«Аралым – айдын шалқарым» Сыныптан тыс жұмыс

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы

Тақырыбы:«Аралым – айдын шалқарым» .

Арал тенізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2 .

Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 % дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен.

Осындай факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
— жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
— ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
— суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
— жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.

«Арал теңізінің экологиясы» туралы слайдтар.

2-жүргізуші: Иә, облысымыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз ғой?

1-жүргізуші: Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Келесі кезекте, «Экология математикалық есептеулерде» деп аталады.

№ 1 есеп.

Қандай ел, тағамдар үшін пенопласттан жасалған қорапшаларды өңдеуін тоқтатып, табиғи заттармен ауыстыруды талап етті?

К. 4,8-3,21 И. 2,3·0,6 Т. 4,23·0,1 А. 2,5+9,34 Й. 57,5:2,3

1,59

1,38

0,423

11,84

25

К

И

Т

А

Й

№ 2 есеп

Мектепте бір күнде шамамен 2800 грамм қағаз қалады екен. Бір оқушы қанша грамм қағаз тастайды? Егер мектепте 700 оқушы және бір жылда 210 оқу күні болса бір жылда мектеп оқушылары қанша қағаз тастайды?

Егер 1 тонна тасталған қағаз 12-14 талды сақтап қалатын болса, біз қанша тал сақтап қала аламыз?

( 1. 1 оқушы 4 грамм қағаз тастайды.

2. 588000 г немесе 588 кг.

3. 6-7 тал сақтап қаламыз)

№ 3 есеп

Егер краннан су қарындаш қалындығындай болып ағатын болса, онда 1 минутта қанализацияға 3 л су босқа ағады екен. Егер оқушылар 10 минуттық үзілісте кранды ашық тастап кетсе, онда 3 краннан қанша литр су босқа ағып кетеді екен?

(90 л )

№ 4 есеп

Таза ауада өмір сүру үшін, қалада әр тұрғынға 25 м2 жасыл өсімдік болу керек екен. Қызылорда облысында тұрғындар саны 694 000 адам болса, жасыл өсімдіктің ауданы қандай болу керек?

(17 350 000 м2)

Ән «Теріскей» орындайтын 6 в сынып оқушысы Көмекбаева Камила

1-жүргізуші: «Білгенге – маржан» табиғаттың жаңашырларына сөз берейік. Ендігі кезекте экология мен табиғат туралы сұрақтар.

2-жүргізуші:

1. Экология сөзін қалай түсінесіздер?

Жауабы: Эко-үй, мекен; логос – ғылым. 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Тірі ағзалардың бір-бірімен қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы.

2. Жер ғаламшарының массасы қанша тонна?

Жауабы: 52 миллион тонна.

3. Күніне адам 1 кг ас пен 2 л су пайдаланады, сонда қанша кг ауа жұтады?

Жауабы: 12 кг.

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Ғаламшарды жақсарту үшін біздің қолымыздан не келеді? Ой-толғау. Мына гүлдің ішінен әр топ бір-бір сұрақтан алып жауап береді.

1.«Егер табиғатқа тіл бітсе...»жүректерінен шыққан шығармаларын айту.

1-оқушы: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол бізге былайша тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағымен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір таза ауаммен дем алдың. Жер Ана сені асырады, бақты, ұрпағың ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Бүгінгі күніме қарашы? Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін меннен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? – дейді табиғат.

2.«Егер мен суретші болсам...»

2-оқушы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім. Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғаттан ғажайып, одан сұлу, одан бай алуан түрлі жаратылған, оған тең келер еш нәрсе жоқ. Адам баласы табиғат құшағында тіршілік етіп, өмір сүреді. Жануарлар, өсімдіктер дүниесі судағы тіршілік жанды-жансыздардың бәрі адамзат тіршілігімен кіндіктес. Табиғаттың қилы сырлары, қойнауындағы бар байлығы адам игілігі, тіршілік үшін жаралған.

3.«Егер мен ақын болсам...»

3-оқушы: Егер мен ақын болсам, елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім. Табиғатқа байланысты өлең оқу.

Күн сәулесі төгілген әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік-биік шыңдарымда әдемі.

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі.

Асар салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендерде, дүниедегі ең әдемі!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152267

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар