Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері

Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары                          Бекітемін:________        

Мерзімі:   

12.01      

Пән мұғалімі

Жиемуратова Н

Пәні

Алгебра және анализ бастамалары

Сыныбы: 

11

Сабақ

№ 46          

Сабақтың тақырыбы:

Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйесімен танысып, көрсеткіштік теідеулер және олардың жүйесін шешудің тәсілдеріy меңгерту;

сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;
өз ойын еркін айтуға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын түсініп, шығарудың үш тәсілін үйренеді.

2. Оқушылар бірдей негізге келтіру тәсілі қай кезде қолданылатынын біледі.

3. Оқушылар жаңа айнымалыны енгізу тәсілін қолдану тиімділігін түсінеді.

4. Оқушылар графиктік тәсілді қай есепте қолдану керек екендігін ұғынады.

5. Алған білімдерін жүйелі түрде өз сөздерімен жеткізе  алады, есептер шығаруда пайдалана біледі.

Қолданылатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, ТДО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, басқару және көшбасшылық

Белсенді оқыту  әдістері:

АКТ, СТО: суретті  көрнекілік, топпен жұмыс

Дереккөздер:

11 сынып алгебра және анализ бастамалары  оқулығы, үлестірмелі материалдар.

Сабақ кезеңдері

               Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Қызығушылы

ғын  ояту

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2-мин

Миға шабуыл

5-мин

1-тапсырма

 

Мақсат қою:

2- мин

 -Сәлеметсіздерме! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы ма?

-«Көңіл-күй» стратегиясы. Бастаймыз.

Топ басшының бағалау парақтарын таратамын. 1-ден 5-ке дейін санау арқылы топқа бөлемін.

1. Көрсеткіш  функция деген не?

2. Көрсеткіш функцияның негізі рақылы осы функцияның қандай қасиеттері анықталады?

3. «Кез келген көрсеткіштік функцияның графигі (0; 1) нүктесі арқылы өтеді» деген тұжырым неге негізделген?      Мысал келтіріңдер

Енді біз осы білімдерімізді қолданып, бүгін осы тақырыпқа есеп шығару сабағын бастаймыз.

Амандасады.Сұрақтар

ға жауап береді.

 

 

 

 

Әр топ бір сұраққа жауап береді.

.

 

 

Өз пікірлерін, ойларын айтады.

Мағынаны тану

7-мин

2-тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Сергіту  сәті

2-мин

Оқулықпен жұмыс 16-мин

Анықтама: Айнымалысы дәреженің көрсеткішінде болатын теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп аталады.

Көрсеткіштік теңдеу екі тәсілмен шығарылады:

1) Бірдей негізге келтіру;

2) Жаңа айнымалы енгізу тәсілі.

Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін келесі алгоритам қолданылады:

1)      теңдеудің екі жақ бөлігін де бірдей негізгі келтіру;

2)      теңдеудің сол жақ бөлігіндегі дәреженің көрсеткішін оң жақ бөлігіндегі дәреже көрстекішіне теңестіріп, алгебралық теңдеу алу;

3)      шыққан теңдеуді шешу;

4)      табылған түбірлерді берілген теңдеуге қойып, тексеру;

5)      Берілген теңдеудің шешімін жазу,

Жаңа айнымалы енгізу тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін келесі алгоритам қолданылады:

1)      Айнымалыларды жаңа айнымалымен ауыстыру арқылы алгебралық теңдеу алу;

№197-199 есептің тақ нөмірлері

 

 

Логикалық тапсырма беріледі.

№200-202 есептің тақ нөмірлері

 

Оқушылар жаңа тақырыпты үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тобымен есептер орындайды.

 

Оқушылар орындайды

Әр оқушы жеке орындайды.

.

Ой толғаныс

Рефлексия

3-мин

 

 

Бағалау. Үйге  тапсырма 2-мин

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

 

Ал топ басшының бағалау бойынша айтады.

Үйге  тапсырма № 197-202 есептердің жұп нөмірлері

Мұғалім бағаларды өз бағасымен салыстыра отырып бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Алмаларға сабақты менгердім, қиналамын, менгерген жоқпын деп жазып жапсырады.

 

 

 

Бағалау парағын жинайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072421

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар