топ бір-бірлерінің жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалайды.

Үй есебінің дұрыстығын тексеру

3 мин

Әр топтың көшбасшысы (А дең-гейлі оқушы) үй тапсырмасын тек-серіп, сол дұрыс жауаптар арқылы бір-бірінің есептерін тексереді.

Бір-бірінің үй есебінің дұрыстығын тексереді, смайликтермен бағалайды.Бағалау критерийіне белгі соғып отырады.

Мағынаны ажырату

4 мин

1.Әр топтан бір оқушы шығыа стол үстіндегі қиынды қағаздардан өткен сабақта өткен формуланы құрасты-рып тақтаға іледі. 2.Осыформуладағы бірмүшелерді әртүрлі геометриялық формулармен алмастырсақ, <img width=«36» height=«12» src=«file:///C:/Users/451B~1/AppData/Local/Temp/msohtml1/01/clip_image001.gif» v:shapes="_x0000_s1026 _x0000_s1027">қалай болар еді?

2. 10-ға дейінгі сандардың кубы кестесін пайдаланып формуланы солдан оңға қарай қолдануды оңай байқауға болады.

1.Формуланы құрастырып шығады.

2. Оқушылар геометриялық фигуралармен формуланы өрнектеп жазады.

<img width=«28» height=«15» src=«file:///C:/Users/451B~1/AppData/Local/Temp/msohtml1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1029"><img width=«26» height=«14» src=«file:///C:/Users/451B~1/AppData/Local/Temp/msohtml1/01/clip_image003.gif» v:shapes="_x0000_s1028">2. Формулаға баса назар аударып берілген көпмүшені екі өрнектің айырмасының кубы түріне келтіреді.

Сергіту сәті

2 мин

Қызыл өрік әніне жаттығу жасау

Қимыл қозалысқа келеді.

Ой толғаныс

15 мин

Есептер шығару.

№437 тақ,№436 жұп номерлері Оқушылардың есеп шығаруын қадағалап смайликтермен бағалаймын.

Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындауда екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтін-дісінің формуласын қолдануға бейімделеді.

Бағалау

3

мин

Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Жеке оқушыларды мадақтау

Кері байланыс

2 мин

Стикер таратамын, оқушылар пікірін білдіреді.

Кейінгі жұмыс

1 мин

Функцияға мысалдар келтіру. №437 жұп номерлері

№436 тақ номерлері

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаБілім саласындағы оң өзгерістер

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғысынан ойлау модулінің қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

ҰстаздарғаОқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

Тәрбие жоспарыТіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084855

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар