Сыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

8 қаңтар 2015 - Майра Нурханова
Сыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

Брейн-ринг ойыны (Біліммен күш сынасу)

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, табандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Өз ойын толық айтуға, дәлелдеу алуға, мәселелерді шеше білуге бағыттау

Пәнаралық байланысы: Математика, физика, қазақ әдебиеті пәндері

Көрнекілігі: Слайд-көрме, ұлы математиктердің айтқан сөздері, Қазақстан математиктері туралы қабырға газеттері

«Адамның ақыл — ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді»

О.А. Жәутіков

Ойынның барысы:

І ринг –«Шынықтыру» — 5мин

ІІ ринг – Капитандар сайысы:

а)логикалық сұрақтар – 3мин

ә) Жұмбақтар шешу-2 мин

ІІІ ринг«Фигуралар» дәстүрлі емес тапсырмалар –координаталар жүйесін пайдалана отырып, шығаратын тапсырмалар- 5 мин

ІV ринг –«Білгірлер сайысы» математикаға байланысты сөздер мен сандарға қатысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.-5 мин

V ринг– Тапқырлық сайысы -10 мин

1 –жүргізуші:

Математика ғылымдар патшасы деп

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі күн бағдарлы жоспарында.

2 –жүргізуші:

Математика төрт амал негізінде,

Туындатқан талайдан келбетінде.

Жұмбақ әлем болғанымен, ей замандас,

Меңгерілер еңбек пен талап шеңберінде.

1 –жүргізуші:

Мақтануға математика лайықты да,

Шындыққа сәл көңіл бұрайық та.

Парақтаумен әр ғылым, әр пәнді

Байланысын ашық айтып тұрайық та.

2 –жүргізуші:

2014 келді төрімізге,

Жаңа ғасыр басталды елімізде.

Жаңа ғасыр, жаңа күн, жаңа бақыт,

Бәріміздің тек қана еншімізде.

1 –жүргізуші:

Болашақ білім-ғылым тұтқасында,

Мұны әр кез ой-санаға ұстасында

Заманның компьтердей кезеңінде,

Математика тағы тұр көш басында

Дей келіп математикалық ринг, яғни ортамызда «Барыс» және «Тұлпар» топтарының біліммен күш сынасуын бастайық.

1ринг Ойын шарты:

Топ кезектесіп сұрақ нөмірін таңдайды.Алғашқы жүрісті қосындыны дұрыс тапқан топ бастайды. Әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.Келесіде екінші топқа таңдау мүмкіндігі беріледі…

І ринг –«Шынықтыру» — 5мин

1.24 пен 42-нің қайсысының бөлгіштері көп?

2.Тәуліктің төрттен бір бөлігі?

3.0,5-ке кері сан неше?

4.Жай сандар кестесін жасаған математик?

5.Қай бөлшек артық: дұрыс бөлшек пе, бұрыс бөлшек пе?

6.Сағаттың үштен бірі неше минут болады?

7.Ромбының бір диагоналы оның қабырғасына тең. Ромб бұрыштары қаншаға тең?

8.Екі шеңбер жанасады.Олардың центрлерінің ара қашықтығы неге тең?

9.Сағатта қанша секунд бар?

10.0,2-ге кері сан неше?

11. Санның жүзден бір бөлігі?

12.Ондық жүйеде қандай цифрлар қолданылады?

Жауаптары:1)24; 2)6 сағ; 3)2; 4)Эротосфен; 5)бұрыс; 6)20 мин; 7)60;120; 8)радиустарының қосындысына; 9)3600 с; 10)5; 11)процент; 12)араб цифрлары.

1-жүргізуші:

Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын!

ІІ ринг – Капитандар сайысы

а)логикалық сұрақтар – 2мин

ә) Жұмбақтар шешу

1капитанға сұрақтар:

1.Сыбайлас бұрыштардың биссектрисаларының арасындағы бұрыш қандай бұрыш?

2.Натурал санның соңынан 3 ноль тіркеліп жазылды. Сан неше есе артты?

3.Квадраттың ауданы 81 см квадрат болса, оның периметрі?

4.2-ні нешеге бөлгенде 4 шығады?

5.Түзу бойымен бір-бірінен бірдей қашықтыққа 10 тал отырғызылған. Шеткі екі талдың арасы 90 м болса, екі талдың арасы неше метр?

6. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

7.Неліктен су отты сөндіреді?

2 капитанға қойылатын сұрақтар:

1.Нүктенің жазықтықтағы орны калай аталады?

2.Екіден артық бөлгіштері бар сандар?

3.Квадраттың периметрі 24 см болса, оның ауданы?

4.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ, оны шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел поездың түтінін қай жаққа айдап әкетті? (электр поезында түтін болмайды)

5.Аязды күні қармен жүргенде неге сықырлайды?

6.Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып сынады, қалыңы ма, жұқасы ма?

7.Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарының қосындысы неге тең?

Ә)Жұмбақтар

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәрінің де.

Енді солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық кезек сізде.

1.Жиырма төрт батыр, бірін-бірі жеп жатыр.

2.Өмірің сенің қызық, жолыңда жоқ түзу сызық.

Басыда жоқ, аяғы, бір айналым баяғы.

3.Оң сандарға қол шатырдай қалпақ болған беделі,

Квадраттасаң егер сен

Жоғалтасың мүлдем оны

4.Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те қаламыз.

5. Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға,

Мінгені бесеуінің жалғыз жорға.

6. Қос құлақта жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.

ІІІ ринг«Фигуралар»–координаталар жүйесін пайдалана отырып, шығаратын тапсырмалар

«Барыс» тобына тапсырма

Координата жазықтығына нүктелерді белгілеп, оларды кесінділермен қосу арқылы фигура салыңдар.Шыққан фигураның ауданын есептеңдер.

1)А(4;6), В(7;2), С(4;-2), D(1;2)

2)M(-9;-4), N(-9;1), F(-2;1), K(-2;-4)

3)E(0;-3),R(-3;-8),T(5;-8)

«Тұлпар» тобына тапсырма

Координата жазықтығына нүктелерді белгілеп, оларды кесінділермен қосу арқылы фигура салыңдар.Шыққан фигураның ауданын есептеңдер.

1)A(3;2), B(9;2), C(9;-4), D(3;-4)

2) E(-6;4), S(0;4), G(-2;-1), H(-8;-1)

3) X(-6;-6), Y(-3;-2), Z(0;-2), P(1;-6)

ІV ринг –Математикаға байланысты сөздер мен сандарға қатысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

2-жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр..» сайысы (Әр команда шапшаң жауап беруі керек.)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Әділқазы алқасынанұпай саны сұралады.
1-жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки,

жауабын мен білем деп-

келесі сайыс кезегі «Фигуралар»

V ринг –Тапқырлық сайысы

Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.

1.1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын Карл Фридрих Гаусс қалай тез есептеген?

2.1637 жылы француз ғалымы Рене Декарт координат әдісін ұсынды. Қазіргі уақытта театр мен Декартты қалай байланыстыра аламыз?

3. Қалаға 100 турист келді, олардың 10-ы немісше де, французша да білмейді. 75-і тек немісше, ал 83-і тек французша сөйлейді.Неше турист екі тілде де сөйлейді?

4.Квадрат пішінді бөлмеде 10 орындықты әр қабырғада орындықтар саны бірдей болатындай етіп қалай орналастыруға болады?

5.Мына мысалдарда үтірлер түсіп қалған, дұрыс теңдіктер шығу үшін үтірлерді қойып шығыңдар.

32+18 = 5

3+ 108 = 408

42 +17 = 212

736 — 336 = 4

63 — 27 = 603

57 — 4 = 17

6.Бес таңбалы 52*2* саны 36-ға бөлінеді. * орнына қандай цифрлар қою керектігін анықтаңдар. Есептің барлық шешімдерін көрсетіңдер.

7.Үшбұрыштың үш төбесіне 1,2,3 сандары қойылған. Қосындысында 17 болатындай тағы алты санды: 4,5,6,7,8,9 қалай қоюға болады?

8. Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52-ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?

9.Сіріңке шиінің ұзындығы 4,5 см.13 шиден метрді қалай құру керек?

10. 8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?

11. Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.

12.Күндізгі 12-де жаңбыр жауып тұр, ал 36 сағат өткенде күннің көзі жарқырап шығады деп тұжырымдауға бола ма?

Қорытынды. Топтарды марапаттау

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОйын-бала өмірінің маңызды бөлшегі (Семинар-практикум)

ҰстаздарғаСу әлеміне саяхат. (Шомылу маусымының ашылу салтанаты)

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

БастауышАЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072334

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар