Ертегі сабақ

6 сәуір 2015 - Кульмайра Mamyrbaeva60

“ Бауырсақ ” ертегісі бойынша ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қайталау, бекіту

Мақсаты: 1.Оқушылардыңондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелерінің тұжырымдамасын білу, ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 т.с.с.разряд бірліктерінекөбейту, бөлу ережелерінің тұжырымдамасынбілу, 0,1; 0,01; 0,001 т.с.сондық разряд бірліктеріне көбейту, бөлу ережелерінін тұжырымдамасын білу, амалдарды орындауда пайдалана білу, тексеру, қорытындылау

2.Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін, танымпаздығын, елгезектігін, есте сақтау қабілетін дамыту

3. Әдемілікке, коллектившілдікке, творчестволық қабілеттілікке, оқушыларды ертегіге деген сүйіспеншілігін арттыруға, мақсатқа жете білугетәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау, білім бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: көрнекілікті, өзіндік жұмыстар, жартылай-ізденгіштік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:плакатқа салынған “Бауырсақ ертегісінің” суреті, қасқыр, түлкі, аю, қоян, 3 түрлі баауырсақтар: қызыл телпекті бауырсақ – “5” алған оқушыларға, жасыл телпекті бауырсақ- “4” алған оқушыларға, көк телпекті бауырсақ- “3” алған оқушыларға, карточкалар, математикалық диктант, тапсырмалар

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.“ Ертегілер еліне” саяхатжасау

4.Қорытындылау

5.Үйге тапсырма

6.Бағалау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ жоспарымен таныстыру, оқушыларды сабаққа психологиялық даярлықтан өткізу

Мен бәрін білемін,

Білмегенімді – үйренемін

Үйрену үшін- ізденемін,

Ізденсем – мақсатыма жетемін

2. Үй тапсырмасын тексеру: “ Қайталау – оқу анасы ” дегендей, қане балалар үйге берілген тапсырмаларды бір қайталап жіберейік:

Математикалық диктант

1.Ондық бөлшектерді қосу үшін: үтірдің астына астына үтір келетіндей етіп, оларды аттас разрядтар _________________________ тұратындай етіп жазып, үтірге көңіл аудармай қосып содан кейін үтір қоямыз.­­

2.Ондық бөлшектерді көбейту үшін: үтірге назар аудармай көбейтіп, шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше цифр тұрса, көбейтіндіде _____________________________________ үтірмен айырып бөлу керек.

3._____________________________________ бөлгіште үтірден кейін қанша цифр тұрса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірді оңға қарай сонша цифр жылжыта отырып, ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесі арқылы орындау керек

4.Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 т.с.с. көбейту үшін, осы бөлшектің үтірін, разряд бірлігінде неше ноль болса, сонша ___________________________________________________________

5.Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, т.с.с. бөлу үшін ___________________________________________________________

Жарайсыңдар балаларбіз үй тапсырмасын аз да болса қайталадық, енді біз сабағымыздың негізгі бөліміне көшейік. Бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ өткізгелі отырмыз, яғни бүгін біз “Ертегілер еліне” саяхат жасаймыз және бұл жай ертегі емес, математикалық ертегі. Бүгінгі сабағымызға қоян, аю, түлкі, қасқыр, бауырсақжәне сіздер (оқушылар) қатысып отырсыздар.Осы кейіпкерлерге қарап біз қандай ертегінің желісінде жұмыс істегелі отырмыз? Оқушылар бірауыздан: “Бауырсақ” ертегісі. Дұрыс айтасыздар, бұл -“Бауырсақ” ертегісі. Бір оқушыдан ертегінің мазмұны сұралады, ары қарай мұғалім өзі жүргізеді.Тақтаға орманның суреті ілінеді.

Ертеде бір ата мен апа болыпты. Бір күні олардың ұндары таусылып, апа шелектегі ұнды қырып, илеп, одан бауырсақ пісіреді де терезенің алдына суытып қояды. Бауырсақ терезенің алдынан домалап түседі де орман ішімен домалап жүре береді. Бір кезде орман ішінде секіріп келе жатқанҚалқиған ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұратын ,- бір аң кездеседі. Балалар, бұл қай аң еді қане кім айтады? Балалар бірауыздан: қоян. Дұрыс, бұл қоян мына бауырсақты жегісі келіп тұр, бірақ егер мына менің артымдаға есепті дұрыс шығарса бауырсақты босататынын да айтады. Қане бауырсақты құтқаруға көмектесейік. Оқушылар қоянның артына жазылған мына есепті шығарады.

18,3-9,71+25,396*100 = 2548,19

2,75:11+22,02:6-53,77:19 = 1,09

Дұрыс, жарайсыңдар, бауырсақты құтқардық. Бауырсақ ары қарай орман ішімен домалай жөнелді. Сол кезде алдынан сұр қасқыр кездеседі. Қасқыр: бауырсақ, мен сені жеймін, бүгін қарным керемет ашып тұр еді,- дейді. Бауырсақ: Қасеке, мені жемей-ақ қойшы. Мен не айтсаңыз да орындаймын. Жарайды, көңіліңді қайтармай-ақ қояйын, мына менің артымдағы есепті шығарсаң қоя берейін.

19,35*0,8: (156,4-56,4) + 2,8452 = 3

2,4*5,2: (6,89+3,11) –0,948 = 0,3

Балалар, бауырсақ сендерді мақтап жатыр, және сендердің араларыңнан өзіне көп көмектескен оқушыларға өзінің аздаған сыйлығы бар, соны таратып бергісі келіп тұр. (бауырсақтар таратылып беріледі: “5” алған оқушыларға – қызыл тлпекті бауырсақ, “4” алған оқушыларға –жасыл телпекті, “3” алған оқушыларға көк телпекті бауырсақтар таратылып беріледі).Ал сыйлықтарыңызды алдыңыздар, енді біраз сергіту сәтін жүргізіп жіберейік, барлығымыз шаршадық.

Сергіту сәті

Ертегілер елінде,

Ұзақ жолға біз шығып.

Қаштық, жүрдік, жүгірдік,

Дем алайық отырып.

Ертегіде кездестік,

Аңдарменен оңаша.

Математикалық орманда,

Қандай ғажап тамаша.

Жылдам шешіп есепті,

Жауабын дұрыс таба алсақ.

Атасы мен әжесіне,

Қайтады ғой бауырсақ.

Дем алдық біз азырақ,

Аңдар бізге разы.

Кіріселік сабаққа,

Сыныптастар тағы.

Ал балалар тағы да бауырсаққа көмектесейік. Өте дұрыс, міне, тағы да бауырсақты құтқардық. Бауырсақ орман ішімен домалап кете барады. Бауырсақтың жүрісінен қыс бойы орманда ұйықтап жатқан орманның қоңыр аюы оянып кетеді. “Бұл кім?”,- деп ақырады аю, менің тыныш ұйқымды бұзған. Бауырсақ шошып кетеді: бұл мен бауырсақ апам мен атамнан адасып сізге жолықтым, айыпқа бұйырмаңыз! Жарайды адасып жүрсең менің саған бір ұсынысым бар, соны орындасаң бір жолы сені босатармын, ұйқымды бұзғаның үшін: “Мына менің артымдағы есепті шығарсаң мен сені жемей-ақ қояйын ”,- дейді.

(19,3+3,3у)*0.16 = 7,312

(3,2у – 13,78 ) *6,8 = 187

46,761: 0,01= 4676,1

46,761*100 = 4676,1

Ал балалар, бұл есептің де жауабын дұрыс таптыңдар, енді бұл жолы да бауырсақтың жолы болды, тезірек апасы мен атасын тауып алатын болды. Бауырсақ ары қарай домалап кете береді. Осы кезде алдынан:

Жүрген жерін шулатқан,

Түздің жылпос баласы.

Артында көп қарғысы,

Сүп-сүйір боп аузы,

Аңдардың қу жауызы,- шығады.

Қане, балалар, бұл қай аң болғаны? Оқушылар бірауыздан: Түлкі

Ол бауырсақты көрген сәттен әнге басады:

Атасынан қашса да,

Апасынан қашса да.

Менің азу тісіме,

Түсер қазір бауырсақ.

Бауырсақ: “ Ағатай жей көрмеші, жалынамын, не айтсаң да орындаймын.” Түлкі: “Жарайды, онда мына менің есебімді орындасаң мен сізді апаң мен атаңа босатамын”. Түлкінің есебі:

Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар қандай қасиеттерге ие?

Жауабы: ауыстырымдылық, терімділік, көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеттері

Ал балалар түлкіге бауырсақты жем етіп қоя береміз бе, кәне, болысамыз.Өте жақсы балалар, барлықтарың өз білімдеріңді көрсетіп бауырсақты аман алып қалдыңдар. Сендерге бауырсақтың алғысы шексіз. Бауырсақ жақсы сабаққа қатысқан оқушыларға өз сыйын тағы да тарту етпекші.(білімдеріне қарай бауырсақтар таратылып беріледі).Сонымен бауырсақ қуанып өзінің апасы мен атасына аман есенүйіне оралады. Апасы мен атасы таң қалады. Бауырсақ болса өзін аңдардан құтқарған осы оқушылар екендігін апасы мен атасына айтады. Апасы мен атасы болса оқушыларға өз алғыстарын білдіреді.Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, біз бүгін үлкен жұмыс атқардық. Қаншама жол жүрдік. Барлықтарыңыз жақсы жұмыс атқардыңыздар. Барлықтарыңызға көп рахмет. Енді бауырсақтаң берген бағалары бойынша сіздерді бағалаймыз. Бағалары хабарланып күнделікке қойылады. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103585

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар