«Байқоңыр – ғарыш кешені» Сыныптан тыс жұмыс

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы

«Байқоңыр – ғарыш кешені»

Қандай қиын күресте өткен күндерің

Тағдырыңның айлағы боп тұр жерің.

Туған үйің ғарыш қана шынайы

Ол – сенімен,

Сен онымен мәңгіліксін ұдайы

Әбунасыр әл-Фараби

Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді. Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептелінеді.Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырандары осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық оттек, сұйық азот өндіретін завод бар.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді.

Ол өзгерістер төмендегідей:1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды;2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалды;4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды. Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.

Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компоненті — сұйық күйіндегі оттек және сұйық күйіндегі сутек болады.ә) Өте улы зымыран отынның құрамында – “самин” және “меланж” болады. Сонымен қатар, гептил бар. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсемдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша улаңдырады, олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

2-жүргізуші: Ендігі кезек 6 «В» сыныбы – «Су» тобы.

«Сулы жер – нулы жер», «Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішесің » деген халық сөздеріндегі – сусыз өмір жоқ, суды пайдаланбай ешбір халық шаруашылығы алға баспайды. Сол себепті халық суды өмір нәрі, денсаулық кепілі деп санайды.

Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай-Ананы,

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.

Сонымен, су – табиғаттың жаны, қара жердің сәні.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083442

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар