Квадрат теңдеу

Квадрат теңдеу

Квадрат теңдеу.

Тамаша Шәмелқызы

ҚОСҚАДАМОВА,

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

№1 орта мектебі» КММ,

ІІ санатты математика пәнінің мұғалімі.

Таран ауданы, Қостанай облысы.

Сабақтың мақсаты:

1.Квадрат теңдеу тақырыбынан алған білімдерін пысықтау, квадрат түбірлер туралы оқушылардың білімдерін тексеру;

2.Ой-өрісін дамыту, міндетті деңгейдегі есептерді шығару, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарынарттыру, ойын тиянақты айта білуге үйрету, шапшандылыққатәрбиелеу.

Сабақтың көрнектіліктері: карточкалар, постер, тақта, компьютер, тест.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу (оқушының психологиялық көңіл-күйін байқау). Сабаққа қатысуын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу(қар ұшқынында тапсырмалар жазылған (түстері бойынша-Пифагор, Фалес, Виет), ауызша жауабын айтады, топ басшылары тағайындалады, бағалау парағы үлестіріледі)

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушылар өздері мақсат қояды.

1.«Ойлан да тап» әріптерді дұрыс орналастырып математикалық терминнің атауын тауып жазыңдар: (дискриминант, толымсыз, келтірілген)

2. «Қызығушылығын арттыру». Оқушылар постер құрып, тақтада қорғайды.

1 топ: Квадрат теңдеу.

2 топ: Толымсыз квадрат теңдеу.

3 топ: Келтірілген квадрат теңдеу.

ІІІ.Өткенді бекіту:

1.

а) х2 + 3х – 19 =0 толымсыз

б) х2-7х+11=0 келтірілген

ә) 4х2+5х=0 толық

д) 2х2-5х+1=0 келтірілмеген

в) 8х2=0 толымсыз

г) 3х2-21х=0 келтірілген

ғ) 8х2-3х=0 толық

е) х2-25=0 толық

ж) х2-4х-45=0 толымсыз

з) 18-2х2=0 келтірілмеген

и) 4х2-28х+49=0 толық

к) 2х2-5х+3=0 толымсыз

«Сәйкестікті табу». Берілген теңдеулердің арасынан толық, келтірілген және толымсыз квадрат теңдеулерді сәйкестігін табу.

2.«Ой толғаныс». Әр топ карточкамен жұмыс жасайды.

1топ 2 топ 3 топ

ІV. Сергіту сәті.

V.«Топта талқылау». Дискриминантты табуды үйрену, топпен жұмыс, зерттеу жұмысын жүргізіп, есептер шығару, салыстыру, кестені толтыру.

Мысалы: теңдеуді шешу: 7x2 + 3x + 5 = 0,

а =7, b = 3, с = 5

D = b2 – 4ac = 32 – 4 ∙ 7 ∙ 5 = 9 — 140 = -131

D < 0, теңдеудің түбірі жоқ.

Жауабы: теңдеудің шешімі жоқ.

Квадраттық теңдеу

a

b

c

Түбірлер

саны

3x2+х-2=0

х2-х+2=0

2 — 7х – 4 = 0

VІ.«Өзіңді сынап көр». Компьютер арқылы тест тапсырмасын орындау, әр оқушыға 10 сұрақ.

VІІ.Рефлексия: «Синквейн» әдісі (әр топ өз бетімен жазады)

1.Теңдеу.

2.Толық, келтірілген.

3.Шешіледі немесе шешілмейді.

4.Жауабы дискриминанттың бар болуына байланысты.

5.Тепе-теңдік.

VІІІ.Қорытынды.Топ басшыларынан бағаларын сұрау.

ІХ.Үйге тапсырма: №124, 48 бет.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаКвадрат теңдеу түбірлеріне есептер шығару

МатематикаКвадрат теңдеулер және оның түбірлері.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103589

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар