Төртбұрыштар

6 қараша 2015 - Жанбауова Маруан

Тақырыбы: «Төртбұрыштар»

Сабақтың өту формасы: зачет

Сабақтың мақсаты:

1.Системаландыру, оқушылардың білімін тиянақтау; тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру.

2.Алдына қойған мақсатына жетуге ынталандыру; өз білімі мен жолдастарының білімдерін бағалауда әділ болуы.

3. Өз ісіне творчестволық ізденіспен қарауы.

Қолданылған көрнекіліктер: интерактив тақта; «төртбұрыштар» тірек таблица.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:
  2. «төртбұрыштар» тірек таблицасымен жұмыс.(анықтамаларын қайталау, ерекшеліктерін айтып кету)

Тікбұрышты Теңбүйірлі Шаршы Тіктөртбұрыш Ромб

трапеция трапеция

3. Зачет

Теориялық бөлімі: Бақылау сұрақтары.

Практикалық бөлім:

1 нұсқа.

1.Параллелограмның қабырғалары 4см және 6 см.

Кіші биіктігі 3см тең. Параллелограмның екінші

биіктігін есептеңдер.

2. Бір бұрышы 45° болатын тең бүйірлі трапецияның

үлкен табаны 70см, ал биіктігі 10см. Трапецияның

ауданын табыңдар.

2 нұсқа.

1. Параллелограмның үлкен қабырғасы 5см ал

биіктігі 2см және 2,5см. Параллелограмның

екінші қабырғасын есептеңдер.

2. Трапецияның 40см тең бүйір қабырғасы оның

үлкен табанымен 45° бұрыш жасайды. Трапеция

ның ауданын табыңдар, егер табандары 24см және

60 см болса.

3 нұсқа.

1. Әр қабырғасы 6см тең болатын параллелограм

ның ауданы 24см². Параллелограмның қарама-

қарсы қабырғаларының арақашықтығын тап.

2. Трапецияның 20см тең бүйір қабырғасы оның

кіші табанымен 150° бұрыш жасайды. Трапеция

ның ауданын табыңдар, егер табандары 12см және

30 см болса.

4 нұсқа.

1. Параллелограмның бір қабырғасы оған түсірілген

биіктіктен үш есе үлкен. Параллелограмның

ауданы 48см² болса, қабырғаларын табыңдар.

2. Трапецияның табандары 10см және 20см.

Трапецияның диагоналы гипотенузасы кіші

табаны болатын тікбұрышты теңбүйірлі

үшбұрыш құрайды. Трапецияның ауданын

табыңдар.

4. Сабақты қорытындылау.

Төртбұрыштар туралы иллюстрациялар.

Көңіл күй.

Үй тапсырмасы:: «Төртбұрыштар» тақырыбына

байланысты кесте құрастыру.

Ақтөбе облысы.

Темір ауданы

Ж.Кереев атындағы орта мектебі.

Математика пәнінің мұғалімі.

Жанбауова Маруан Сакенқызы.

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихАбылай хан

ТарихҚазақстанда жоғары білімнің және ғылымның дамуы

БиологияЖыныс генетикасы

Жаратылыстану бағытыАрифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115393

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар