Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі

14 сәуір 2015 - Агдагул Фазилова

6 сынып.Математика. Математика пән мұғалімі Фазилова А.

Тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі.

Мақсаты: Білімділігі: Айнымалы шамалар туралы мәлімет алады.Функционалдық тәуелділік туралы түсінік алады.Аргумент, функция туралы мәліметке ие болады.Функцияның берілу әдістерін, функцияның мәнін табуды үйренеді.

Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасайды.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға патриоттық тәрбие береді.Танымдық қызығушылығын туғызады.Топпен жұмыста ынтымақтастық қатынасты қалыптастырады.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.Сабақ әдістері: топтық жұмыс,cын тұрғысынан ойлау, критериалды бағалау

Құрал-жабдықтар: Интерактив тақта, сұрақ карточкалары, стикерлер…

Күтілетін нәтиже: Оқушыларда функция, аргумент туралы түсінік қалыптасады.Функцияның мәнін табуды біледі.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) презентация

Ә)топтарға бөлінеді, топ басшысы «Теңдеулер»; «Теңсіздіктер»; «Координата жазықтығы»; «Симметрия»; «Бұрыштар»… карточкаларының бірін алып топтың атын анықтайды.Топ ережесін қабылдайды.

-Бүгінгі сабақта келесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз:

    ·Білгенімізді қайталаймыз.

    ·Жаңа мағлұмат аламыз.

    ·Топтық жұмыс.

    ·Өзіндік жұмыс.

    ·Өз ойларыңды айту.

II.Қайталау кезеңі «Ой қозғау»: №1 тапсырма:

Әр топтың топ мүшелері өз тобының атына анықтама береді.Топ атының қасиеттерін айтады.

III.Мақсат қою кезеңі: «Ой шақыру»: №2 тапсырма:

1.Әр топқа сұрақ карточкалары беріледі. «Тез есепте».

2.Карточкадағы есептің жауабын 1-бағанға жазады.

Білеміз

Білгіміз келеді

Білдік

Білгіміз келеді: Оқушылар оқулықтың 292 бетін ашып, мұқият оқып, кестедегі 2-бағанды толтырады.(2-бағанды толтырғаннан кейін сабақтың тақырыбы жарияланады).

IV.Жаңа сабақ: Функция туралы ұғым.Функцияның формуламен берілуі. Слайдтар көмегімен түсіндіріледі.Оқушыларға сұрақтар қойып, аргумент, функцияның мәні ұғымдарын түсіндіреді.Функцияның анықталу аймағы, мәндерінің жиыны, берілу тәсілдерін топтық жұмыс арқылы үйренеді.

V.Сабақты бекіту үшін: /Топтық жұмыс/ Оқулықтан №1257;№ 1258; №1261 есептер Әр топтан оқушылар тақтаға шығып қорғайды.

VI. Критериалды бағалау кезеңі: /слайд / Жеке жұмыс:

Критерийлер

Тапсырма тақырыбы

Тексеретін элементтер

Жетістік деңгейі

Тапсырманы орындау ұпайы

А

1)Аргументті, функцияны атаңдар:

у=2х-1

2)Шаршы

периметрінің қабырғасына тәуелділігінің формуласын жаз

Аргумент, функция ұғымдарының мағынасын біледі.

Функционалдық тәуелділіктің формуламен берілуін біледі

1

2

3

В

1)Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табыңдар:

№1260

Функцияның мәні берілген, аргументтің мәнін табыңдар:

№1262(2)

№1268(2)

Формуламен берілген функцияның мәнін есептеуді біледі

Функцияның мәні бойынша аргумент табу ды біледі.

Теңдеуді шешуді, жай

Бөлшектерге амалдар қолдануды біледі.

Пропорцияны қолдануды біледі

2

3

4

9

С

Мәтінді есепті шығарыңдар:

№1274(1)

№1275

Мәтінді түсініп оқуды біледі.

Логикалық ойлау қабілеті дамыған

5

5

10

Барлық ұпай саны: 22

    VII.Сабақты қорытындылау: Мұғалім:

    Ал енді сабағымызды қорытындылайық:

    Ол үшін Блум түймедағын қолданамыз: Қарапайымнан—күрделіге дейін ойымызды дамытамыз:

    ·Функция дегеніміз не?/1ұпай/

    ·Аргумент деп қандай айнымалыны айтамыз?/2 ұпай/

    ·Функция қандай әдістермен беріледі?/3 ұпай/

    ·Ыдысқа 1минутта 8литр су құйылады, х минуттан кейіныдыcта қанша су

    Болады? /4 ұпай/

    ·Шаршының ауданы 16 см^2, қабырғасын тап?/5 ұпай/

Бағалау кезеңі: Баға шкаласына сәйкес VI-VII кезеңдегі ұпайлары есептеліп қорытындыланады:

    ·0-2 ұпай –бағасы-«2»

    ·3-7ұпай-бағасы-«3»

    ·8-16ұпай-бағасы-«4»

    ·17 ұпайдан жоғары -бағасы-«5»

VIII. Рефлексия: Оқушылар «Білдік» бағанын толтырады.

Білеміз

Білгіміз келеді

Білдік

    ·Әр топ 3- бағанды толтырады.

IX. Үйтапсырмасы: 7.1 тақырып; №1256;1258;1271

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаАКТ- ны химия сабақтарында тиімді пайдалану

МатематикаКоординаталық жазықтық

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062492

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар