МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

3 маусым 2015 - Лида Түсібекова
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА  АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ   ҚОЛДАНУ  ТИІМДІЛІГІ

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке өнегелі рухани борышқа толы. Мұғалімдердің мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейіне терең білім беру. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің негізгі міндеті. Математика – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқыту үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып математика сабақтарында ақпаратты технологияларды пайдаланудамын. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сабақты жаңаша әдіспен түсіндіру оқушылардың назарын аударады, жалпы математикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландырады. Қазіргі заманғы ақпараттық-технологияларды пайдалану – әрбір мұғалім мен оқушы өз білімін әрі қарай жетілдіру болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады. Олар – мақсаттылық компонентті модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль – жергілікті жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.

-Мазмұндық компоненті – гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер бағасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы, мәтіндерді қазақ, орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейнематериалдармен, медиаобъектілермен толықтырылған;

-Операциялық компоненті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

-Нәтижелік бақылау компоненті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық оқулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқытуды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу-материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әр оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар мен схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артқандығы байқалады. Электрондық оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай бергенде кейде қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соқтырады. Ал электрондық оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көптен-көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электрондық оқулықтың көмегімен оқыту үрдісінің әр тарапынан бақылай алады. Кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайды оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпарға сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың мотивациясын күшейтеді, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады, оқытудың дәстүрлі ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегін тигізеді.

Электрондық оқулықта берілген мәтіндік материалдар белгілі бір қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдерді құрайды. Сұхбаттар көлемі жағынан шағын және жеңіл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тілінде бір-біріне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретеді. Сонымен қатар берілген тақырып төңірегіндегі сөйлемдер мен әңгімелерді микрофонның көмегімен компьютерге басып, өздері тыңдап, өзін-өзі тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

Мысалға, электрондық оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтін берілген.

1.Осы мәтінді оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздіктерге көңіл аударады.

2.Жаңа сөздің аудармасын іздеп тауып алғаннан кейін, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.

3.Осы құрастырған сөйлемдерін қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.

4.Өздері ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.

5.Сұхбаттарды бірінші жақтан құрастырғаннан кейін, оны үшінші жаққа аударып айтып береді.

6.Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

7.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.

8.Сөйлемдегі жетпей тұрған сөзді табу арқылы сөйлемнің мағынасын түсінуін аңғартады.

9.Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.

10.Әңгімені қостай отырып, сол тақырып көлемінде сөйлесе алатындығын байқатады.

11.Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсінгендігін білгізеді.

12.Сөйтіп көптеген жаттығулар мен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмірінде осы тақырыпты қолдана отырып әңгіме құрастыруға дейін жетеді.

Білім беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түріндегі компьютерлік пакеттерді құру шарттарында ғана орындалуы мүмкін.

Электрондық оқулықтар оқушылардың:

-білім деңгейін тереңдетуге;

-ауызекі тілде сөйлей білу дағдаларын қалыптастыруға;

-өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;

-ойларын дамытуға;

-оқушылардың сөздік қорының молаюына;

-тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;

-сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдала алуына;

-өз ісіне талдау жасай алуға көптен-көп көмегін тигізеді.

Электрондық оқулық мынадай жағдайларда тиімді:

1)тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;

2)қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;

3)гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;

4)экранға мәтінді шығарып қана қоймай, сонымен бірге көмектеседі және үлгідегідей және т.б. – осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;

5)нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;

6)интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.

Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі:

1)бақылаушы программалар – кейбір істерді жоспарлау және орындау жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды көрсету;

2)оқыту программалары – оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;

3)үлгіленуші программалар – оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды беру;

4)жаттығу программалары – есепті шешудің техникалық дағдылануларын бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қамтамасыз етуі тиіс;

5)дидактикалық ойындар – ойын үрдістерін пайдаланып, оқушыға сұрақтарға жауап беру; гипермәтіндік жүйелер – негізінен мультимедиалық анықтамалардан тұрады, ақпаратты іздеу және жаңарту жүйесі жақсы дамыған.

Электрондық оқулықтың құндылығы, әрине оның тақырыптық мазмұнында, кейін сынақ, не емтихан тапсырылуы тиіс болса, онда бір материалды түрлі құрылымда беруге болады.

1.Мазмұндау – мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру. Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.

2.Схемокурс– оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсіруге септігін тигізеді.

3.Өзін-өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электрондық оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тіл үйренуші электрондық оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан тілді меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беру электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Әдебиеттер:

1.Математика және физика журналы. //-2010.-№5.-Б.20-21.

2.Ізтеміров К.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.//-2007.

3.Бейсенова.К.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.//Қазақстан мектебі.-2006.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103578

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар