Жай сандар, құрама сандар

19 ақпан 2016 - Гульшат Башимова

Сыныбы:5 «А»

Сабақтың тақырыбы:Жай сандар, құрама сандар

Сабақтың мақсаты:Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру.Жай сан мен құрама санды  ажыратуға үйрету. Жай сандар және құрама сандар  ережелерді пайдалана отырып  есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту. Бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Бағдаршам, интерактивті тақта, стикерлер.  Жай сандардың кестесін пайдалану.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ баяндау

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топтасу, жұптасу.  

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Сабаққа керекті құралдарды партаның үстіне қою

          Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Оқушыларды топқа бөлу. «Атом, молекула» деп аталады. Шарты: Окушылар араласып жүріп мұғалім белгілі бір санды айтқанда бірігу керек. Сол арқылы топқа бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1, 31, 25, 4, 14, 2, 11 берілген сандардың бөлгіштерін табу керек

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

1

31

25

4

14

2

11

1

1, 31

1, 5, 25

1, 2, 4

1, 2, 7, 14

1, 2

1, 11

1

2

3

3

4

2

2

     
     

 

Оқушыларға өз беттерімен жай және құрама сандарының анықтамасын тұжырымдап жазуға ұсыныс жасау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Жай сандар дегеніміз – 1 — ге және өзіне ғана бөлінетін санды айтамыз.

Құрама сандар дегеніміз – екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды айтады.

1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Кестедегі жай сандар қайсысы?  (31, 2, 11)

Құрама сандар қайсысы? (25,4, 14)

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайты. Мысалы, 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13 сандары егіз сандар.

Жұптасу арқылы«Сен маған, мен саған» оқушылар жай сандар кестесін пайдаланып, 1- ден 100-ге дейінгі егіз сандарды жазады: 17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43, 71 мен 73 сандары егіз сандар.

ІV. Есептер шығару арқылы жаңа сабақтың нәтижесін тексеру.

Жеке жұмыс жасау.Оқулықтағы №648, №649, №652 есептерді шығару.

          Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды

кемел сан деп атайды.

1)  1+2+3=6.  6 санының бөлінгіштері:  1,2,3.  

2) 28 – дің бөлгіштері: 1, 2, 4, 7, 14, 28.  1+2+4+7+14=28. 28 саны кемел сан.

3) 496 – ның бөлгіштері: 1, 2, 4, 8, 16, 31, 62, 124, 248, 496. 1+2+4+8+16+31+62+124+248=496. 496 саны кемел сан

Сергіту сәті:Мен тақ сандарды атағанда – сендер тұрасыңдар, ал жұп санды атағанда  отырасыңдар.

Топтасы арқылы«Ой қозғау»

1

20

38

3

47

19

8

34

14

37

4

27

32

2

21

5

26

33

41

29

15

9

31

49

7

39

28

40

30

23

6

16

24

41

22

44

42

11

43

17

35

36

12

25

48

16

45

А

18

 

 

Жай сандар кестесін пайдаланып  Асқардың лабиринттен шығу жолдарын сызып көрсетіңдер.

Асқар лабиринттің ішіндегі рет саны бір таңбалы ең үлкен сан болатын бөлмеде тұр. Ал лабиринттен шығу есігі А бөлмесінде. Асқар тұрған бөлмесінен сыртқа рет саны жай сандарға тең бөлмелер арқылы ғана шыға алады. Жай сандар болатын бөлмелердің есіктері бөлменің қабырғасында немесе бұрышында орналасқан. Асқардың сыртқа шығу жолын көрсетіңдер. Асқар №____ бөлмеде тұр. Ол сыртқа шығу үшін ______________________________  бөлмелерден өтеді.

Есептер жинағы №1.

114, 132, 438, 642, 408  сандарының 6 – ға бөлінетінін дәлелдеңдер.

Есептер жинағы №2.

150, 225, 465, 915, 705  сандарының 15 – ке бөлінетінін дәлелдеңдер.

Есептер жинағы №3.

585, 330, 135, 525, 810  сандарының 45 – ке бөлінетінін дәлелдеңдер.

V. Сабақты бекіту

Тест 
1. Қай сан жай сан болады? 
а) 13
    б) 24     в) 1 
2. Қай сан жай сан болмайды? 
а) 5
     б) 17     в) 1 
3. Қай сан құрама сан болады? 
а) 21
    б) 23     в) 1 
4. Қай сан құрама сан болмайды? 
а) 25
    б) 18     в) 1 
5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады 
а) жай сан     б) құрама сан        в) 1. 
6. 18 санының жай көбейткіштерге жіктелуі: 
а) 2∙2∙3
         б) 3∙3∙3                   в) 2∙2∙3∙1 

VІ. Үйге тапсырма беру

1) №655 есеп.

2) Эратосфен елегін пайдаланып 2-ден 50 –ге дейінгі жай сандар кестесін дайындау.

3) Туылған жылдар ішінен жай сандарды жазу.

 VІ. Оқушыларды бағалау.  

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062353

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар