Интелектуалды білім сайысы

29 қаңтар 2014 - Админ
Интелектуалды білім сайысы

 

               Атырау облысы

               Құрманғазы ауданы

               Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

                Қазиева  Танзиля Аккайыркызы

                Математика пән мұғалімі

                                   

   Интелектуалды білім сайысы

Мақсаты:Оқушылардың ой — өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Ұлы адамдардың сөздері, топтардың шығарған газеттері, тапсырмалар жазылған слайдтар.

Ұйымдастыру:Әділ-қазылар алқасын сайлау.

Сайыс шартымен таныстыру. Әр айналым сайын топтардың қорытындысын шығарып отыру қажет.

І айналым.

  Әр топқа сегіз сұрақтардан қойылады. Топтағы әрбір оқушы жауапты «иә» немесе «жоқ» деп тез жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.

І топ.

1. 0-мен аяқталатын сан 10 – ға бөлінеді. (иә)

2. 990 ең үлкен үш таңбалы сан (жоқ)

3. 64 екінің алтыншы дәрежесі (иә)

4.Іргелес жатқан катеттің гепотенузаға қатынасы бұрыш синусы болады (жоқ)

5. Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600болады (иә)

6. 7 –құрама сан (жоқ)

7. 0-ден кіші сандар оң сандар (жоқ)

8. Квадраттық функцияның графигі парабола (иә)

ІІ топ.

1.     5-пен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді (жоқ)

2.     99 ең кіші екі таңбалы сан (жоқ)

3.     81 саны үштің төртінші дәрежесі (иә)

4.     sin <img width=«16» height=«34» src=«file:///H:/WINDOWS/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif» v:shapes="_x0000_i1025" alt="" /> өрнегінің мәні <img width=«20» height=«27» src=«file:///H:/WINDOWS/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.gif» v:shapes="_x0000_i1026" alt="" /> ге тең. (жоқ)

5.     Кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1080 болады (иә)

6.     37 – құрама сан (жоқ)

7.     0 – ден кіші сандар теріс сандар (жоқ)

8.     Сызықтық функцияның графигі түзу (ия)

ІІ айналым.

Алдымен 50, 100, 150, 200 ұпайларын топтарга таратады. Топар осы ұпайларды қалаған біреуін таңдап стол шетіне қояды. Сұрақтарнөмірленген төртбұрыштарға жасырылған. Сұрақты кезекпен әр топқа мүшелерін таңдайды. Сұраққа жауап бере алмаса, таңдаған ұпайынан 20 ұпай шегеріліп, бір көмек беріледі.

1.9 санын 2-ні бес рет пайдаланып жаз.

Жауабы: <img width=«101» height=«24» src=«file:///H:/WINDOWS/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.gif» v:shapes="_x0000_i1027" alt="" /> (көмек амалдар)

2.3 — 2х (х2 — 4х + 3)+6х – 4 – ықшамда

Жауабы:2 — 4 (көмек: жақшаны аш)

3.Теңдеуді шешіңдер: 4х+5(3-2х)=5-11х

Жауабы:х=-2(көмек: ұқсас қосылғыштар)

4.мына формула бойынша <img width=«68» height=«24» src=«file:///H:/WINDOWS/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image010.gif» v:shapes="_x0000_i1028" alt="" />нені табуға болады?

Жауабы:трапецияның ауданы (көмек: табандары)

ІІІ айналым.

Ұпай таңдайды. Топтар кезекпен жауап береді. Алдымен екі тірек сөз беріледі. Егер сұраққа жауап бере алмаса, таңдаған ұпайларынан айырылады. Сол сұраққа екінші топ жауап берсе, шегерілген ұпайды сол топ еншілейді.

1.     Тірек сөздер:екі, пропорционал.

Сұрақ:Үшбұрыштар ұқсастығынаң екінші белгісі.

Жауап:Егер бір ұшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал және олардың арасындағы бұрыштары тең болса, онда мұндай үшбұрыштар ұқсас болады.

2.     Тірек сөздер:қиюшы, айқыш

   Сұрақ: Түзулердің паралельдігінің бірінші белгісі.

   Жауап: Егер екі түзуді қиюшы түзумен қиғанда пайда болаған айқыш бұрыштар тең болса, онда бұл түзулер паралель болады.

3.     Тірек сөздер:бұрыш, тең.

Сұрақ:Тең бүйірлі үшбұрыш

Жауап:Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.

4.     Тірек сөздер:көпмүше, сандар.

Сұрақ:квадраттық үшмүше анықтамасы.

Жауап:ах2+bx+с  түріндегі көпмүше квадраттық үшмүше деп аталады, х-айнымалы, а, b, с – сандар,

IV айналым.

Топ мүшелері қалаған ұпайларын жасырын түрде стол үстіне қояды. Топтарға сұрақ ортақ. Топ мүшелері өзара кеңесіп, жауапты қағазға жазады. Дұрыс жауап жазса, өздерінің жасырған ұпайы қосылады.

  Әріптердің орнын ауыстырып сөз құра және артық сөздің астын сызыңдар.

1. зүту                2. радкват              3. мектеп

  усәле                   бершең                   ретеома

  дісінке                пециятра                масиоак

  деутең                ромб                       дарсал

Жауабы:

1. түзу                2.квадрат              3.мектеп

   сәуле                 шеңбер                  теорема

    кесінді             трапеця                  аксиома

    теңдеу              ромб                        салдар

Сайыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология"Қызықты биология елінде!" сайыс сабақ

Орыс тіліШаңырақ сайысы

География«География әлемі» атты шоу сайыс сабағы

Физика«Физика біздеқонақта» Сайыс сабақ

Информатика«Зерде интелектуалды ойыны»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148644

Пікірлер (1)
Майра # 5 қаңтар 2015 в 20:37 0
Сыныптан тыс жұмыс түрінде жақсы құрылған, кейбір сұрақтарды ауыстырса да болады, 5-8 сыныптарға, көрнекілік жағы жетіспейтін сияқты 4-ші сұрақты түсінбедім, өйткені формулалар дұрыс жазылмаған

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар