Көпмүше және оларға амалдар қолдану

Пәні:алгебра

Класс: 7

Сабақтың тақырыбы:    Көпмүше және оларға амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Көпмүшелерге амалдар қолдана білу.

Міндеттер:

1.                  Көпмүшенің анықтамасын есептер шығаруда пайдалана білу;

2.                  Көпмүшеге байланысты есептерді шығара білуге дағдыландыру;

Математикалық тілде сауатты сөйлей

3.                  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ.

Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, салыстыру, сөздік,    жеке  ізденушілік, проблемалық.

Сабақ  өткізу формалары:  ұжымдық, жеке, жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.      

Қолданылған  көрнекіліктер және сабақ технологиясы:  кеспе қағаздар, плакаттар,  слайдтар, саралап оқыту, АКТ.       

Пәнаралық байланыс:психология, тарих,  информатика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

 -Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Біз қандай тарауды өтудеміз?

-Бірмүше мен көпмүше туралы білімдеріңді байқап көрейік.

 

Психологиялық дайындық.

Оқушылар  назарын сабаққа аудару.

 

Қызығушылық ояту сәті.

  1. Бір кісі үйге кірді, ол үйде шам мен керосин  лампысы тұр. Ол нені бірінші жағады?

Жауабы: шырпыны.

  1. Отбасында 4 ұл бала бар.Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар.Отбасында неше бала бар?

Жауабы: 5 бала.

 

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.

1.                  «Бірмүше» және «Көпмүше»  ұғымдарының арасында  қандай байланыс бар?

2.                  Көпмүшенің дәреже көрсеткіші қалай анықталады?

3.                 

Көпмүшелерді қосу, көбейту амалдары мен  жақшаны ашу  түрлендіруінің арасында  қандай байланыс бар?

№ 103     (3,4)

№ 104     (3,4)

Интерактивті тақтадан дұрыс жауаптары бойынша  өздері тексеру.

 

ІІІ. Есептер шығару.

 

№1. Жеке жұмыс.

Салыстыру әдісі.

-Мына берілген өрнектерді екі бағанға топтастырыңдар да қай мүшеге жататынын айтыңдар.

3х*(-2)у;   5ав;  2ах2+ву+7; х+7; 9хz; 4х2+3у+а; -7у; х+у+z;  6.

-Бірмүше мен көпмүшелер.

Бірмүшелер                 көпмүшелер

3ху(-2)у                        2ах2+ву+7

5ав;                                х+7

-7у                                  4х2+3у+а

6                                     х+у+z

9хz

 

№2.Жұптық жұмыс. Ізденушілік әдісі.

-Мына берілген өрнектерді ұқсас мүшелерді біріктіріп көпмүшенің дәрежесін анықта

2в-5ав2-ав-2а2в+10ав2

2в+5ав2-ав

 

 

 

Бұл көпмүшенің дәрежесі 3-ке тең

 

№3.

-Көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана отырып, берілген өрнектерді теңбе-тең түрлендіргендегі алынған өрнектердің сәйкестігін тап.

Сәйкестік тест

3(2ах+5у+7)                    5х2+15ху2

2а(4х+у)                          6ах+15у+21

5ху(х+3у)                        8ах+2ау

 

№4. Ұжымдық жұмыс.   Проблемалық әдіс.

-Бірмүшелерді көбейту алгоритмін жаса:

-3а2в4с2*6а3в2сd=-18а5в6c3d

Алгоритмі:

1. Коэффициенттері  көбейтіледі;

2. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады;

3. Көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол  қалпында  қалады;

4. Шыққан нәтижелер бір-біріне көбейтіледі.

 

Енді бірмүшені  көп мүшеге көбейту алгоритмін жасайық

6ав(2а-3в+4)=12а2в-18ав2+24ав

Алгоритмі

1. Бірмүше  көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіледі;

2. Шыққан көбейтінділер қосылады.

 

№5. Деңгейлік есептер шығару.

1 деңгей

№108                 

1)                 6х*(2х-1)-7х=12х2-6х-7х=12х2-13х;

2)                 2(5х-4у+1)-3(3х-3у-1) =10х-8у+2-9х+9у+3=х-8у+5;

3)                 а+в+с-(а-в-с) =а+в+с-а+в+с=2в+2с;

4)                 7(2а+5в)-5(3в-4а) =14а+35в-15в+20а=34а+20в.

 

№109 

(8х2+9у2+2ху-х)*(-5у) =  -40х2у-45у3-10ху2+5ху

2 деңгей

№116            

3 деңгей

№123

 

№6.Шығармашылық жұмыс.

 -Өздерің  бірмүше мен көпмүшені көбейтуге  өрнек құрастырып, жаңа мәліметті жобалаңдар.

-Жасалған жоба байынша қандай тұжырымдама жасар едіңдер?

-Бірмүшені  көпмүшеге көбейтудің  тірек сызбасы арқылы жобасын жаса

 

 
 

 

 

 

 

 

 


бірмүше

 

 

 

 

                        көпмүше            көпмүше 

IV. Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты?

-Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар?

 

-Қандай тапсырма сенің шығармашылығыңды дамытты?

-Іздену тапсырмалары ұнай ма?

-Мақсаттарға жеттік пе, текесеріп көрейік?

V.Үйге тапсырма. 1 деңгей №111,  2 деңгей №119,  3 деңгей №124.

VII. Бағалау. Сабаққа қатысулары бойынша бағаланады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129968

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар